Тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін қарастыру



бет1/42
Дата13.05.2022
өлшемі316,22 Kb.
#142948
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
тауартану ответ


  1. Тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін қарастыру.

Тауарлы өндірісте шешуші категория тауар болып табылады. Оның мәнін әркім әр түрлі түсінеді.Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан шығатыны:

  • тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.

  • тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.

  • тауар сатуға арналған

Австриялық экономикалық мектебінде (оның көрнекті өкілі К.Менгер ) тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.Экономикалық игіліктерге К.Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады. Бұл екі анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. Айырмашылығы екінші анықтама игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді, ол біріншісінде ескерілмейді. Әр түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, барлық мектептер еңбек арқылы өндірілген пайдалы өнімдер де, еңбек жұмсалған табиғат сыйларымен әр түрлі қызметтердің де тауар бола алатынын мойындайды. Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.
Тауардың екі қасиеті бар:

  • қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

  • басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады. Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу алу қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас негізінде не жатыр және бір басқа тауарға айырбасталуының сандық пропорциясын не анықтайды деген сұрақты алғаш Аристотель қойды. Кейіннен әр түрлі экономистер оған түрлі жауап берді.
Экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар жатады. Күнделікті өмірде біз «тауар» сөзін қолданамыз, оның мағынасына аса мән бермейміз және бұл ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе-сөз алатын болсақ «мүлік», «жақсылық» мағынасын білдіреді.
Ал экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәнге ие болады. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналған, яғни айырбас үшін немесе сатып алу-сатуға бағытталған. Қоғамдық өндірістің қазіргі құрылымы мен нарықтық қатынастарды ескере отырып, материалдық өнім ғана тауар емес, сондай-ақ материалдық емес сипаттағы қызмет көрсетуде тауар бола алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет