Тақырып : Ес Сұрақтар және тапсырмалар 1.Психикалық үрдіс ретінде естің сипаттамасы.
2.Естің түрлері, теориялары.
3. Естің жеке-типологиялық ерекшеліктері.
4. Естің қызметі.
Ес — адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесініңнегізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі: