Тауар қаптамаларындағы қазақ тілінде грамматикалық қателерді зерттеу және оларды болдырмаудың жолдары



Дата28.01.2018
өлшемі31,04 Kb.
#34066
Тауар қаптамаларындағы қазақ тілінде грамматикалық қателерді зерттеу және оларды болдырмаудың жолдары
Акимжанова Айжан, «Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК, 2 курс студенті,

Алматы облысы, Текелі қаласы.

Жетекші: Ботантаева С.С.
«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?»

Н.Ә.Назарбаев
Зерттеу жұмысының өзектілігі:


  • Тауар қаптамаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлдегі қажеттi ақпараттың олқылығы кең етек алуда.

  • Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының мемлекеттік тілге қатысты өрескел бұзылып жатқандығы;

  • Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың көпжылдық бағдарламалардың іске аспай жатқандығы.


Зерттеу жұмысының мақсаты:

  • Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оның қолданылу аясын арттыру;

  • Тілдік қателіктер жіберген қаптамалар, этикеткалар мен орама-қораптар, сондай-ақ, тіпті мемлекеттік тілде жазулары жоқ тауарларды болдырмау;

  • Тауар өндірушілер мен сауда желілерінің иелерінің назарын қазақ тіліне құрметпен қарап, тауарлардағы аударма сапалы болуы керектігіне аудару.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Халық тұтынатын тауарларда қазақ тіліндегі мәтіндердің қателерін анықтау және оларды болдырмаудың жолдарын табу;

  • Мемлекеттік тілді бұрмалауды әшкерелеп, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.


Зерттеу кезеңдері:

1 кезең – Тілге байланысты нормативтік-заңнамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды оқу, интернет көздерін пайдалану;

2 кезең – Өндірістік оқу сабақтарында және тұрмыстық жағдайда грамматикалық қателері бар тауар қаптамаларын жинау;

3 кезең – Текелі қаласының дүкендерін аралау, дүкен сатушыларымен сұхбаттасу;

4 кезең – Тауар тұтынушылар арасында сауалнама жүргізу;

5 кезең – Тауар өндірушілермен сұхбаттасу;

6 кезең – Текелі қаласының мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің мамандарымен сұхбаттасу;

7 кезең –Тауар өндірушілерге арналған жадынамаларды әзірлеу.


Жұмыс нәтижесі:

  • Тауар қаптамаларындағы қазақ тілінде грамматикалық қателердің алдын-алу және Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңының бұзылуын болдырмау.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы;

  2. Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы»1999 жылғы 26 шілдедегі № 456 Заңы;

  3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 72-V Заңы;

  4. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары;

  5. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  7. Қазақша-орысша сөздік (50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі) – Алматы: Дайк-Прес, 2008. – 962 б.

  8. Орысша-қазақша сөздік. І-ІІ том – Алматы: Арыс, 2007.

  9.  Қазақ тілі: оқулық. Бектұров Ш., Серғалиев М. - Алматы : Білім, 1994. - 223б. с.

  10. Тарихи грамматика мәселелері. Т. Қордабаев, М. Томанов. - Алматы : Мектеп, 1975. - 176 б.


 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет