Тақырыбы: Зат есім. Жалқы және жалпы зат есімдер



Дата08.10.2022
өлшемі14,3 Kb.
#152202
Байланысты:
Осөж 5. Салыстырмалы грамматика
бож 2, Аттестация 21.06.2021, 5 КТЖ 22-23 күнімен, хромос


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Баяндама


ОСӨЖ 5


Тақырыбы: Зат есім. Жалқы және жалпы зат есімдер.


Тексерген: Есенова Г. С. гум.ғыл.магистрі, аға оқытушы
Орындаған: Қадырбек Меруерт


Ақтөбе 2022ж


Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан- жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.
Зат есімнің семантикалық жіктемесі (Семантические признаки существительного)
I. Мағынасына қарай (По значению):
1. Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.
Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.
2. Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.
Мысалы:
1. Кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)
2. Үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)
3. Өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)
4. Газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттар ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)
5. Географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)
6. Қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т.
7. Тағы басқа жалқы атаулар жатады.
Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады. Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар
II. Тұлғасына қарай (По способу образования):

  1. Негізгі (Непроизводные)

  2. 2. Туынды (Производные)

Негізгі зат есім бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім. Мысалы: у, ат, ант Туынды зат есім - зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім. Мысалы:достық, боран, тарсыл.
III. Құрамына қарай (По составу):
1. Дара / жалаң/ (Простые) 2. Күрделі (Сложные)
Дара/жалаң/ зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз. Мысалы: ел, бала, қала, кітап т.б.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз. Мысалы: елші, білім, аштық, кітапша т.б.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
1. Біріккен зат есімдер
2. Қосарлаған зат есімдер (парные)
3. Тіркес (құрама) зат есімдер (словосочетания)
(сращенно-слитные)
4. Қысқарған зат есімдер
(сложносокращенные)
Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: қолжазба ( қол-рука , жазба-писменный), қолбасы, қолқанат, қолшатыр т. б.
Қосарланған зат есімдерге екі түбір морфемадан қосарланып жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: әке-шеше (отец-мать=родители) , ақыл-айла, ас-су, ата-ана, бала- шаға, әл-қуат, ел-жұрт, жауын-шашын, ой-пікір, ұрыс-керіс, т. б.
Тіркес (құрама) зат есімдерге кемінде екі я онан астам түбір сөздерден әр қилы жолмен тіркесу арқылы жасалған зат есімдер жатады.
Мысалы: ауыл шаруашылығы (сельское хозяйство), балалар бақшасы, кәсіп одағы, күн тәртібі, қоғамдық еңбек, сары май т. б.
Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдер жатады. Мысалы: ҚР, БҰҰ, ҚазМҰУ, пединститут, см, мм, га, Кб, Мб т. б.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет