Тақырыбы: Ән-күй (музыка ) сабағы
Мақсаты: а)Тақырып бойынша берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
Сөйлем құрауға, ән айтуға үйрету.
ә) Оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
б) Оқушылардың ән-күй сабағына, ән айту өнеріне деген қызығушылығын
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі,әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, домбыра, ұлттық аспаптардың түрлері ,
үнтаспа, слайдтар, М.Мақатаевтың және Н.Тілендиевтің
портреттері.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың қарым-қатынасқа психологиялық дайындау
Сәлемдесу ,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Тіл дамыту минутын өткізу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы анықтау.
Сұрақ-жауап әдісімен «Пәндер » мәтінінің мазмұнын әңгімелеу
Нұрлан мен Гүлнәр нешінші сыныпта оқиды?
Олар математика сабағында не істейді?
Бейнелеу өнері сабағында не істейді?
Музыка сабағында не істейді?
Қазақ тілі сабағында не істейді?
3. Ойын түрінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгергенін тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Тақырыпты хабарлап айтып, мақсатымен таныстыру ,тақтаға жазу
- Қызығушылығын ояту.
- Балалар музыканың қандай түрлерін білеміз?
- көңілді , марш, мұңлы
- Осы музыканы бізге не жеткізеді ?
- Музыкалық аспаптар.
- Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?(музыкалық аспаптарды көрсету.)
-Осы музыкалық аспаптардың ең танымалы қай аспап?
- Домбыра
Олай болса,балалар бүгін маған сабақ жүргізуге қасиетті домбыра көмектеседі.Бұл домбыра жай домбыра емес,сиқырлы домбыра. Бұл домбыра дұрыс жауап естісе өзінен -өзі музыка тартады.
2.Оқулықпен жұмыс :
- Сөздік жұмысын жүргізу (жаңа сөздермен таныстыру, сөздік дәптеріне жаздыру)
3. Дәптермен жұмыс
- Жаңа сөздермен сөйлем құрау,оны жұмыс дәптеріне жаздыру
- 1-жаттығу сөздерді оқу, аудару ,қайталау
- 2 –жаттығу мәтінді оқу , орыс тіліне аудару.
- 3-жаттығу Суретпен жұмыс ұйымдастыру ,сөйлем құрау,әңгімелеу
4. - Ал енді бүгін біз сендермен ән үйренеміз .
Әннің аты «Құттықтаймын ,мама ,туған күніңмен!».
Сөзін жазған :М.Мақатаев, Әнін жазған : Н. Тілендиев
Өлеңді оқып ,аудару мазмұнын түсіндіру
Өлеңді әнімен орындау
Сабақты бекіту
Бүгін қай тақырыппен таныстық ?
Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар?
Қандай жаңа ән үйрендіңдер?
Бүгін сабақ жүргізуге қандай аспап көмектесті?
Үйге тапсырма:
15 бет жаңа сөздерді ,17 бет 6-жаттығу өлеңді жаттау.
7. Оқушылардың жауабын бағалау.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
№ 118 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: ӘН-КҮЙ (МУЗЫКА ) САБАҒЫ
2 «В» сыныбы
Өткізілетін күні :
26 қыркүйек , 1 сабақ
Өткізетін мұғалім:
Мендыбаева Н.А.
2013 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |