Тапсырма А: ақпаратты оқып, берілген деректерді біртұтас ақпараттық



Pdf көрінісі
Дата29.01.2022
өлшемі346,59 Kb.
#115872
Байланысты:
3.3.- ресурс. Мәтіндердің түрлері және аналитикалық тапсырмалар



3.3.- ресурс. Мәтіндердің түрлері (типтері) және аналитикалық тапсырмалар  

Тапсырма  А:

 

ақпаратты  оқып,  берілген  деректерді  біртұтас  ақпараттық 



көрініске біріктіріңіз. 

 

PISA  тапсырмаларындағы  барлық  мәтіндер  олардың  қолдану  саласы  мен  жанрлық 



қатыстылығы тұрғысынан анықталған.  

PISA тапсырмаларындағы мәтіндердің негізгі қолдану салалары: 

1)  БАҚ  (ғылыми-танымал  мәтіндер,  қоғамдық  маңыздылығы  бар  тақырыптағы 

мәтіндер, жарнама); 

2) тұрмыстық немесе күнделікті өмір саласы (қызмет көрсету, сауда-саттық, қатынас 

көліктері, денсаулық); 

3) іскерлік немесе ресми сала

4) эстетикалық немесе көркемдік сала; 

5) оқу саласы. 

PISA  тапсырмаларында  оқу  мақсаттары  үшін  арнайы  жасалған  мәтіндер  емес  (оқу 

үшін деп аталатын), басқа салалардан, «шынайы өмірден» алынған мәтіндер қамтылған. Бұл 

түбегейлі  айырмашылық  болып  есептеледі,  өйткені  ортақ  тақырыптардың  болуына 

қарамастан, біз түрлі «мәтіндік құрылғылармен» және түрлі мақсаттағы мәтіндермен жұмыс 

жасаймыз. [1]. 

Оқылым  процесі  нақты  тәжірибеде  әрқашан  күрделі  іс-әрекет  түрлерінен  тұрады. 

Оқылым  кезінде  жазбаша  мәтінге  түрлі  мақсатта  сүйену  қажеттілігі  туындайды,  бұл  өз 

кезегінде  оқудың  әр  түрлі  стратегияларын  қолдануды,  түрлі  іс  –  әрекеттер  жиынтығын 

жүзеге  асыруды,  жалпы  техникалық  негіздемеден  басқа,  әр  түрлі  жазбаша  белгілердің 

мағынасын ашуды талап етеді 

Аналитикалық (құрылымдаушы) тапсырмалар.  

Тапсырманың негізі мәтін түрінде (сөздік, кесте, диаграмма, сурет және т.б.) берілген 

ақпарат аясы болып табылады. 

Бұл  жерде  толымсыз,  шектеусіз  сипаттама/  жағдаятты  көз  алдына  елестету,  әркелкі, 

ақпараттық  тапшылығы  бар  фрагменттік  және/  немесе  ақпараттың  шамадан  тыс  көптігі 

маңызды болып табылады. 

Мәтіндерге  қатысты  сұрақтардың  ерекшелігі,  олар  ұсынылған  фактілерді  жаңа 

қырынан  қарастырады,  оларды  салыстыруды,  іріктеуді,  интерпретациялауды,  толық 

ақпараттық көріністі қалпына келтіру үшін жетіспейтін элементтерді анықтауды талап етеді. 

Яғни, сұрақ берілген ақпараттық өрісті қайта құрылымдауды талап етеді. 

Сондықтан  да,  осындай  типтегі  тапсырмалар  оқудың  белгілі  бір  стратегиясын  талап 

етеді:  алдымен  мәтіндерде  ұсынылған  барлық  ақпаратқа  шолу  жасау  арқылы  танысу  (бұл 

танысу  процесінде  жалпы  тақырып,  әрбір  фрагменттің  ақпараттық  құндылығы,  сол 

фрагменттердегі  ақпараттың  ерекшеліктері  және  т.б.  анықталады),  содан  кейін  мақсатты 

түрде, бірнеше рет мәтін қайталанып оқылады және ондағы ақпаратқа белгілі бір мақсатпен 

талдау жасалады. (1-сурет.). 

Нақты тапсырмалар ұсынылған барлық іс-әрекеттерді қамтымауы мүмкін. 

Осындай тапсырмаларды орындау үшін талап етілетін негізгі дағдылар: мәтіннен 

салыстырмалы ақпарат алу, ұсынылған ақпаратты сыни бағалау, гипотезаны ұсыну

дәлелдемелерді қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты таңдау; бытыраңқы фактілерді 

бірыңғай ақпараттық көрініске біріктіру.

 

 




 

 

Тапсырма үлгісі: 

Жағдай:

 қоғамдық мақсаттарға арналған оқылым 



Мәтін форматы:

 тұтас емес/жадағай ақпараттық мәтін 



Дағдылар:

 ақпаратты табу 



Күрлелілік деңгейі:

 2 


 

Тапсырма В:  

Бүгінгі күні Чад көлінің тереңдігі қандай? 

A. Шамамен 2 метр (1 балл) 

B. Шамамен 15 метр 

C. Шамамен 50 метр 

D. Көл толықтай жойылып кеткен 

Е. Бұл туралы ақпарат берілмеген 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Дереккөз: 

1.

 



Задачи  на  грамотность  чтения.Типы  текстов  и  способы  их  использования  в  учебных 

заданиях


https://textarchive.ru/c-1500370.html 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет