Тақырып: Қаржы жүйесі және оның құрылымы Жоспар: 1. Қаржының мәні 2. Қаржының құрылымы 3. Мемлекеттік бюджет 1. Қаржының мәні Қаржы (фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы процесін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы процес барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату процесіне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді. Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы процстерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.
2. Қаржының құрылымы
Қаржы - бұл мемлекет занды және жеке тұлғалардың арасында ақша құралдары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын экономикалық катынастар жүйесі. Қаржы ақша кұралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау және ЖҰӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің экономикалық құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық.
Қаржының бөлу кызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардын табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымнын дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қаржының ынталандырушы кызметі: салық ставкаларын, жеңілдіктерді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын шешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техниқалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады.
Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталыктандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды.
Ұлттық экономика шеңберіндегі каржы катынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтандырылған, орталыктандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан қалыптасады.
Орталықтандырылған қаржылар - ол мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы бюджеттік қорлар. Олар ұлттық экономиканы жалиы реттеудің, маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудің құралдары ретінде пайдаланылады.
Орталықтандырылмаған қаржылар әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен фирмалардың каржылары. Бұл заңды тұлғалар арасындағы, занды тұлгалар мен мемлекет арасындағы және заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы каржы катынастары. Кәсіпорындар мен салалар қаржылары қаржы жүйесінің негізін кұрайды. Мұнда қаржы ресурстарының маңызды бөлігі калыптасады. Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың қаржы жағдайынан елдің жалпы қаржы жағдайы тәуелді болады.
3.Мемлекеттікбюджет
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттік қаржылардың маңызды бөлігі. Ол арқылы Ж¥Ө салалар мен территориялар арасында бөлініп, қайта бөлінеді. Бюджет - ол табыстар мен шығындардын баламсы. Ұлттық экономиканың дамуында бюджеттің ролі тарихи дамудың әртүрлі дендерінде бірдей емес. Оның екі кезеңін накты атап көрсетуге болады. Классикалық капитализм дәуірінде мемлекет шаруашылык іс-әрекетке белсенді араласпады. XX ғасырдын екінші жартысынан бастап бюджет макроэкономиканың куатты реттеушісіне айналды. Салықтар мен мемлекеттік шығындардың басым бөлігі жұмыспен камту мен экономикалық өсуді қамтамасыз етуде бюджеттің алдынғы қатарлы роль ойнауына мүмкіндік береді. Бюджет қоғамдық ұдайы өндіріс пен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал өтудің маңызды тетігі. Мемлекеттік шығындар мен салық салу деңгейін өзгерту жолымен үкімет жиынтық сұраныс көлемін реттей отырып, экономикалық коньюктураның қысқа мерзімді ауытқуларына ыкпал ете алады.
Сонымен бюджет - бұл мемлекеттін қаржы жоспары, мемлекеттің шығындары мен табыстарының балансы.
Қандай да бір елдің бюджеттік жүйесінің құрылымы ең алдымен оның мемлекеттік құрылысына тәуелді. Унитарлык мемлекеттерде бюджеттік жүйе мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеральды мемлекеттерде аралық бөліктер - штаттар мен федерация субъектілерінің бюджеттерінен тұрады. Бюджеттік жүйе арқылы бюджеттің бөлу және бақылау қызметтері жузегеасырылады.
Бөлу қызметі мемлекеттік максаттар мен кызметтерді орындау ушін түсімдердін әртүрлі каналдары және олардың қолданылуы арқылы мемлекетте ақшалай кұралдардың шоғырлануын көздейді. Кейбір елдерде бұл қызметгі өзінің аймақтық органдары арқылы мемлекеттік қазынашылык органы атқарады.
Бақылау қызметі экономиканың әртурлі құрылымдық звеноларында акшалай құралдарды қалыптастыру мен пайдалану процестерін бакылау шараларын жургізуден көрінеді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттік аппаратты ұстау, қорғаныс, денсаулык сактау, білім, әлеуметгік жәрдемакылар төлеу үшін ақшалай ресурстардың орталықтандырылған қорын кұрады. Бюджет шаруашылық коньюнктурага ықпал ете отырып, экономиканы мемлексттік реттеудін, оны тұрақтандыру бойынша шараларды жүзеге асырудын куатты тетігі болып табылады. Мемлекеттің экономикаға ықпал етуі каржыландыру, субсидия беру, трансферттер аркылы жүргізіледі. Экономикалық құжат ретінде бюджет коғамның саяси және әлеуметтік динамикасын көрсетеді. Мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджетін ғана емес, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттердін жиынтығын көрсетеді. Бюджетке сондай-ақ әртүрлі бюджеттік емес корлар немесс мақсатты бағыты бар акшалай қаржылар жатады. Өзінін сандық құрамы бойынша олар әркашан бюджет кұрамына қосыла бермейді. Бірақ пайдалану және бөлу принципі бойынша олар мемлекеттік бюджеттік шығындар үрдісіне теңестіріледі. Олар белгілі бір мақсатты қорларға шоғырландырылыл, орталық және жергілікті билік органдарының басқарылуында болады. Бұл зейнетакы қорлары және басқа да арнайы салықтар, қарыздар, бюджеттік субсидия есебінен құрылатын қорлар.
Мемлекеттік шығындар мен салыктармен байланысты реттеу жүйесі - фискалдық саясат деп аталады. Мемлекеттік шығындар - мемлекетті қаржыландыруға кететін шығындар, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жатады. Бұл сатып алулар әртүрлі болуы мүмкін; бюджет ессбінен жолдар, мектептер, медициналық кұрылымдар құрылысы, ауыл шаруашылық қорғаныс техникаларын сатып алу және т.б. Бұл жағдайда тұғынушы - мемлекет болады. Сондықтан да бұлар не өз тұтынуы үшін, не өндіріс факторлары, қызметтер мен игіліктер нарығында сұранысты реттеу үшінжүзегеасырылады.
Сабақтың бекіту сұрақттары:
1. Қаржы жүйесінің мәні
2. Қаржының құрылымы
3. Экономикада қаржының атқаратын қызметі
4. Мемлекеттік бюджеттің қажеттілігі