Тапсырмалар : 3D редакторды іске қосу командаларын жаз



Дата16.12.2021
өлшемі120,09 Kb.
#101843
түріБағдарламасы
Байланысты:
6-21


Тапсырмалар :

    1. 3D редакторды іске қосу командаларын жаз








    1. 1-суретке мұқият қара. SketchUp бағдарламасының стандартты құрал- саймандарының атауларын жаз.

1-сурет. Бағдарламаның негізгі терезесі


1.

2.

3.

4.

5.

6.




3.Берілген модификациялау құрал-саймандарын қарастырыңыз.

Міндеті мен құралдар арасында сәйкестік орнатыңыз.






2-бөлім. «3D баспа»

Сабақтың тақырыбы: 2.7. 3D модельдерді практикалық тұрғыдан құрастыру.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны саны:

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.7 3D-баспасын баптау.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

SketchUp программасын пайдаланып бұйымдардың 3D моделін қалай құруға болатынын біледі.



Көптеген оқушылар:

3D модельдерді құрастыруда фигураларды, материалдарды қолданады.



Кейбір оқушылар:

3D-баспасын баптайды.



Бағалау критерийлері

3D модельдерді құрастыруда тұрмыстық заттардың модельдерін

құрастырады.



Тілдік мақсаттар

Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей ... .

  • 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдарын қалай тиімді қолдануға болады?

  • Көлемді геометриялық фигураларды қалай салуға болады?

  • SketchUp программасы күнделікті тұрмыста қолданатын қандай бұйымдардың 3D моделін жасауға қолайлы?

  • SketchUp программасын пайдаланып бұйымдардың 3D моделін қалай құруға болады?

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым - қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.

  1. “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

  4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық

байланыстар

Ағылшын тілі, Орыс тілі, Сурет, Математика.

Алдыңғы білім

3D баспасы.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сыныпқа жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.


  • 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдарын қалай тиімді қолдануға болады?

  • Көлемді геометриялық фигураларды қалай салуға

Интерактивті тақта






болады?

  • SketchUp программасы күнделікті тұрмыста қолданатын қандай бұйымдардың 3D моделін жасауға қолайлы?

  • SketchUp программасын пайдаланып бұйымдардың 3D моделін қалай құруға болады?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Сабақтың

ортасы

Практикалық жұмыстар. Сараланған тапсырмалар.



10 мин



1 – 4 тапсырмалар.

1, 2) Салу құралдарын қолданып модельдер құрастыру.

3, 4) Модельдер құрастыру. Құрастырылған модельдерге

«Стили» функциясын қолдану.



Оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер




Дескриптор:

  • Модельді құрастыруда фигураларды қолданады.

  • Модельді құрастыруда материалдарды қолданады.

  • Модельдерді бояу.

  • Модельдерді сақтау.

Қалыптастырушы бағалау: «Отшашу» әдісі бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды.



16 мин



5 – 10 тапсырма.

Тұрмыстық заттардың модельдерін құрастыру.


  1. Үй моделін құрастыру.

  2. Автокөлік моделін құрастыру.

  3. Үстел моделін құрастыру.

  4. Орындық моделін құрастыру.

  5. Терезе моделін құрастыру.

  6. Стақан моделін құрастыру.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер






Дескриптор:

  • Модельді құрастыруда фигураларды қолданады.

  • Модельді құрастыруда материалдарды қолданады.

  • Модельдерді бояу.

  • Модельдерді сақтайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.








Мақсаты: 3D баспа тақырыбы бойынша алған ақпараттарды іс-тәжірибеде қолдануға бағытталады.

Тиімділігі: Топтық, жұптық, жеке талқылау нәтижесінде алған білімдерін компьютерде жұптаса, жекелей отырып практикалық жұмыстарды жасайды. Бір-біріне үйрету арқылы өздері үйренеді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрінеді. Оқушылар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды орындайды. Қажеттілігіне қарай көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіледі.




Сабақтың соңы
7 мин

Сабақты бекіту.

Рефлексия «Бессаусақ» әдісі

«5 саусақ» парақшалары







Интерактивті тақта






(Д, Ұ) Балалар таратылған «5 саусақ» прақшасына презентацияда көрсетілген төмендегі критерийлер бойынша өз ойларын жазу керек.







-Өзімді қалай сезіндім?

-Басқаларға көмегім тиді ме?

-Бүгін көңіл күйім қандай болды?

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?



-Бүгін не үйрендім?







Мақсаты: Рефлексия жасау арқылы балалардың бүгінгі сабаққа қатысты ой түйінін, пікірін анықтау.

Тиімділігі: Мұғалімнің өз ісіне сыни түрде қарау.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет