Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге күмәнданғанын да білдіреді. Ондай әрі сұраулы, әрі күмәнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма//ме…екен, екен-ау, ә деген сөздер болады.
Күмәнді сұрақ

Баяндауышының құрылысы күмәнды сұрақ формаларында немесе деймісің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер әрі сұраулы, әрі лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады:
Мысалы:
– Сізде де арман бар ма екен?!
– Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?!
Риторикалық сұрақ
Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық мән болады. (риторика гректің rhilos – шешен – деген сөзінен алынған) Риторикалық сұраулы сөйлемдер көркем әдебиетте жиі қолданылады:
Мысалы:
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға?
Ойлансаңшы Мағышым,
Кімнің гүлі солмайды?
(Абай)
Мысалы:
Енді жұрт машина мен мотоцикл іздейді, арбаны қайтсін?....