Тауар-адам еңбегінің нәтижесі,бірақ олар өздерің жасаушылардың мақсаттары мен мұқтаждықтарына қызмет етпеуі мүмкін. Айырбас құны нақты тауардан еркін айналып жүретіндіктен және бөлек салада бар секілді көрінгендіктен
Тауар-адам еңбегінің нәтижесі,бірақ олар өздерің жасаушылардың мақсаттары мен мұқтаждықтарына қызмет етпеуі мүмкін.Айырбас құны нақты тауардан еркін айналып жүретіндіктен және бөлек салада бар секілді көрінгендіктен,біз осы объектілердің нарығы тәуелсіз әрі дербес екендігіне сенеміз.Толық дамыған капитализмде бұл сенім объектілер мен олардың нарықтарының нақты, тәуелсіз құбылыстарға айналғаны секілді шындыққа айналады.Тауар тәуелсіз, мистикалық сыртқы шындыққа ие болуы мүмкін.Маркс бұл процесті тауардың фетишизмі деп атады.Маркстің бұл теориясы Фрейдтің фетиш туралы түсінігінен әлде қайда бұрын айтылған еді.Маркс кейбір діндердің тәжіриебелі мамандарының,мысалы зуналықтардың мүсіндер жасап,содан кейін оларға табынуы туралы айтып берді.Маркс фетиш деп біз өзіміз жасаған және оған құдай сияқты табынып,құлшылық етіп,кие тұтқан нәрсені сипаттады. Капитализмде біз жасайтын өнімдер,олардың құндылықтары және айырбастан тұратын экономиканың адам қажеттіліктерінен тұратын тыс өзіндік мақсаты бар.Маркс айтқандай,бізді шын мәнінде адам етіп қалыптастыратын нәрсе сатып алатын және сатылатын тауарға айналады.Өз еңбегіміз өзімізден бөлек айырбас құнына ие болады.Ол дерексіз нәрсеге айналды және капиталистің бізге үстемдік ететін объектілерін жасауда пайдаланылады.Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тауар өндірушілердің еңбегі де өз мақсаттарына қол жеткізіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін емес,нарыққа шығару үшін керек. Маркстің тауарларды талқылауы және олардың фетишизмі бізді жеке автор деңгейінен ауқымды әлеуметтік құрылым деңгейіне дейін алып келеді.Тауарлардың фетишизмі экономикаға тәуелсіз объективті шындықты айғақтайды,ол авторға қатысты сыртқы сипат алады.Осылайша тауар фетишизмі заттандыру тұжырымдамасына аударылды.Заттандыру тұжырымдамасын “заттау” немесе адамның жаратқан әлеуметтік формалары табиғи,әмбебап және абсалютті нәрселер екеніне сену процесі деп санауға болады.Құрылымдар іс жүзінде адамдарға берілген сипатқа ие болады.Адамдар экономиканың объективтілігі мен беделінің көрінісімен гипноздалады.Адамдар жұмыс орнынан айырылып ,мансаптық таңдау жасайды немесе экономикаға байланысты үнемі көшіп жүреді.Алайда Маркстің айтуы бойынша,экономика-объективті табиғи құбылыс емес.Бұл- үстемдік нысаны, пайыздық өсімдер мен жұмыстан босату туралы шешімдер,яғни бір топқа басқалардан артық пайда әкелетін саяси шешімдер. Адамдар әлеуметтік қарым-қатынастардың және әлеуметтік құрылымдардың барлық түрін растайды.Олар тауарларды және басқада экономикалық құбылыстарды қалай растаса,саяси және ұйымдастырушылық құрылымдарды да дәл солай дәлелдейді.Маркс мемлекетке қатысты:адам мен мемлекет арасындағы бұл қайшылықтардан кейін қоғам соңғы және тұлға мен қоғамның нақты мүдделерінен ажырасқан мемлекет ретінде өзіндік нысанды қабылдайды деген ұғым қалыптастырды.
Сонымен Маркс экономика тек авторлар ғана орындауы мүмкін деп санайтын функцияны қабылдайды,яғни құндылықты өндіру функциясы.Маркс үшін бір нәрсенің шынайы құндылығы еңбектің пайда болуы мен және біреуге қажет болуымен сипатталады.Тауардың шынайы құндылығы адамның әлеуметтік қатынастарын білдіреді.Керісінше,капитализмде Маркс былай дейді:Адамдар арасындағы белгілі бір әлеуметтік қатынас олардың көздеріне заттардың өзара фантастикалық нысанындай елестейді. Тауарға және нарыққа нақты мән беру арқылы адам капитализм тұсында оларды бақылау функциясын жоғалтады.Сондықтан тауар – жұмбақ нәрсе өйткені ерлер еңбегінің әлеуметтік сипаты сол еңбектің нәтижесі ретінде объективті түрге ие болады.Өндірушілердің өз еңбегіне қатынасы олардың өздерімен емес,еңбек өнімі арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас тұрғысында сипатталады.