Тарихи жырлар «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» Нысанбай Жаманқұлұлы Нысанбай Жаманқұлұлы 1822 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туып, сонда 1883 жылы қайтыс болған. Нәсіл затым сұрасаң, Ашамайлы Кереймін,- деп өзі айтқандай, руы керей. «Кенесары-Наурызбай» жырында он жасында қобыз тартып үйренгені, он бір жасында сөз мәнін түсіне бастағаны, он екі жасында жақсының алдын көргені, он үш жасында жақсылардың соңына ергені, он төрт жасында өз елінде жүргені, он бес жасында Кенесары-Наурызбайды іздеп келгені сөз болады. «Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. «Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші белімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарык көрді. Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші белімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарык көрді. Тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты туған басқа шығармалардан озық, «жырда тарихи мәні бар жекелеген оқиғалар шындықпен баяндалады», шығармада суреттелген жайттар көтеріліс кезінде болған окиғалардан алшақтап кетпейді. Тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты туған басқа шығармалардан озық, «жырда тарихи мәні бар жекелеген оқиғалар шындықпен баяндалады», шығармада суреттелген жайттар көтеріліс кезінде болған окиғалардан алшақтап кетпейді. Нысанбай ақын тек шындықты жырлаған М.Әуезов «Әдебиет тарихы» зерттеу еңбегінде: «Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы», – деп, шығарманың шындыққа құрылғанын баса көрсеткен. Ұлы жазушы «Нысанбай жырында қырғыз үнемі жазықты болмайды. Қырғызда кінә аз. Соның бәрін бадырайтып айтпаса да, барымтаны олжалауға таласады. Ақын мұны да жасырмай жырлаған» Нысанбайдың «Кенесары- Наурызбай» дастанына тоқталып, тарихи маңызына, көркемдігіне баға беріп: «Поэмада оқушының жан жүйесін босататын, ойын тербететін лирикалы мотивтер көп. Бұл поэмасымен Нысанбай ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады» Нысанбайдың «Кенесары- Наурызбай» дастанына тоқталып, тарихи маңызына, көркемдігіне баға беріп: «Поэмада оқушының жан жүйесін босататын, ойын тербететін лирикалы мотивтер көп. Бұл поэмасымен Нысанбай ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады» Н.Жаманқұлов он бес жасынан Кенесары үйінде тәрбиеленеді. Ханның болып баласы, Бірге жаттым Ордада Ахмет, Тайшық қасында, Кенесәрі Нысанбайдың ақындығына таң қалып: «шайқаста қорқу дегенді білмейтін басықарадай батырды көрген емеспін, алдыңғы айтқандарын бір рет те қайталамай бірнеше күн қатарынан суырып салып жырлайтын нысанбайдай жырауды көрген емеспін» Кенесәрі Нысанбайдың ақындығына таң қалып: «шайқаста қорқу дегенді білмейтін басықарадай батырды көрген емеспін, алдыңғы айтқандарын бір рет те қайталамай бірнеше күн қатарынан суырып салып жырлайтын нысанбайдай жырауды көрген емеспін» Нысанбай-жорық жыршысы Кене ханның тұсында Қарт бурадай жарадың. Жауды жасқап, жапырып, Жауған қардай борадың. «Абылайлап» ат қойып, Дұшпанның алдын орадың Жырдың аяқталуы Бұл қиссаны шығарған Нысанбай деген жыршы еді, Хан Кененің тұсында Жұрттан озған сыншы еді, Айтқан сөзі үлгілі Құлақтың бір құрышы еді, Өлең-жырға Нысанбай МәшҺүр шешен нар еді, Бір естіген адамдар Сөзіне тағы зар еді,- Көзімен көріп сөз қылған Соғыста өзі бар еді. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |