Тақырып Мұхиттық аралдар халықтары



Дата30.04.2022
өлшемі29,68 Kb.
#141544
Байланысты:
Тақырып 4. Мұхиттық аралдар халықтары
Қазақ жеріндегі Ресейлік әскери бекіністер, Тақырып 3, Қазақстанның жер-су қоры

Тақырып 4. Мұхиттық аралдар халықтары

Сұрақтар:


1. Меланезия халықтары
2. Папуа Жаңа Гвинея халықтары
3. Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары
4. Микронезия халықтары

1.Меланезия халықтары


Меланезия (гректің «Мелас» - қара, «несос» - арал) – қара арал деген сөзінен шыққан. Еуропалықтар осы жердегі тұрғындардың сыртқы түсіне қарап, олардың мекендеген аралдарына да «қара» деп ат қойған. Меланезияға қарайтын үлкенді – кішілі аралдардың барлығында ел ертеден мекендеген. Меланезиялықтардың антропологиялық ерекшелігіне қарай отырып, оларды төрт түрге бөлуге болады:
1) аласа бойлы негроидтық (олар Жаңа Гвинейдің ішкі аудандарының тұрғындары);
2) негізгі меланезиялықтар;
3) Жаңа Коледондықтар;
4) Папуастар.
Папуастар (малай тілінде “бұйра шашты” деген мағына береді) – Жаңа Гвинея аралын, Меланезияның солтүстік-батыс аралдарын, Хальмахер аралының солтүстік бөлігін және Тимор аралының шығыс бөлігін, Алор мен Пантар аралдарын мекендейтін халықтар тобы. Оларға энга, чимбу, хаген, камано, хули, капауку, ангал, вахги, медлпа, кева, дани, асмат, абелам, т.б. бірнеше этностар жатады.
Меланезия аборигендерінің тілін екіге бөлуге болады. Олар меланезия мен папуас тілдері. Меланезиялықтардың тілдері – полинезиялықтардың, микронезиялықтардың және индонезиялықтардың тілдерімен туысқан тіл. Сөйтіп, бұл малайско-полинезиялық тілдер семьясына меланезиялықтардың, мадагаскарлықтардың тілдері кіреді.

2. Папуа — Жаңа Гвинея (толық атауы — Папуа — Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекеті ағылш. Papua New Guinea [ˈpæpuːə njuː ˈɡɪni] (ˈpɑːpuːə, ˈpæpjuːə), тпи. Papua Niugini, Үлгі:Lang-ho) — Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ел аумағы құрамына Жаңа Гвинея аралының шығыс бөлігі, Бугенвиль және Бука аралдары (Соломон аралдары), Луизиада және Бисмарк архипелагтарының аралдары кіреді.


