Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Естің түрлері. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болатындықтан, оның түрлерімен мен көріністері де әрқилы. Естің бөліну адамның түрлі әрекет ерекшелеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процесімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамға есту есі мен көру есі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді. Іс әрекет сипатарына орай, ес мынандай үш түрге негізделіпр бөлінеді:
Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалық);
Іс-әрекетінің мақсат сипатына қарай: ерікті еріксіз ес.
Адамның матиралды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай-ақ оперативті ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап-мнемомерт арқылы өлшенеді.
Қимыл-қозғалысесі дегеніміз-ойын, спорт, еңбек, оқу әрекетіне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып. Оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастап кешірген түрлі сезімдер мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғынан алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырыпқайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі көрнекілік ес,- көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып табөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есебіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемшіліктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдарда кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіркішке күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қортындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп атауы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде бізө сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесініңқызметі басым болса, сөздік –мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайлы есте сақтаулогикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалын есте сақтауда жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүдесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.