Тақырып. Демодуляция және декодтау. Сұрақтар: Цифрлық тарату жүйелерінде қандай дабылдар қолданылады?



бет1/5
Дата30.03.2023
өлшемі120,19 Kb.
#173327
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4 тапсырма


Қайрат Ақмарал, РТК(дот)-204 сп

Тапсырма 4


Тақырып. Демодуляция және декодтау.
Сұрақтар:
1. Цифрлық тарату жүйелерінде қандай дабылдар қолданылады?
2. Дабылдардың спектрлік сипаттамаларын қалай анықтауға болады?
3. Импульстік дабылдардың ұзақтығын қалай анықтауға болады?
4. Импульстің ұзақтығы мен оның спектрінің ені өзара қалай байланысқан?
5. Видеоимпульс пен радиоимпульстің спектрлік тығыздықтары өзара қалай байланысқан?
6. Радиоимпульстің спектр аймағында жиіліктік жабу эффектісін көрсетеді?
Цифрлық тарату жүйелерін құрудың ерекшеліктері.
Цифрлық тарату жүйелерін (ЦТЖ)-ін құрудың келесідей ерекшеліктері бар:
а) бөгеуілге тұрақтылығы жоғары. Цифрлы формада ақпаратты көрсету, яғни рұқсат етілген сандары аз символдардың тізбегі түрінде көрсету, байланыс жолдары арқылы тарату кезінде ақпаратты тарату сапасына әсер ететін бөгеуіл мен бұрмалануды күрт төмендететін сигналдар регенерациясын қайта қалпына келтіруді туғызуы мүмкін;
б) тарату сапасының байланыс жолы ұзындығынан әлсіз тәуелдігі. Әрбір регенерациялық аймақ шегінде таратылатын сигнал бұрмалануы жоқтың қасы. Регенерациялық аймақ ұзындығы және регенератор құрылғысы ұзақ ара қашықтыққа сигналды тарату кезінде қысқа ара қашықтыққа тарату кезіндегідей болып қала береді. Ақпаратты тарату сапасын өзгеріссіз сақтау үшін линиялар ұзындығын 100 есе ұзарту кезінде регенерациялық аймақ ұзындығын бірнеше ғана пайызға қысқарту жеткілікті;
в) ЦТЖ параметрлерінің тұрақтылығы. Арналар параметрлерінің (қалдықты өшулігі, жиіліктік сипаттама және амплитудалық сипаттама) тұрақтылығы және ұқсастығы. Мұндай жүйедегі арналар параметрлерінің тұрақтылығы аналогтыға қарағанда біршама жоғары;
г) дискретті сигналдарды тарату үшін арнаның өткізу қабілетін пайдаланудың тиімділігі. Мысалы егер бір ғана ТЖ арнаға сәйкес уақыттық позицияны пайдаланса, онда дискретті сигналды тарату жылдамдығы 64 кБит/с жақын болады, ал уақыт аналогты жүйедегідей 9,6 кБит/с артық болмайды;
д) цифрлық коммутациялық станциялармен тіркескен цифрлық байланыс жүйелерін (ЦБЖ), цифрлық тарату жүйелерін (ЦТЖ) құру мүмкіндігі сигналдар коммутациясы, транзит, таратуы цифрлық формада болатын цифрлы байланыс желісінің негізі болып табылады;
е) технико-экономикалық көрсеткішінің жоғарылығы. Тарату және цифрлық формадағы сигнал коммутациясы –цифрлық желідегі барлық аппаратуралық комплексті цифрлық интегралды сұлбаларды кеңінен қолданатын таза электрон негізінде шындауға мүмкіндік береді.
Бұл құрылғыларды дайындаудың еңбек өнімділігінің күрт төмендеуіне, құрылғылардың түйіндері бір ізге салу дәрежесінің жоғарғы мәніне ұмтылуға, бағасының, қолданылатын энергия мен габаритті өлшемдерінің біршама төмендеуіне мүмкіндік береді. Демек жүйе эксплуатациясы қысқарады және құрылғылардың сенімділігі артады.
ИКМ БЖ негізгі артықшылықтары.