Жер аумағы 462840 км².
Халқы 5 млн. (2001).
Астанасы – Порт-Морсби қаласы
Ресми тілі – ағылшын тілі, пиджин, моту тілдері де қолданылады.
Тұрғындарының 50%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер, қалғандары жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады.
Мемлекет басшысы – Ұлыбритания монархы тағайындайтын жергілікті генерал-губернатор.
Үкімет басшысы – премьер-министр.
Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық парламент.
Әкімшілік жағынан 19 провинцияға және 1 астаналық округке бөлінеді.
Ұлттық мейрамы – Ұлт күн – 16 қыркүйек (1975).
1975 жылдан БҰҰ-ға мүше.
Ақша бірлігі – кина.
Ел аумағы негізінен таулы, қыратты. Жағалау бойындағы ойпаттар мен жайпақ тау бөктерлері тау сілемдерін құрайды. Кейбір тау жоталарының биіктігі 3000 – 4000 м. Елдің ең биік нүктесі – Вильгельм тауы (4509 м). 2019 жылының соңында жүргізілген жүргізілген референдум нәтижесінде 2027 жылы Папуа — Жаңа Гвинея құрамындағы Бугенвиль Автоном Регионы тәуелсіздік алады деп жарияланды.
Климаты
Климаты субэкваторлық және ылғалды.
Жылдық орташа температура 25 – 28ӘС.
Жауын-шашынның орташа мөлшемі жазық жерлерде 1000 – 4000 мм, таулы жерлерде одан да көп. Тайфун дауылы жиі болып тұрады.
Гидрографиясы
Негізгі ірі өзендері – Раму, Сепик және Флай.
Өсімдік және Жануарлар дүниесі
Елдің үштен екі бөлігін орман алқабы алып жатыр.
Өсімдік әлемі бай, әр түрлі. 1000 – 2000 м биіктікте қылқан жапырақты орман басым. Аралдың оңтүстігінде эвкалипт және акация ағаштары, жағалауларда саго пальмасы мен қант қамысы өседі.
Жан-жануарлар дүниесін негізінен бауырымен жорғалаушылар, құстар (500-ге жуық түрі) және жәндіктер құрайды. Крокодил, улы жыландар, геккондар көп кездеседі. Казуарлар, тотықұстар, тәжтұмсықты көгершіндер, күрке және бейіш құстары кең тараған. Ехидна, проехидна, кенгуру, валлаби, жабайы ит – динго, кускустар, қалталы борсық, жүнқұйрықтар, т.б. мекен етеді.
Tабиғи қорлары
Негізгі табиғи қорлары:
алтын, күміс, мыс, кобальт, никель, кварц, хромит кені, мұнай, табиғи газ, ағаш.
Тарихы
Австронезийліктердің (меланезийліктердің) алғашқы қоныстары б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болған. Жаңа Гвинея аралын 16 ғасырдың 1-жартысында португалдар ашты. Жергілікті тұрғындардың африкалықтармен ұқсастығына байланысты арал осылай аталды.
1828 ж. Голландия аралдың батыс бөлігін өз меншігі деп жариялады.
1862 ж. аралдың бұл бөлігі Индонезия қарамағына өтті.
1884 ж. Жаңа Гвинея аралының оңтүстік-шығыс бөлігі Ұлыбританияның протекторатына айналды, ал солтүстік-шығыс бөлігін Германия басып алды.
1906 ж. Аустралия неміс протекторатының жерін басып алды.
Аралдың Жаңа Гвинея деп аталатын бұл бөлігі 1920 ж. Ұлттар лигасының мандатты аумағы ретінде Аустралия Одағына берілді.
1946 ж. мемлекет БҰҰ қамқорлығындағы аумаққа айналды.
1973 ж. желтоқсанда Папуа — Жаңа Гвинея ел ішінде өзін-өзі басқару құқығын алды.
1975 ж. тәуелсіздік жариялап, Ұлыбритания Достастығына мүше болып кірді.
Экономикасы
Экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі.
Басты ауыл шаруашылық дақылдары: кофе, какао, банан, кокос пальмасы, каучук өсімдігі. Жүгері, маниок, ямс, батат, таро, қант құрағы өсіріледі.
Ет өндірісі үшін мал шаруашылығы жолға қойылған. Балық шаруашылығы жақсы дамыған.
Тау-кен өнеркәсібінде алтын, күміс, мырыш, мыс өндіріледі.
Экспортқа кофе, какао бұршағы, пальма майы, шай, какос жаңғағы, каучук, алтын, мыс кентасы, шикі мұнай, ағаш шығарады. Сырттан машина және көлік жабдықтары, азық-түлік сусын, темекі, өнеркәсіп тауарлары, химия өнеркәсібі өнімі, минералдық отын әкелінеді.
Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері 2390 АҚШ долл. (1997).
Негізгі сауда серіктестері: Аустралия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Сингапур, Оңтүстік Корея.
3.Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары
