ПӘНІНІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН Оқу-ӘДІСТЕМЕЛІК құрал (Жоғары оқу орындары білім және жаратылыстану ғылымдары мамандықтарының студенттеріне арналған)
Шымкент 2022 У ДК 576.001.85
ББК 28.4
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты оқу- әдістемелік кеңесінің қаулысымен баспаға ұсынылған (№__ хаттама, __.__.20__ ж.).
Тыныштықбай Б
Микробиология және вирусология .-Шымкент: ОҚМПИ, 2013. -52 бет
ISBN 9965-601-14-3 Оқу-әдістемелік құралда прокариотты микроағзалар жөнінде негізгі мәліметтер берілген: жасуша құрылысы мен химиялық құрамы, физиологиялық қасиеттері және морфологиясы. Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған.
УДК 576.001.85 ББК 28.4
ISBN 9965-601-14-3 .
Кіріспе
Микробиология және вирусология пәнінен зертханалық сабақтар жүргізуге арналған оқу-әдістемелік құрал жаңа оқу талаптарға сәйкес құрастырылып, теориялық алған білімді іс жүзінде көзбен көріп, қолмен ұстап, жақсы ұсынуға көмектеседі.
Микроорганизмдер морфологиясы мен физиологиясынан және вир-усология негіздерінен мағұлмат берілген.
Әрбір зертханалық жұмыс алдында құрал-жабдықтар тізімімен қатар тақырыптың теориялық негізі де берілген.
Оқу құралы студенттерді зертханалық жағдайда микробиологияның бірқатар салалары бойынша жұмыс істеуге дағдыландырады. Сонымен бір-ге микробиолгиялық әдістердің ерекшеліктерін барынша түсініп, ұға білу және әдістерді игеріп, олармен жұмыс жасай білуге студенттерді үйретеді.
Микроорганизмдердің морфологиясын, культуралық, физиология-лық және биохимиялық қасиеттерін көріп-біле отырып, болашақ маман-дарға микроорганизмдерді систематикаға байланысты ажыратуға микро-организмдердің табиғаттағы процестерге қатысуын ескере отырып, оларды пайдалануға үйретеді.
Бірқатар жұмыстар микроорганизмдерден препараттар даярлап, он-ың сапасын анықтауға арналған.
Су микроорганизмдерін лабороторияда зерттеп білуге, топырақ мик-роорганизмдерінің санын анықтауға арналған жұмыстар практикалық өн-дірістерде өте маңызды болып есептеледі. Әдістемелік құрал биология мамандығымен қатар «ауыл-шаруашылық өнімдерін стандарттау серти-фикаттау» мамандығының студенттеріне де араналған.