Тақырып: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
Жоспары:
Хабарлы сөйлем
Бұйрықты сөйлем
Сұраулы сөйлем
Лепті сөйлем
Әдебиеттер:
1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы. 1994.
2. Әміров Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
4. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006.
Хабарлы сөйлем
Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы сөйлемдеп аталады.
Түн жым- жырт. Жел жоқ.
Бірақ сәл ғана
білінген салқын бар. (М.Әуезов)
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әр түрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің әсіресе баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты.
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әр түрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің әсіресе баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты.
Болымды
сөйлем
Хабарлы
сөйлем
Қалаулы
сөйлем
Болжалды
сөйлем
Болымсыз
сөйлем
Болымды сөйлем
Жаңбыр жауды.
Оқу басталды.
Болымсыз сөйлем
Бүгін жаңбыр жаумайды.
Бүгін оқу болмайды.
Болжалды сөйлем
Балам ертең келетін шығар.
Қалаулы сөйлем
Енді оқуға барайықшы.
Баяндауыштардың қай сөз табына жасалуына қарай:
етістікті
хабарлы
сөйлем
есімді
хабарлы
сөйлем
Етістікті хабарлы сөйлем
Үйдің іші жылынды.
Есімді хабарлы сөйлем
Үй жылы. Аспан ашық. Айнала жым-жырт.
Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі
бастауыштын не толықтауыштың маңына
топтаған сөздердің саны неғұрлым көп болса,
сол топ солғұрлым оқшаулана түсіп,
көтеріңкі дауыспен айтылады да,
одан кейін дауыс бәсеңдей береді.
Мысалы:
Таудан төмен зырғанап
келе жатқан шаңғышылар ауыл клубының
алдына тоқтады.
Сұраулы сөйлем
Сөйлеу – тіл жұмсаудың басты тәсілінің
бірі жүздесіп және басқа адамдар
арқылы өзара сөйлескен адамдар істің,
әр нәрсенің мән-жайын білгісі келгенде,
сұраулы сөйлемнің сұраулы түрлерін
қолданылады. Басқадан жауап күту
мақсатымен айтылған сөйлемді
сұраулы сөйлемдейміз.
Мысалы:
-Әй, тілің бар ма өзіңнің?Неге бұғасың?… Неге жөніңді
айтпайсың?-деді Қадырбек.
Сұраулы сөйлемдер көтеріңкі
дауыспен айтылады. Сұраулы
сөйлемдер интонация арқылы жәңе
сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар,
кейбір көмекші етістіктер мен
қосымшалардың қатысуы арқылы
жасалады.
Мысалы:
Жиналыс басталды ма? Баяндамашыға сұрақ бар ма? Анау келе жатқан Жақып па, Әсет пе?