Полинезия (көне грекше: полю – көп аралдан құралған ел деген мағына береді) — Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Аумағы 26 мың км²-ге жуық. Халқы 4,5 млн. адам. Олардың ең ірілері Жаңа Зеландия, Самоа, Гавай, Тонга және т.б. жатады. Отаршылар келгенге дейін бұл жерлерде 1,1 млн. адам тұрған болса, қазір не барі 450 мың тұрғын қалды. Полинезиялықтар — Полинезияның және Шығыс Меланезияның кейбір ұсақ аралдарындағы туыстас халықтар тобы болып табылады. Полинезиялықтарға тонга, самоа, увеа, фунтуна, тувалу, токелау, ниуэ, пукапука, раротонга, рапа, ракаханга, манихики, паулготу, маори, тикопиа, гавайлықтар, т.б. көптеген халықтар тобы жатады. Шығыс австронездік топтың полинезия тілдерінде емін-еркін сөйлейді. Полинезиялықтарда христиан діні жергілікті діни наным сенімдермен ұштасқан. Полинезиялықтардың этногенезіне Оңтүстік Америка үндістерінің де ықпалы тиюі мүмкін. Полинезиялықтар негізінен егіншілік, балық аулаумен айналысқан. Шошқа, ит, тауық өсірді және қолөнермен шұғылданған. Шығыс Полинезияда тас қашау ісі жақсы дамыды. Баспаналарды төртбұрышты кейде бұрыштарын сопақша етіп салған. Төбесі екі жағынан қиюластырып жабылатын болған. Баспаналарына ағаш, шөптесін өсімдіктерді пайдаланған. Негізінен юбка немесе пандустан жасалған алжапқыш, тапа немесе белге тағатын жапқыш киген. Киген киімдері адамдардың қоғамдағы алатын орындарынан да хабар береді. Әшекейлерін құстың қауырсындарынан, гүлдерден, теңіз балшықтарынан жасап, тағамдарын негізінен өсімдіктер мен балықтан әзірлеген. Сусындары кава, т.б. Тамақтарын жер ошақтарда пісірген. Полинезиялықтарды көсемдері басқарады, қоғам өмірінде абыздардың рөлі ерекше болды. Халық арасында бай ауыз әдебиеті, би және муз. фольклоры сақталған. Полинезиялықтардың көпшілігі елге келген туристерге қызмет көрсетумен айналысады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді.
Жаңа Зеландия халықтары. Жаңа Зеландия халқының құрамы біртектес, оның 85% ағылшын, шотлондия, және ирландиялықтардың ұрпақтарынан тараған Жаңа Зеландиялық ұлт пайда болды. Байырғы тұрғындары - маорилердің саны 223,4 мың ( халықтың 7,8%-ын құрайды). Халық елде біркелкі қоныстанбаған: Солтүстік аралда 70,7%-і, Оңтүстік аралда 29,3%-і тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 16,4 адамнан. Халықтың 77,3%-і қалаларда тұрады; ірі қалалары - Окленд, Крайстчёрч, Уэллингтон, Хатт. Халықтың басым бөлігі Еуропалықтар, ал ежелгі тұрғындары және ірі кіші ұлттардың бірі - Маори халқы, Азиялықтар мен Маориге жатпайтын Полинезиліктер көбінесе урбанды аудандарда кезедеседі. Жаңа Зеландия халқының саны – 4,2 млн. адам. Тұрғындардың 79,5%-ы – Жаңа Зеландықтар , 14,5%-ы – маорилер (жергілікті тұрғындар), 6%-ы – азиялықтар, полинезиялықтар, т.б. этникалық топтар. Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант тармағын ұстанады. Жаңа Зеландия – өндірісі мен ауыл шаруашылығы жақсы дамыған елдердің бірі. Бұл елдің негізгі өнеркәсібі - тамақ, қағаз шығару, машина жасау, химия, тігін, және т.б. Соңғы жылдары экспортқа балық шығару жақсы дамыған. Жаңа Зеландия ет-сүт өнімдерін өндіруден, қой өсіруден дүние жүзінде жетекші орында. Әлемдегі сүт өнімдерінің 25%-ын шығарады. Жыл сайын миллион тоннадан аса ет, 200 мың тонна жүн өндіреді.
4.Микронезия халықтары. Микронезия – ( көне грек тілінен аударғанда «микро» «кішкентай, кішігірім» деген мағына білдіреді) көптеген аралдар жиынтығы. Океанияның солтүстігінде орналасқан. Бұл аралдардың тұрғындары – полинезиялықтардың, милонезиялықтардың қосылуынан шыққан. Океания халықтарының этникалық құрамы жергілікті тұрғындармен бірге Еуропа,Азия, Америка және т.б. жерлерден келген адамдардан құралған. Микронезиядағы құрғақ жердің жалпы аумағы өте кішкентай, сондай-ақ халық саны да үлкен емес. Халқы 133 мың (2000 жылы). Ресми тілі – ағылшын тілі. Жергілікті халықтардың тілдері де кең тараған. Тұрғындарының басым көпшілігі – протестанттар, қалғандары – католиктер. Антропологиялық жағынан меланезиялыққа, поленезиялықтарға өте қатты ұқсас болып келеді. Соның ішінде меланезиялықтардың оңтүстік батыста, азаматтардың әсері көбірек. Арал тұрғындарының арасында балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Арал халқы ашық теңізде жақсы жүзе біледі. Қарапайым халық үйлерін ағаштан істелген тіркеулердің үстіне пальманың жапырағын жапқан. ХVІІ ғасыр Маркан аралдарының барлығы 103 үй болып, оның 53 де ру басшыларының үйі болған. 150 лашықта қарапайым адамдар тұрды. Микронезия екі бөлікке бөліп қарастырамыз. Оны жоғары және төмен деп. Жоғарғы бөлігінде теңізде жүзушілер,әскерлер,қайық істеушілер, теңізшілер жатады.Ал төмендегілерге шаруалар, егіншілер, балықшылар т.б. кірген. Ру көсем бастықтары, құқықтың бәріне ие болады. Арал тұрғындары ата баба аруағына сиынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет