Тақырып: «Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары.»



бет1/17
Дата03.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#173547
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ПДД поурочки


Күні:17.11.2022
Тақырып: «Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары.»

Көлік құралына жолдың оң жағындағы жол жағалауына, ал жол жоқ болғанда жүріс бөлігінің шетіне аялдама жасауға жəне тұруға рұқсат етіледі (12.1-сурет).


Елді мекендерде əр бағыт үшін бір-бірден қозғалыс жол жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда жəне біржақты қозғалысты жолдарда жолдың сол жағына аялдауға жəне тоқтауға рұқсат етіледі. Рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 т. артық жүк автомобильдеріне біржақты қозғалысты жолдардың сол жағына аялдауға жүк тиеген немесе түсірген кезде ғана рұқсат етіледі (12.2- 12.3-сурет).


Көлік құралдарының пішіндемесі (жүріс бөлігінің кеңейтілген жері) көлік құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкіндік беретін орындарды қоспағанда, жүріс бөлігінің шетіне праллель бір қатарға қоюға рұқсат етіледі. Жүріс бөлігімен шектесетін, оған толықтай жəне ішінара кіретін табанжолдың шетінде, егер бұл жаяу жүргіншілер қозғалысына кедергі келтірмейтін болса, жеңіл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге жəне велосипедтерге тоқтап тұруға рұқсат етіледі.
Елді мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу жəне сол сияқты мақсаттарда тұруға арнайы көзделген алаңдарда немесе жолдан тысқары жерлерде рұқсат етіледі.
Аялдама жасауға:

    • егер бұл трамвай қозғалысына кедергі жасайтын болса, трамвай жолына тікелей жақын жерде;

    • теміржол өтпелерінде, үңгіжолдарда, сондай-ақ эстакадаларда, көпірлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшін кемінде үш жол жолағы болса) жəне олардың астында;

    • егер, аялдаған көлік құралы мен тұтас таңбалау сызығының (жүріс бөлігінің шетін белгілейтіннен басқа) немесе жүріс бөлігінің қарама-қарсы шетімен, немесе жүріс бөлігінің қарама-



қарсы шетінде тұрған көлік құралымен арақашықтық үш метрден аз болатын жерлерде, көлік құралдарының қозға- лысына кедергі тудыратын болса (12.4- сурет);

    • жаяу жүргіншілер өткелінде жəне оның алдында бес м. жақын жерде;

    • ең болмағанда бір бағыттағы жол көрінуі 100 м. кем болған кезде қауіпті бұрылыстың жақын жүріс бөлігінде жəне жолдың ұзына бойлық дөңес құлдималарына жақын жолдың жүру бөлігінде;

    • жүріс бөлігінің қиылыстарында жəне бүйір өтпенің қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе айырым жолақтары бар үш жақты түйісу (қиылыс) жағын қоспағанда, қиылысатын жүріс бөлігінің шетінен 15 м. жақын жерде;

    • аялдама алаңынан, ал ол жоқ болғанда, егер бұл олардың қозғалысына кедергі туындататын болса, бағдар көлік құралдары немесе такси аялдамасы көрсеткішінен 15 м. жақын жерде;

    • көлік құралдары басқа жүргізушілерден бағдаршам белгілерін, жол белгілерін тасалайтын немесе басқа көлік құралдарының қозғалысына (кіруіне немесе шығуына) мүмкіндік бермейтін немесе жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін кедергі келтіретін жерлерде;

гүлзарларда, көгалдарда, балалар жəне спорт алаңдарында тоқтауға тыйым салынады

Тұруға тыйым салынады:



    • тұруға тыйым салынған жерлерде;

    • бұл үшін арнайы бөлінген, тиісті жол белгілерімен жəне нұсқағыштармен белгіленген орындардан басқа, елді мекен- дердің жолдарында жəне көшелерде;

    • стакадаларда, көпірлерде, жол құбыр- ларында;

    • елді мекендерден тыс жерлерде жолдың

2.1. белгісімен белгіленген жүру бөлік- терінде;

    • теміржол өтпелерінен 50 м. жақын жерде (12.5-сурет);


    • егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызатын болса, қозғалт- қышы іске қосулы механикалық көлік құралдарына;

    • гүлзарларда, көгалда, балалар жəне спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады.

Тоқтауға тыйым салынған жерде мəжбүрлі тоқтаған кезде жүргізуші көлік құралын ол жерден əкетудің мүмкін болатын барлық шараларын қолдануға міндетті.


Жүргізуші жол жүрісіне, басқа қатысушыларға кедергі жəне қауіп төндірмейтіндігіне көз жеткізбейінше, көлік құралының есігін ашуға, оларды ашық тастап кетуге немесе жолдың жүру бөлігіне шығуға тыйым салынады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет