Тақырып 10. Жоғары сатыдағылар және ашықтұқымдастар. Мүктер және плаундар
Бақылау сұрақтары
1. Мүктің гаметофитінің құрылысы.
2.Көкек мүгінің гемотофитінің және спорофитінің құрылысы
3. Дала қырықбуынының спорофитінің құрылысы.
4. Дала қырықбуынының гаметофитінің құрылысы.
5. Еркек усасыр спорофитінің құрылысы.
6. Еркек усасыр гаметофитінің құрылысы.
7.Түйреуіш плауны спорофитінің құрылысы.
8.Түйреуіш плауны гаметофитінің құрылысы.
9. Бөлімдер мен тұқымдастардың латынша атаулары.
1. М
үктәрізділер сырт құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын.
Балдырлар секілді, оларды
ң да сосудтары мен тамырлары болмайды.Кейбір
қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиялы
б
ұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады. Ұрықтануы сумен
тікелей байланысты. Балдырлар секілді м
үк тәрізділердің ішінде де ағаштанған
формалары болмайды.
Таралуы. М
үк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі,бірақ
таралуы біркелкі емес. Тропикалы
қ елдерде олар негізінен таулы жерлерде өседі.
Азда
ған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда
кездеседі. Кейбір т
үрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір
с
үреді. Түрлерінің басым көпшілігі Солтүстік ендіктің қоңыржай және суық
климатты облыстарыны
ң ылғалы мол жерлерде өседі. Мүк тәрізділердің
тундраны
ң, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының
қалыптасуында алатын орны ерекше.
2. Көкек мүгі "жасыл мүк" деп те аталады. Көкек мүк жапырағы, сабағы бар мүктер
тобына жатқызылады. Себебі көкек мүгінің сабағы мен жапырағы болады. Жасыл
мүк топырақтың бетін тұтастай жауып жатқандықтан,басқа мүктерді ығыстырады.
Бойна ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманның батпаққа айналуына көмектеседі.
Жасыл мүк екіүйлі өсімдік. Аталық өсімдік көпжылдық, ал аналық өсімдік
біржылдық болып келеді. Жасыл мүктің биіктігі 40см. Сабағында бұтақтанбайды.
Сабағына тірек ұлпасы болады. Сабақтың ортасында қарапайым өткізгіш шоқ
орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді.
Жасыл мүктер басқа жасыл өсімдіктер секілді ағзалық зат түзіп, қоректенеді.
Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда еріген минералды заттарды
сіңіреді. Жапырақ жасушаларында хлорофилл дәндері бар. Жапырақтар арқылы
ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Соның нәтижесінде олардың
хлоропластарында фотосинтез үдерісі жүріп, ағзалық зат түзіледі. Жасыл мүк
жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Біріншісі жыныс жасушалары
арқылы көбею, екіншісі спора арқылы көбею.
3. Қырықбуындардың қазіргі кезде кең таралған өкілдерінің бірі дала қырықбуыны (хвощ
полевой). Бұл көпжылдық шөптесін өсімдік. Арам шөп ретінде егістікте және тыңайған
жерлерде (залеждерде) өседі. Оның 1метр тереңдікке дейін топыраққа еніп жататын жер
асты бөлігі – тамырсабағы болады. Тамырсабақтың буындарында жапырақта қынапшасы
(влагалищесі) топтасып орналасады. Сонымен қатар осы буыннан төмен қарай қосалқы
тамырлары (придоточные корни) кетеді. Тамырының анатомиялық құрылысы алғашқы
қалпында сақталады, ал қабығында үлкен ауа қуыстары болады. Жер бетіндегі сабақтары
екі түрлі болады : ерте көктемде пайда болатын, спора түзетін және кейіндеу (жазда)
пайда болып, күздің соңына дейін өсуін тоқтатпайтын спора түзбейтін сабақ.
Қырықбуынның басқа түрлерінің жер бетіндегі сабақтары бірдей болады. Спора түзбейтін
сабақтары (стерильный побег) әдетте топтасып бұтақтанады. Олардың түсі жасыл және
қырлы болып келеді, буындарында түтікке (трубкаға) біріккен қара түсті жапырақтың
қынапшалары (влагалищелері) орналасады. Олардың тіс – тіс болып иректелген
ұштарында ақ түсті жолағы (белые кайма) болады. Иректелген тістері редукцияға
ұшыраған жапырақ тақталары болып саналады. Жапырақтарының редукцияға ұшырауына
байланысты фотосинтез процессі жасыл түсті сабақтарында жүреді.
5,6 Усасыр(лат. Дрёптеріс філіх-мас) - папортник тұқымдасына жататын көп
жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Павлодар, Атырау,
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Талдықорған, Алматы облыстарына тараған.
Қылқан жапырақты және аралас ормандарда, тауда, жартас арасында, тастақты
жерлерде кездеседі. Спорасы тамызда және қыркүйекте пайда болады. Биіктігі 30-
150 см. Көген тамыры жуан, құрамында антгельминтик ретінде пайдаланылатын
алкалиод-фильмарин бар. Жапырағы ірі, сопақтау болып келген, қауырсын
тәрізденіп екі рет тілімденген. Дәрілік, улы, әсемдік өсімдік
7,8
Плаунтәріздестер ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі кездегі өкілдері -
көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Жойылып кеткен түрлерінің ішінде
ағаштары да кездескен. Оның айырлана тармақталган майысқақ сабағы жерге
төселе өседі. Топыраққа таралған тамыры өсімдіктің жер бетіндегі сабағын жоғары
көтереді. Сабағы және оның тармақтары өте ұсақ, үшкір жапырақтармен тығыз
қапталған. Бұл жапырақтар өсімдік сабағын жер бетімен жайлап бір орыннан
екінші орынға жылжытады (жылыстатады). Сондықтан, бұл плаунды
жылысқы деген жөн деп есептейміз (орысша «плаун, плывун» - жүзу, жүзіп жүргіш,
жылжымалы). Қазіргі кезде жылысқының 200-500 түрі белгілі. Плаунтәріздестер -
тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең
тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі. Төселіп
өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай
қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін
өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетін масақтары
дамиды. Плаун сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа
өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың
сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып
жатады.