Сабақ Тақырыбы: М. Жұмабаев



Дата18.03.2017
өлшемі50,31 Kb.
#11869
түріСабақ
«Абай атындағы қазақ орта мектебі» КММ

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі

Өткізген: Сулейменова Шынар Толеугалиевна

Шелек ауылы 2016 жыл



8 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Түркістан”өлеңі.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: М. Жұмабаевтың өмірі туралы білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.
ә) Дамытушылық: Өлең жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, ойланып тиянақты жауап беруге дағдыландыру, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;
б) Тәрбиелілік: Шығарманы оқыту арқылы өз елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Сабақты бекіту
Қорыту
Үйге тапсырма беру
Бағалау

Психологиялық дайындық.
Көзді жұмып жақсы нәрселер ойлаңыздар. Өздеріңізге және бір - бірлеріңізге сәттілік және жақсы көңіл - күй тілеңіздер. Көздеріңізді ашып, бір - бірлеріңізге күле қараңыздар.

Үй тапсырмасын сұрау
Мағжан Жұмабаев – (1893 - 1938)
қазақтың бес арысының бірі,
халқымыздың от жалынды, зор талантты ақыны.

Сөзжұмбақ шешу
Мағжан Жұмабаевтың “Түркістан” өлеңі
Түркістан – екі дүние есігі ғой.
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой...

Түсіндірме сөздік
Екі дүние есігі - осы дүние мен о дүниенің түйіскен жері, қасиетті жер деген мағынада
Несібі – байлығы
Тұран – түркілердің астанасы
Алаш – қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түрік - мен, әзірбайжан, татар, т. б.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – орта ғасырлық сәулет өнерінің үздік асылы болып табылады.
Бұл теңдессіз сарайлар кешені 30 әр түрлі бөлмелер мен залдардан тұрады. Негізгі күмбездің сыртқы диаметрі – 40 м жоғары, дөңгелек – 130 м, мұнараның биіктігі – 12 м.

Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Тайқазанның салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр.

Абылай хан, Әбілмансұр (1711 - 1781) – қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат.

Бұл Тұран – ежелден - ақ
алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған
алаш шері.
Тұранның топырағында
тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны –
Абылай ері...

(1445 - 1518 )
Қасым хан мен Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы.
Арыстан елге Отан
болған Тұран,
Тұранда қазағым да
хандық құрған.
Қазақтың қасқа жолды
Қасым ханы
Тұранның талай жерін
билеп тұрған.

Кесте толтыру
Жылдар Болған оқиға
25 маусым. Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы "Молодежный" кеңшарының аумағы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келді
1905 - 1910 ж. Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегішевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.

Бес жолды өлең
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Синоним

Тест
Мағжан Жұмабаев нешінші жылы туды?
а) 1858 - 1931
б) 1893 - 1938
в) 1845 - 1904
2. М. Жұмабаев нешінші жылы мұғалімдер семинариясына түсті?
а) 1916
б) 1913
в) 1915
3. М. Жұмабаевтың әкесінің аты кім?
а) Абай
б) Бекен
в) Сүйінбай
4. Қай өлең Мағжан Жұмабаевтікі?
а) сұраншы батыр
б) Түркістан
в) жанас ақыға
5. М. Жұмабаев нешінші жылы қайтыс болды?
а) 1937
б) 1939
в) 1938

Үйге тапсырма: “Түркістан”
Өлеңінен үзінді жаттау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет