Мирас Университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
Тақырыбы: «Тарих философиясы»
Пән: «Философия»
Курс: 2
Жумыс тапсырған:Кожакулов Е.М.
Тобы: РЭТ811-К1
Жумыс қабылдаған: бейсембеков.М
Тақырыбы: «Тарих философиясы» - Тақырыбы: «Тарих философиясы»
- Мақсаты: Студенттерді әмбебап философиялық білімнің кейінгі ғасырларда пайда болған жеке саласы тарих философиясымен таныстыру, оның зерттеу пәні мен әдістерін бағамдау.
- Дәріс жоспары:
- Тарих философиясының пайда болуы. Тарих философиясы туралы ойшылдардың ой-тұжырымдары.
- Тарих философиясы: өзіндік ерекшеліктері, негізгі мәселелері. Тарихты философиялық тұрғыда бағамдау.
- Тарих философиясының қазіргі заманғы концепциялары.
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ - ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ – философиялық білімнің бір саласы.
- ПӘНІ-тарихи процестің мазмұнын, оның дамуын философиялық зерделеу болып табылады.
- НЕГІЗГІ ӨКІЛДЕРІ: О.Шпенглер, А.Тойнби, Л.Гумилев, П.Сорокин, К.Ясперс, т.б.
- О.Шпенглер – “локальді мәдениеттер” концепциясының авторы.
- НЕГІЗГІ ЕҢБЕГІ: “Еуропаның құлдырауы”.
- Еуропоцентризмге қарсы теория ұсынды.
- Еуропоцентризм-Еуропа мәдениеті, тарихы арқылы адамзат өмірін тұтастай бағамдаудағы басты өлшем.
ОСВАЛЬД ШПЕНГЛЕР О.Шпенглер теориясы бойынша: - МӘДЕНИЕТ ЦИВИЛИЗАЦИЯ
- Мәдениет - белгілі бір территорияда өмір сүретін ұлттың тілі, дәстүрі негізінде қалыптасады, яғни, локальді болады. Мәдениет-тірі организм.
- Ал өркениет – мәдениеттің соңы.
ОСВАЛЬД ШПЕНГЛЕР - Ойшылдың ойынша тарихты зерделейтін болсақ, әрбір мәдениет шамамен 1200-1500 жыл өмір сүреді.
- Мынадай кезеңдерді бастан кешеді:
- Балалық
- Бозбалалық
- Есею
- Кәрілік.
ОСВАЛЬД ШПЕНГЛЕР Ойшыл мәдениеттердің келесі типтерін ажыратады: - Египеттік
- Вавилондық
- Үнділік
- Қытайлық
- Грек-римдік
- Арабтық
- Мексикандық (майя)
- Еуропалық.
ОСВАЛЬД ШПЕНГЛЕР - Мәдениет өзінің барлық мүмкіндіктерін тауысқанда, цивилизацияға айналады.
- Цивилизацияның белгілері: урбанизация, гигант-қалалар, ортақ ақша, халық орнына тобыр, діннің орнына өлі метафизика, шынайы әрекеттің орнына шоу, билікке деген құштарлық, сыртқа бағытталу.
АРНОЛЬД ТОЙНБИ - А.Тойнби Шпенглер ойларын жалғастыра отырып, өзінің “локальді өркениеттер” концепциясын ұсынады.
- НЕГІЗГІ ЕҢБЕГІ: “Тарих зерттеулері”.
- Тойнби теориясында мәдениет және өркениет – синонимдес ұғымдар.
АРНОЛЬД ТОЙНБИ - Тойнби теориясында мәдениет-адамдардың қолымен жасалған құндылықтар жиынтығы, ол цивилизацияның құрамдас бөлігі.
- Тойнби концепциясында мәдениеттің шарықтау шыңға жетуі цивилизация деп аталады.
АРНОЛЬД ТОЙНБИ Өзіне дейінгі зерттеушілермен салыстырғанда, Тойнби алғаш рет тарихты зерттей отырып, цивилизацияның келесі түрлерін ажыратады: - Батыс христиандық
- Православиелік христиандық
- Исламдық
- Қиыр-шығыс
- Индуистік
АРНОЛЬД ТОЙНБИ - Өзіне дейінгі еуроцентризмді сынаған ғалымдарға қарағанда, Тойнби цивилизацияны терістемей, керісінше жоғары бағалайды.
- Тойнбидің ойынша әлемдік тарихтың мұраты – біртектес әлемдік мәдениетті жасап шығару.
- Ол үшін бірлік қажет. Мысалы, барлығына ортақ дін.
АРНОЛЬД ТОЙНБИ - Адамзат мәдениетінің тарихын зерделей отырып, Тойнби “Талап-Жауап” концепциясын ұсынады.
- Тарих дамуы –табиғатпен қойылған талаптарға берілген жауаптар тізімі.
Әдебиет: - Негізгі:
- 1. Антология мировой философии В-4-хт.М.Мысив, 1969-1972
- 2. К.Маркс, Ф.Энгельс Соч.2-ое изд. Т1,3,20.
- Қосымша:
- 1. Ғабитов Т. «Мєәдениеттану» Алматы,2002
- 2. Ғабитов Т. «Философия» Алматы,2004
- 3. Кішібеков Д. «Философия» Алматы,2005
- 4. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. «Философия» Алматы,2011.
- 5. Құлсариева А. «Мәдениеттану негіздері» Алматы,2002
- 6. Төкенов «Мәдениеттану негіздері»Алматы,2002
- 7. Философия культуры М.,2000
- 8. Философия жєне мәдениеттану. Оқу құралы. Құрастырған: Т.Ғабитов, А.Қасабеков және т.б. Алматы,1998
Проблемалық сұрақтар (пікір-таласқа арналған): - Тарих филосолфиясының пайда болуының қандай алғышарттары болды?
- Тарих философиясыс
- Мәдениет пен табиғат, қоғам ара-қатынасы туралы не айтасыз?
- Мәдениетсіз адам бола ма?
- Болса немесе болмаса өзңіздің ой – пікіріңізді мысалдар арқылы дәйектеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |