Көмірсулар дегеніміз- құрамында көміртек, сутек, оттек атомдары кіретін, тағам құрамында болатын маңызды қосылыстар. Олардың адам организмі үшін маңызы зор.
ОЛардың атқаратын қызметтері:
Энергетикалық- 1 ГКӨМІРСУ ТОТЫҚҚАНДА 4,1 ККАЛ Н/Е 17,6 КДЖ ЭНЕРГИЯ БӨЛІНЕДІ.
ҚОРҒАНЫШТЫҚ- ИММУНОГЛОБУЛИНДЕР ЖАТАДЫ.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ- БҰЛ ҚЫЗМЕТІН ГЛЮКОЗАМИНГЛИКАНДАР МЕН ГЕТЕРОПОЛИСАХАРИДТЕР АТҚАРАДЫ.
ҚАН ҰЮҒА ҚАТЫСУ- МЫС: ГЕПАРИН
Көмірсулардың жіктелуі:
Моносахаридтер(альдолаза- оған глюкоза, галактоза, манноза кетоза- фруктоза жатады.)
Моносахаридтер- құрамындағы кқөміртек атомдарының саны 3,4, 5, 6 болып келетін гидролизге ұшырамайтын көмірсулар. Олардың құрамындағы функциональдық тобына байланысты: альдолаза(альдегид тобы болса), кетоза(кето тобы болатын болса) деп жіктейді. Альдолазаға- глюкоза, галактоза, манноза, кетозаға- фруктоза жатады.
Моносахаридтер- құрамындағы кқөміртек атомдарының саны 3,4, 5, 6 болып келетін гидролизге ұшырамайтын көмірсулар. Олардың құрамындағы функциональдық тобына байланысты: альдолаза(альдегид тобы болса), кетоза(кето тобы болатын болса) деп жіктейді. Альдолазаға- глюкоза, галактоза, манноза, кетозаға- фруктоза жатады.
Олигосахаридтер- құрамында моносахаридтердің қалдығы 2-10 ға дейін болатын көмірсулар. Олардың дисахаридтер, трисахаридтер деп бөлінеді. Дисахаридтерге сахароза, мальтоза, лактоза жатады. Дисахаридтерді суды қатысында гидролиздегенде олар екі молекула моносахаридтерге ыдырайды. Мыс: мальтоза- 2 молекула глюкозаға, лактоза- галактоза мен глюкозаға, сахароза- фруктоза мен глюкозаға ыдырайды.
Полисахаридтер- құрамындағы моносахаридтердіңғ қалдығы 100-1000 ға дейін және одан да көп болатын көмірсулар. Оларға гомо, гетерополисахаридтер жатады. Гомо түріне крахмал, целлюлоза, ал гетерополисахаридтерге- гиалурпон қышқылы, хондроитин сульфат, гепарин жатады.
Сахароза туралы түсінік.
Сахароза(альфа глюкопиранозил (1 2) бетта фруктофураноза)- дисахарид. Құрамында глюкоза мен фруктоза молекуласы болады. Екі молекула арасындағы байланыс былай жүзеге асады: глюкозаның 1-орнындағы альфа көміртек атомы мен фруктозаның 2-орнындағы бетта көміртегі байланысады.
Сахароза ең көп кездесетін жемістерге қант қызылшасы мен
Қант қамысы жатады.
Сахарозаның физиклық қасиеттері: суда еритін, түссіз, дәмсіз кристалл, балқу температурасы 160-180 градус, балқытылғаннан кейін аморфты массаны түзеді.
Химиялық қасиеті: күміс айна реакциясына қатыспайды, бірақ мыс гидроксидімен әрекеттесе алады, тұнба түзеді.
Қорытынды
Көмірсулар адам организмі үшін ең маңызды энергия көзі. Себебі моносахаридтердегі глюкоза адамның барлық тіндері үшін энергия көзі, оны қолдану арқылы организмнің тіршілік үдерістері қамтамасыз етіледі. ӘСІРЕСЕ ЕҢ КӨП ГЛЮКОЗА МӨЛШЕРІН ЖҮЙКЕ ТІНІ, БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ, ЖҮРЕК ҚОЛДАНАДЫ. Глюкоза артық мөлшерде болса ол гликоген тұрінде бауырда, бұлшықетте қор болып жиналады. Керек кезінде гликоген ыдырап, глюкозаға айналып, оның орнын толтырып отырады.
Сұрақтар
Көмірсулардың жіктелуі?
Тек қана сүтте кездесетін дисахарид?
Кразмалдың құрамына кіретін тармақталған ж/е тармақталған құрылымдардың аталуы?
Глюкозаның қандаңы қалыпты мөлшері қанша?
Гликогеннің ыдырауы, оның түзілуі қалай аталады?
Күміс айна н/е толленс реактивімен реакцияға түсетін көмірсу?
Крахмалдың иодпен әрекеттесіп қандай түсті түзеді?