Тақырыпты қалай таңдасақ болады (варианттар): 1. ЖЕР АУДАРЫЛҒАН ШАРУАЛАР ТІЗІМІ АНЫҚТАЛДЫ 2. «БЕС МАСАҚ» ЗАҢЫМЕН СОТТАЛҒАН ШАРУАЛАРДЫҢ ЕСІМІ АНЫҚТАЛДЫ. 3. ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАРЫ (ТӘРКІЛЕНГЕН ШАРУАЛАР ТІЗІМІ)
Аман ДӘУЛЕТҰЛЫ, магистр
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының
ғылыми қызметкері
«ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды» Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа 2020 жылы 24 қарашада қол қойды. Осылайша мемлекеттік комиссия аясында республикалық комиссия, оның ішінде 14 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда өңірлік комиссия құрылып, саяси қуғын-сүргін және заңсыз қудалау құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру бағытында жұмыс басталды. Большевиктік-сталиндік билік, оның жергілікті органдары жүргізген зорлық-зомбылық науқандары мен саяси қуғын-сүргіндердің тасқа басылған дерегі мемлекеттік архивтерде қаттаулы тұр. Президенттің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлығын іске асыру аясында осы тақырыптың әлеуметтік, гуманитарлық маңызы ауқымды екенін түсінгеніміз жөн. Конференция материалдары тарихымыздың қасіретті беттерінің бар шындығын ашып көрсетуге және оның құрбандарының есімін мәңгілік еске қалдыруға деген ұмтылысты көрсетеді. Осы орайда Алматы облыстық өңірлік комиссиясы №2 Шаруа қожалықтарын күштеп ұжымдастыруға және қазақ отбасыларында отырықшыландыруға ұшыраған байлардың, кулактардың, жартылай феодалдардың (орта шаруалардың) және шаруа қожалықтарының тәркіленген шаруашылықтары бойынша қозғалған қылмыстық істерді қарай отырып, мынадай қорытындыға келді.
Сөз орайы келгенде айта кетелік, 2-жұмыс тобы шаруа қожалықтарын күштеп ұжымдастыруға және қазақ отбасыларын да отырықшыландыруға ұшыраған кулактардың, байлардың, жартылай феодалдардың (орта шаруалардың) және шаруа қожалықтарының тәркіленген шаруашылықтары бойынша қозғалған қылмыстық істерді, әкімшілік мате-риалдарды зерделеумен айналысады.
Бұл іс бойынша 83 тәркіленуші шаруаның тізімін анықтап, олардың 30-ы ақталмағаны дәлелденді. Алматы облысының шекаралық аудандарынан мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылған 273 шаруаның тізімі анықталды. Мамандардың тиісті талдауынан өтіп жатқан түрлі шаруашылық-саяси науқандар бойынша жазаланғандар мәселесі бойынша 1932 жылғы 7 тамыз заңы бойынша Алматы облысында 1634 шаруа сотталғаны анықталып, тізімі алынды. Ал 1947 жылғы 4 маусымда қабылданған осыған үндес жарлық бойынша жазаланғандар саны 181 адамды құрады.
1928 жылы Алматы облысынан тәркілеуге ұшыраған ірі байлардың тізімі мұрағат қорында «Байлардың жеке ісі» деген атпен сақталған. Аталған тізім кейіннен осы өлкеге тарайтын орыс тіліндегі «Жетісу ұшқыны» газетінің 23 қыркүйектегі №106 (398) саны мен қазақ тілінде жарық көретін «Тілші» газетінің 26 қыркүйектегі №56 (383) сандарында жарияланады. Тізімге назар аударсақ, олар мына тізімде көрсетілген.
Қарқара ауданынан: Имамбаев Исабек, Дәркембаев Абиыр, Тыштыбаев Дайрман, Манабаев Желібай, Барымтаев Иса, Құмаев Ақшал, Түргенбаев Жазылбек, Байбатшаев Оразалы;
Қастек ауданынан: Тоқбергенов Әбділда, Асылбеков Есдәулет, Асықов Ахметжан, Келгенбаев (Кельчимбаев болып жазылған) Абайылда, Қашкенов Тойбай, Қадырбаев Жылқыбай, Айтқожанов Қасымбай, Жаубасаров Әбілда, Медеуов Беспай, Тойжанов Нұрпейіс, Серікбаев Ахмет, Есенов Айдарбек, Рыскелдинов Әбдіхалық, Құдайбергенов Шолтабай;
Қордай ауданынан: Ақатаев Құлажан, Хожанбердиев Мүсәпір; Қаратал ауданынан: Бұламбаев Саяқ, Қылшабаев Жетібай, Қырбасов Қыраубай, Диқамбаев Арыстанбек, Абылайханов Фаюрзша Ешмұхаметұлы;
Бәрібаев ауданынан: Базарбаев Тасыбек, Бақтияров Кеңесбай, Төлеудинов Құндыбай, Мерсаев Әбдікерім, Ахметшалов Мұхамадия, Сыйқымбаев Қасым, Жердентапқанов Садық, Шілікбаев Әбдірахман, Шошақбаев Имашхан, Мәметов Базарбай, Бексұлтанов Заманбек;
Іле ауданынан: Қараев Әлімбай, Дауталиев Өтеген, Ордабаев Қайыпғали, Халықов Сағит; Бүйен Ақсу ауданынан: Маманов Қожахмет, Маманов Махмұтбек, Маманов Сейітахмет Сейітбатқалұлы, Маманов Есенғұл, Тұрысбеков Айтмұхамбет, Жүсіпов Опы, Тұрысбеков Тәңірберген, Былшықов Бекет, Қылиев Сарыеке;
Алакөл ауданынан: Малаев Самет;
Октябрь ауданынан: Әлібеков Мамырбай, Тақсыққожаев Жанғазы;
Еңбекші қазақ ауданынан: Исмайлов Тоқсамбай, Жамбауов Қарасарт, Құлмамбетов Жүніс, Абаев Нұрке, Шорымбаев Олжаймбет, Дәулетбақов Ахмет, Бейбітов Шәріп (Жоруп), Жайнақов Дүйсебек, Дәркенбаев Дәулетбақ, Сергібаев Жүнісбай, Бескемпіров Райс;
Балхаш ауданынан: Әшімов (Ойшимов) Әлімбек, Исмайлов Тезекбай, Исмайлов Дәркембай, Шығыров Жаманқұл, Тлеуқабылов Әбіл, Бөрібаев Қожай;
Шоқпар ауданынан: Тілеужанов Атош, Мәркенов Әлімбай, Мәркенов Сапанбай, Өмірбеков Мешітбай, Есмамбетбаев Оразалы;
Алтынемел ауданынан (Малайсары): Шолбаев Ерасыл, Даулбаев Есімбай, Байтулатов Бекбатыр, Самаев Балдыбай, Бұғыбаев Рахматулла.
1930 жылғы 14 қыркүйектегі Шекаралық аудандардан бай-кулактарды жер аудару туралы ВКП (б) Қазақ өлкелік комитеті қаулысына сәйкес, ОГПУ Алматы округінен 263 іс бойынша 273 шаруаның есімі әртүрлі жазалаған. Жұмыс тобының мамандары осы 273 адамның тізімін анықтады. Бұл құжат 21.01.1931 жылға жатады [1: ҚР ОМА 5-қор, 21-тізім, 61-іс, 34-45 парақтар]
Өлкекомнан уәкіл болып Қастек ауданына жіберілген Қубасов Алматы округінде жаппай ұжымдастырылған аудан саналып, кулактарды жою шаралары жүргізілген Есік ауданында 138 шаруашылық тәркіленіп, сотқа берілді. Кулактарға қатысты 58 көрнекі сот өткізіліп, олар әртүрлі мерзімдерге қамауға алынып, жер аударылу мен жерден айыруға кесілді. 1930 жылдың 22 ақпаны қарсаңында ауданда 3647 шаруашылық (84%) ұжымдастырылды.
1930 жылдың 1 наурыздағы округгом жедел үштігі шешімімен округ аумағынан тыс жерлерге жер аударылатын 2-категориялы кулак шаруашылықтар Есік ауданынан – 120, Калинин ауданынан – 200, жалпы көлемі 320 шаруашылық және 1600 жан (бір шаруашылыққа 5 жаннан есептегенде) деп белгіленген.
1930 жылдың 10 сәуіріндегі құпия анықтамаларға сәйкес, Өлкеком комиссиясы қаулысымен Алматы округінен басқа округтерге 2-категория бойынша 320 кулак шаруашылығы жер аударуға ілінсе, соның 153 шаруашылық нақты (771 адам) жер аударылған. Ал округтің өзі ішінде жаппай ұжымдастырылған аудандардан басқа аудандарға жер аудару межесіне үшінші категориялы 365 шаруашылық жатқызылып, оның 86-сы жер аударылған. Калинин ауданындағы бір ауылкеңес 4 кулакты өлім жазасына кескенін көрсеткен. Есік ауданында колхоздың рұқсатынсыз кез келген мүлік пен азық-түлікті сатуға және сатып алуға тыйым салынды. Колхозға кіруден бас тартқандар да жазаланды. Калинин ауданында бір уәкіл 16 орташа мен кедейлерді сиырларын ортақтастыруға қарсы шыққандары үшін қамап тастаған. 1929 жылдың қарашасында Өлкеком отырықшыландыру бойынша жоспарлы жұмыстарды бастау жөнінде арнайы шешім қабылдады. 1930 жылдың басында ХКК жанынан республикалық отырықшыландыру комитеті құрылды. Алматы округінен отырықшыландыруға жататын көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар саны 18046 адамды құрады. БК(Б)П Орталық комитеті 1929 жылдың 20 желтоқсанында «Ет проблемасын шешуге байланысты шаралар» туралы қаулы қабылдады. 1929 жылдың 6 қаңтарындағы Алматы округтік атқару комитеті Орталық өлкелік өкіметтің 34000 мүйізді ірі-қара шығару жөніндегі тапсырмасын, округтік атқару комитеті төмендегіше жоспар қабылдайды. 1932 жылы 7 тамызда Орталық Атқару комитеті мен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің «Мемлекеттік кәсіпорындардың, колхоздардың және кооперациялардың мүлкін қорғау және қоғамдық(социалистік) меншікті қорғау туралы» қабылдаған қаулысының («Бес масақ» заңы) Алматы облысы бойынша сотталған 1634 шаруаның есімдері анықталды.
Архив құжаттарына сәйкес Алматы облысында бай-кулактарды жою бойынша 1103 адам жазаланған. Олардың ішінде 1031 – бай, 18 – молда, 51 – орташа, 3 – кедей болған. Жазаланған, тәркіленіп, жер аударылған шаруалар ішінде шекарадан өтіп кету мақсатында келіп, тұрақтап қалған «Сібір кулактары» деген категория болған. Деректерде олардың саны 65 адам деп көрсетілген. [2: ҚР ПА 719-қор, 2-тізім, 126-іс, 178-184 парақтар]
Шаруаларды сот арқылы қуғындауға большевиктер 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінің 61 бабын да пайдаланды. Онда міндеттемелерден, қоғамдық маңызы бар жалпымемлекеттік міндеттемелерден немесе істерді атқарудан бас тартуға қылмыстық жаза көзделген. Бұл баптың да мәнісі азаматтық құқықтарға қол сұғу. Бұл баппен сотталған шаруаларды да ақтау керек деген ойдамыз.
Қорыта айтқанда, оқырманға Алматы облысына қатысты қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысына қатысты кейбір мәліметтермен бөліскіміз келеді.
Сонымен, жақында Қазақстан Республикасы Президентінің архиві Алматы қаласында халықаралық мамандардың қатысуымен «Ашық қоғамға – ашық архив» атты архившілердің конгресін өткізді. Конгрес жұмысының аясында Жаңалық ауылында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың заманауи тәжірибесі мен қиыншылықтары» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Польша, Корея елдерінің өкілдері қатысты.
Польша елінің өкілі Ева Ковальски Кеңес заманында қуғынға ұшыраған поляктарды ақтау, қорымдарды анықтап, қазба жұмыстарын жүргізу бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы айтты.
Музей қызметкерлері өз тарапынан Алматы облысына күштеп көшірілген поляктарға қатысты материалдармен және де музейде сақталған тізіммен бөлісті.
Қиын-қыстау заманда көрген зардаптарды есте сақтап, қаралы тарихты жас ұрпаққа жеткізу мақсатында Польша елінде Сібір естеліктеріне арналған музей ашылған. Аталмыш музейдің директоры Войтцех Слешиньски осындай репрессия жылдарын көрсететін музейлердің маңыздылығын атап, өз музейлері шыққан каталогтарды «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінің қорына сыйлап, алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмыс жасау туралы келісімге келді.
1920–1950 жылдары Қазақстанда жүргізілген зорлық-зомбылық жорықтары мен саяси қуғын-сүргіннің объективті бейнесін қалпына келтіру отандық және шетелдік мұрағаттардағы бұрын қол жетімсіз болған мұрағат материалдарын анықтау, жинақтау және талдау бойынша қатаң ғылыми-сараптамалық жұмыстарға негізделуі керек. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының цифрланған, толық, бірыңғай деректер базасын құру мақсатында барлық жабылған қорларды толығымен құпиясыздандыру, олардағы құжаттарды ғылыми айналымға енгізу жөнінде ұсынымдар дайындау – қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі.
Әдебиеттер:
ҚР ОМА 5-қор, 21-тізім, 61-іс, 34-45 парақтар