Байланыс жүйесінің жаңа типтерін енгізу–осы жүйелерді пайдаланудың техникалық мақсаттылығын тарату сапасының, экономдылығының эксплуатациясының және т.б сұрақтарын өңдеуге және күрделі дайындыққа әкеп соғады. Аналогты типтегі сигналдар алдында ИКМ БЖ техникалық, экономикалық және эксплуатациялық-техникалық айырмашылықтары бар. ИКМ БЖ негізгі артықшылығы олардың жоғары бөгеуіл тұрақтылығы. Таратудың талап етілген сапасын сақтау кезінде байланыстың ұзақтығын біршама арттыруға мүмкіндік беретін, магистралдағы бөгеуілдердің жинақталуын белгілі бір шамада әлсірететін-ол сигнал регенерациясының мүмкіндігі. ИКМ жүйелерінде шу және бұрмалану деңгейлері негізінен ақырғы құрылғылармен анықталады: абсолюттік шамасы бойынша лездік мәні регенератордың іске кірісу табалдырығынан кем адиативті бөгеуілдер беріледі. ИКМ БЖ жылдамдығы үлкен мәліметтерді таратуға жақсы икемделген. Аналогты жүйелердің байланыс арнасы мәліметтерді 600-2400 Бод жылдамдықпен тарата алады. ИКМ БЖ бір арнада екілік ақпаратты тарату жылдамдығы линиялық күре жолға жылдамдығы жоғары мәліметтерді немен енгізуге байланысты жүйелердегі арна құрастыру құрылғыларды қоспағанда 50-60 мың Бодты құрайды.
Қазіргі таңда ИКМ аппаратурасының көмегімен көпарналы байланысты ұйымдастырудағы және ұзындығы 8-15 км басталатын жаңа кабелдерді орнатудағы шығынын төмендету. Мұндай кабел ұзындығында ИКМ аппаратурасын қолдану АЖБ ҚТС қолдануға қарағанда неғұрлым үнемді. Жартылай өткізгіш аспаптардың және интегралдық сұлбалардың бағасын төмендету ИКМ жүйесіндегі құралдардың бағаларының төмендеуіне әкеп соғады.
Байланыс сапасы (телефондық арна параметрлері) - линиядағы өшулік тербелісінен де, күре жолдың сертті сызықсыздығынан, бұрмаланудан да тәуелді емес. Қалдықтық өшуліктің тұрақтылығы, жиіліктік сипаттама (ЖС) ұқсастығы жоғарғы дәрежесі және әртүрлі арнаның бәсеңдету уақыттары арналар коммутациясы кезінде біршама эксплуатациялық қолайлықты туғызады. Микроминиатюризацияға (интегралды сұлбаларға) ЦТЖ икемділігі аппаратуралардың жоғары сенімділігін қамтамасыз етуге габаритті өлшемдерін, массасын, сондай-ақ өндірістік және эксплуатациялық шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.
ИКМ БЖ негізгі кемшілігі неғұрлым кеңірек жиілік жолағын талап етуі болып табылады, бірақ ИКМ БЖ осы ерекшелігі берілетін жиілік жолағы тиімді түрде сигнал/бөгеуіл қатынасына ауысатындықтан төменгі сапалы линиялық күре жолды (өтпелі өшулігі аз, шағылысу коэффициенті үлкен және т.б) пайдалануға мүмкіндік береді.
ЦТЖ келесі артықшылықтарын ескеру керек:
а) уақыттық тығыздау қағидасы негізінде берілетін сигналдың барлық түрлері біріктіріледі және бөлінеді;
б) импульсті тізбектердің транзит пунктінде түрлендірудің (қайта кодтау) және төменгі жиілікте немесе цифрлы-аналогты түрлендіру (ЦАТ) және аналогты-цифрлы түрлендіру (АЦТ) арқылы қайта қабылдауға сипат цифрлық ағынның бұрмаланусыз тармақталуының мүмкіндігі;
в) линия бойымен өту нәтижесінде бұрмаланған импульсті сигналдар параметрлерін қалпына келтіру үшін регенерация қағидаларын пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет