Талантты және дарынды балалармен жұмыс. Талантты балалармен дарынды балалардың айырмашылығы неде?



бет1/3
Дата14.10.2022
өлшемі22,89 Kb.
#153091
  1   2   3
Байланысты:
18 новые подходы


Билет №18



  1. Талантты және дарынды балалармен жұмыс. Талантты балалармен дарынды балалардың айырмашылығы неде?

Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін.
Британдық оқыту және оқу академиясы талантты және дарынды балаларды дамыту тәжірибесінен алынған жағымды мысалдарды көрсететін көптеген кейс-стади әзірледі.
Британдық оқыту және оқу академиясының «Талантты және дарынды балаларды анықтау» жөніндегі кейс-стадиі сыныптардың әрқайсысында талантты және дарынды балаларды анықтау жөніндегі әртүрлі әдістерді қолданып, олардың 1-тобының балаларымен (4–7 жас шамасында) жүргізілген үш жобаны суреттейдi:
1) бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес балалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы мектепішілік бағдарлама жасады. жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін пайдаланды.
2) екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға дайын екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер бойынша бір үлгермей қалған талантты оқушының табысы мен қызығушылығы төмен болғандығын, бірақ сонымен қатар оның әртүрлі нақты іс-әрекеттерді орындауға қабілетті және оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті.
3) үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата-аналарды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Олар ата-аналармен ақыл-ой қабілеттері туралы әңгімелесіп, ата-аналардың қарапайым сауалнама толтыруын өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл сауалнама олардың балаларының мінезқұлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және мектепте ойнайтын ойындарды талдауға негіз болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды» етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қабылдауға көмектеседі.
Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдер:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет