Тақырыбы: Спандияр Көбеев.Орындалған арман. (Ыбырай туралы)
Мақсаты: Оқушыны Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» атты әңгімесінен үзіндіден Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыра отырып, Спандияр Көбеевтің мектепке алынуы жайлы мәліметпен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан). Олар қандай сұраққа жауап іздеді? Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді? Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан). Олар қандай сұраққа жауап іздеді? Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ыбырай Алтынсарин кім? (Ыбырай Алтынсарин – жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 – 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан. «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған). Өзің дүниеде жамандық неден деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
Спандияр Көбеев кім? (1878 – 1956, Қостанай облысында туған. Жазушы, ұстаз. «Үлгілі бала» атты кітабы бар.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мектеп табалдырығынан аттаған әрбір бала жатқа біледі. Ыбырай қазақ жерінде алғаш мектеп ашқан ағартушы-ұстаз екенін де жақсы білесіңдер. Спандияр Көбеев те Ыбырай Алтынсариннің көмегімен осы мектепке оқуға алынады. Сонда қуанған ол:
«Қуанғандығым сонша, алдымда тұрған дөңгелек қара сақалды дембелше келген адамды сүйіп алуға әзір едім», деп жазыпты. 2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Рөлмен, теріп оқу. Салмұғамбет болыстың сөзін тауып оқы. Әңгімеден бай мен кедейге байланысты айтылған сөздерді теріп жаз.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр? Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады? Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді? Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті? Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
ҮІІ. Қорыту. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы «Энциклопедиядан» немесе интернеттен деректер іздеп тап. Келесі сабаққа Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келіңдер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |