Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім



бет1/4
Дата13.03.2023
өлшемі22,43 Kb.
#172136
  1   2   3   4

Күні: 11.12.2018 ж
Тақырыбы: Тәуелсіздік - тірегім
Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, тақырып, шарлар .
Жүрісі:
Құрметті: Ата аналар, ұстаздар, оқушылар!
Тәуелсіздік мерекесіне арналған 2 ә сынып оқушыларының «Тәуелсіздік- тірегім» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Барлығыңызды келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен 2 ә сынып ұжымы атынан құттықтаймын.

Мұғалім сөзі
1986жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқа қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Іңкәр: Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Шұғыла: Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.


Нұркен: Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.


Іңкәр: Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарың
Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн? 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет