Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Анатомия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Тірек – қимыл жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
Орындаған:Мусирепова З.А
319-топ ЖМФ
Қабылдаған: Қайырбекова Қ.Қ
Қарағанды 2011ж
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Сүйек туралы ілім. Остеология
Сүйектің дамуы
Тірек-қимыл жүйесінің дамуы
Буын,сүйек, бұлшықет тіндерінің ерекшеліктері.
Тірек-қимыл жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері.
Балалардағы ерекшеліктері
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Адамның тірек-қимыл жүйесін сүйек тіні,бұлшықет ұлпасы,байламдар,буындар,буын капсуласы шеміршек тіні құрайды.Тірек қимыл жүйесі адамның кеңістіктегі қимыл қозғалысын реттеуге қатысады,сонымен қатар механикалық,қорғаныш қызметтерін атқарады.
Сүйек туралы ілім. Остеология
Қаңқа – механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тканьдерінің көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады.