Тәуелсіз ел-Қазақстан
Тақырыбы: «Тәуелсіз ел-Қазақстан»
Мақсаты: Отан туралы алған білімдерін бекіту.
Білімділік мақсаты: мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту: Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Технолоиялық қамтамасыз ету: Слайд шоу: «Қазақстан рәміздері», Бейне көрініс: Астана қаласының көрікті жерлері, Мульти - анимациялық сергіту сәті: «Әли мен Айя».
Жүру барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар. Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған музыка сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, қараңдаршы, қаншама қонақтар келіп отыр. Сабағымыз ерекше өтуі үшін көңіл-күйіміз көтеріңкі болу керек. Ол үшін бір-біріміздің жүрегімізге жылылық ұялататын жылы сөздер айтайық.
Шаттық шеңбері.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме!- деп
Амандасып аламыз.
Біздің еліміз сендердей тамаша жас ұрпақтары бар бақытты ел. Сендер бақытты елдің бақытты ұландарысыңдар. Балалар біреу есік қағатын тәрізді тыңдайықшы. Ой балалар, бізге қонаққа «Балапан» телеарнасының кейіпкерлері Әли мен Айя келді. Ол сендердің дауыстарыңды естіп, сендермен танысып, біздің еліміз туралы тереңірек білгісі келеді екен. Ол сендерге бірнеше сұрақтар бергісі келеді. Сұрақтарына жауап береміз бе?
Әли:- Балалар сендер тұратын мемлекет қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
- Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Елбасы қандай адам болуы керек?
Балалар: Білімді, ақылды, іскер, жан - жақты, өз Отанын шексіз сүйетін адам болуы керек.
- Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран
- Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Астана
Мұғалім: Балалар сендердің сөздеріңді толықтырып кету үшін мен сендерге слайд дайындап әкелдім. Назарымызды экранға аударайық.
(«Қазақстан рәміздері» слайд-шоу.)
Балалар, Әли мен Айя сендермен бірге Әнұранды айтқысы келеді екен. Әнұранды қалай орындаймыз? Дұрыс айтасыңдар. Олай болса алдымен жаттығулар жасап алайық.
Тіл жаттығуы:
Біздің Әли өте көңілді бала. Ол үнемі күлімсіреп жүреді (улыбка). Бір күні ол ұйқысынан тұрып сағатқа қарады. Сағат «тик-так» деп соғып тұр екен (часики). Әли орнынан тұрып жаттығу жасады. Қолын жоғары-төмен көтеріп түсірді. Содан кейін тәтті тосапты жеп алып, Астананың көрікті жерлерін аралауға кетті (варенье). Забордан секіріп өтіп (заборчик), сырғанаққа келді (горка). ОЛ сол жерден көбелекті көріп қалды. Көбелек Әлидің мұрнына келіп қонды. Әли оны мұрнынан ұшырмақшы болды (лопата). Солай күні бойы көбелекпен ойнады. Кеш болды. Әли сырғанақтан өтіп (горка), забор арқылы (заборчик) үйіне келді. Кранды ашып судың дыбысын тыңдады. (с-с-с-). Тісін жуып (щетка), шырақты өшіріп (свеча), ұйықтады (лопата).
Жарайсыңдар, балалар. Тілімізге жаттығу жасап болдық, енді даусымызға жасайық.
Дауыс жаттығуы: «Му-му, бе-бе», «А-О-У-И-Е».
Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика ән ұраны.
Қазақстан республикасының Әнұранын видео-роликпен бірге орындайды.
Әли мен Айя: Қандай тамаша өнерлі, білгір балалар.
Мұғалім: Әли мен Айя сіздер біздің Қазақстан туралы тереңірек білгілерің келсе мына слайд шоуды тамашалаңыздар.
Слайд шоу: "Астананың көрікті жерлері"
Мұғалім: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кішкентайынан спортты, белсенді демалысты жақсы көрді, сол себепті республикадағы барлық тұрғындар спортпен айналысып, дені сау, бақытты, салауатты өмір сүргендерін армандайды. Біздің Елбасымыз кітап оқығанды өте жақсы көреді. Сондай - ақ ән айтқанды, домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады.
- Балалар, егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл болды.
Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.
Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.
Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.
Балалар, біз бүгін Отанымыз туралы біраз әңгімелер айттық. Олай болса біз бүгін «Отан» деген жаңа ән үйренеміз. Алдымен мен сендерге орындап берейін. Сендер мұқият тыңдаңдар.
Отан
1.Отан менің –ата-анам,
Отан –досым, бауырым.
Отан –өлкем, Астанам,
Отан –туған ауылым.
2. Отан –тарих, Отан –тіл,
Жасаған елім, өз халқым.
Отан –өлең, Отан –жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
(Ән туралы сұрақ-жауап. Әннің алғашқы шумағын жаттап, әуенімен қосылып айту.)
Жақсы, балалар, сендер шаршап қалдыңдар ма? Әли мен Айя бізге сергіту жаттығуын алып келіпті. Біз бірге орындайық.
Сергіту сәті: Әли мен Айяның мульти - анимациялық сергіту сәті музыкасына қимыл қозғалыс жасату.
Балалар, қазір біз «Ойлан, тап» ойынын ойнайық. Ойынның шарты: Қалтадан бір асықты аламыз, асықтың нөмірі бойынша жасырылған сұрақтарға жауап береміз.
Біздің елбасымыз кім?
Біздің туымыздың түсі қандай?
Әнұранды айтқанда қалай тұрамыз?
Тәуелсіздікке неше жыл?
Біздің бас қаламыз?.
Мына суретте қандай әсем жеріміз бейнеленген?
Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сабақ ұнады ма? Әли сендерге тосын дайындап келіпті. Әдемі сыйлығы және әсем әні бар екен. Бәріміз тыңдайық.
( Оқу қызметінің соңында балалар «Тәуелсіздік» әнін тыңдайды.)
Бүгінде тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына алдымыздағы бүлдіршіндер - сендерсіңдер.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
«Карғалы ауданындағы психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті» КММ
Ашық сабақ
ТАҚЫРЫБЫ:
Өткізген музыка жетекшісі: Т.Балтабаев Желтоқсан, 2016 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |