Мустье кезеңінде өмір сүрген адамдар неандерталь деп аталады. Ол Германия жерінен табылды. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанньщ Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100- 35 мың жыл бүрын өмір сүрген. Олар тастан, сүйектен, ағаштан қүрал жасай білген. Отты өз керегіне пайдаланған.Мустье кезеңінде еңбек өнімділігі артып, алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері байқалды. Адамдардың алғашқы ұжымы тұрақты қауымға айнала бастады.. Неандертальдықтар негізінен аңшылық және терімшілікпен айналысты. Ірі аңдардан бизон, мамонт, үңгір аюларын аулаған.
Адам уақыт өткен сайын өзгеріп отырды. Байқағыштығы жетіліп, өз білгендерін бір-біріне үйрете бастады. Еңбек құралдарын жетілдіре түсті, қол қашауын жасауды үйренді. Ол үшін қалақ тасты екі жағынан қашады, белгілі бір пішінге келтіріп, оны таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапкылар мен қырғыштар жасалды.
Алғашқы еңбек кұралдарын дайындау тәжірибесі баяу жинакталды. Мустье кезеңінде құралға арналған тас жаңқалар домалак, үшбұрышты келген өзектастардан сындырылып алынды. Уақыт өткен сайын адамдар тастан үсақ әрі жұка кұралдарды жасап шығарды. Нәтижесінде теріні кесетін және тесетін өткір жүзді, үшбүрышты калақшалар, өлтірілген жануарлардың терісін сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер пайда болды. Аң аулауға шокпарлармен катар найзалар да пайдаланылды. Сүйектен ине мен біз дайындалды. Сөйтіп адам бірте-бірте тастан пышак, найзаныңұштарын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады.Адамдар біртіндеп тасты өңдеуді, оны бұрғылауды үйренді, еңбек құралдары үнемі жетілдіріліп отырылды.Қазақстанның орталык және шығыс аймақтарын адам баласы мустье заманының басында игере бастаған. Олардың осы аймактардағы Обалысай, Мұзбел, Қанай т.б. қоныстары табылды. Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас кұралдардың пайдаланылған уақыты 140-132 мың жыл бұрын екені анықталды.