Қ\Тарих реф



бет1/3
Дата17.12.2023
өлшемі26,87 Kb.
#197410
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Қ.Тарих реф.
AB>@8O \Z07. \Z07. $8=0;

ҚАЗАҚ ТЕХНАЛОГЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
«ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЕРВИС» КАФЕДРАСЫ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС» ФАКУЛЬТЕТІ


РЕФЕРАТ
«Қазақстан Тәуелсіздіктің 28 жылында қандай жетістіктерге жетті?»




Орындаған:Капышова Т. туризм-231


Астана 2023
Қазақстан Тәуелсіздіктің 28 жылында қандай жетістіктерге жетті?
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 28 жыл. Осы аз уақыт ішінде еліміз көптеген жетістікке қол жеткізді.
1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөз ақиқат болмай шықты. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашқан, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов айтты. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Осы жылы мемлекеттік рәміздер — Әнұран, Елтаңба және Туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.
1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.
1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы баспалдағын қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет