Тақырып: Жазу процесінің психологиялық-физиологиялық сипаттамасы Жоспары



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі87,5 Kb.
#93878
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 2 Жазуга уйрету на 31 марта
72 лабка физ Карсаков Аслан ТЭ-19-1

Тақырып: Жазу процесінің психологиялық-физиологиялық сипаттамасы
Жоспары:

  1. Жазуға үйретудің психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері

  2. Жазу дағдысының кезеңдері

  3. Жазуға қойылатын талаптар


  1. Жазуға үйретудің психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері

Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктенғ оны психофизиологиялық процесс деп атайды. Дүние тануға қажетті ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың псмихикалық дамуы деген не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі – осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік т.б.с.с. қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады (мысалы, ми қабығында болатын қозу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т.б.)
Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, олардың көпшілігі өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл-ой өрісі, білімі немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қайшылықтардан басқа сырқы қайшылықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-құлықты талап етеді, ал олар мұндай мінез-құлыққа дағдыланып жетпеген. Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.
Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамның қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиялық-физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі, білімнің артуы, сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.
Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал ету арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды.
Бастауыш мектептегі оқушылардың психологиялық мүмкіндіктерін жан-жақты зерттеуші психологтар (В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин) бұл жастағы балаларды абстрактылы ойлауға үйретуге болатындығын дәлелдеген. Абстракт ойлауда маңызды роль атқаратын ұғым болып есептеледі. Ұғымда заттар мен құбылыстардың ең негізгі белгілері жинақталып беріледі. Ұғым арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Ұғым сөзбен белгіленеді де, сөз арқылы қарым-қатынас үшін қажет материалдық қабыққа енеді. Ұғымды білдіретін сөзді меңгеру ойлауға көмектеседі. Ұғымдық ойлау бастауыш сыныптарда қалыптасады да, адамның бүкіл өмір бойына дамиды, жетіледі.
Баланың ойын дамыту үшін негізінен мынадай жұмыстар іске асырылады:
1. Бақылау. Балаларды білуге құштарлыққа, көре білуге, ести білуге, иіс сезе білушілікке, айналадағы дүниені қабылдауға тәрбиелеу – олардың ойын да, тілін де дамытудың негізгі жолы болып табылады.
2. Салыстыру. Мұнда оқушылар заттарға тән белгілерді таба алатын дәрежеге жеткен кезде ғана салыстыруды жүргізуге болады. Өйткені заттар белгілері арқылы ғана салыстырылады. Салыстыру мақсатты болуға тиіс, салыстырудың аяғында қорытынды жасауы керек.
3. Ұғыммен жұмыс. Балалардың ұғымын қалыптастыруға уйрету үшін әсіресе I-II сыныптарда арнаулы жаттығулар жүргізіледі.
Мысалы:
1. Оқушыларға сурет, зат немесе сөздер беріліп, балалар оларды 1 топқа жинақтайды, артығы болса сызып тастайды.
2. Оқушыларға бір ұғым бойынша жалпыланған заттарды ұсынып, жеке ұғымдар анықталады.
Жалпылауға жаттығу грамматикалық, орфографиялық материалдар бойынша да жүргізіледі.
Балалардың ойын дамыту үшін оларды ой-қорытындыларын жасай білуге үйрету қажет.
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазу – сөйлеудің аса қажетті компоненттері. Бұл термин қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. “Связная речь” дегенді әдебиеттерде “байланыстырып сөйлеу” делініп жүр. Алайда аталған грамматикалық термин біршама анықтауды керек етеді. Ежелгі жазу-сызу болмаған заманда сөйлеу (речь) деген ұғым тек ауызша сөйлеуге тән қолданылған. Жазу мәдениеті қалыптаса бастағаннан кейін сөйлеу ұғымы да өзінің алғашқы тар мағынасын өзгертіп, кең мағынада (әрі сөйлеу, әрі жазу мағыналарын қамтып) қолданыла бастады. Сондықтан қазір байланыстырып сөйлеу (связная речь) деген термин сөйлеу мен жазуда бірдей грамматикалық термин ретінде қолданылады. Солай бола тұра, мұғалімдерге түсінікті болу үшін бұл ұғымды “байланыстырып сөйлеу және байланыстырып жазу” деп даралап берілгені жөн.
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету бастауыш мектептің 1-сыныбынан бастап жүргізіледі. Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету өзара ажырамас біртұтас жұмыс.
Сөйлеуге де, жазуға да қойылатын талаптар бірдей және бір мезгілде орындалуды қажет ететін оқу үрдісі болып саналады. Айырмасы - сөйлеуде ауызша баяндаса, жазуда жазбаша баяндайды.
Мектеп тәжірибесінде байланыстырып жазу қазақ тілі сабақтарында жүргізіледі. Өйткені жазба жұмыстарында орфографиялық және тыныс белгілерден жіберілген қателермен жұмыстар жүргізуге тура келеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет