Технологиялық процесс дегеніміз — бұл



Дата16.11.2022
өлшемі46,13 Kb.
#158560
Байланысты:
Технологиялық процестің сатылары
Сатылым алаңындағы дайындық және тауарлық өнімді қабылдау


Кіріспе
Тәжірибе кезінде гипермаркеттің сату бөлімдеріне жеке-жеке тоқталып, (азық-түлік өнімдері бөлімі, хиялық тауарлар бөлімі, жеміс-жидек бөлімі, үйге қажетті тауарлар және ыдыс-аяқ бөлімі, т.б.) жұмыс барысымен, яғни тауарды қабылдаудан бастап, негізгі қабылданатын құжаттар, тауарды тексеру, жеке-жеке бөліп, сөрелерге орналастыру сияқты жұмыстармен қатар, негізгі тазалық және тауарды сату кезіндегі басты мақсаттармен таныстым. Ең бастысы модуль бойынша Технологиялық процестің сатыларымен таныстым.
Ең алдымен, технологиялық процесс дегеніміз — бұл реттелген жүйелілігі, өзара байланысты әрекеттер мен операциялар орындалатын үстінен деректер алуға дейін қажетті нәтиже. Кез келген технологиялық процесті күрделі процестің бір бөлігі және қарапайым (элементарлы) технологиялық процестердің жинағы деп қарастыруға болады. Элементарлы технологиялық процес немесе технологиялық операция деп - технологиялық процестің барлық ерекшеліктеріне ие ең кіші бөлігін айтады.


  1. Технологиялық процестің сатылары.

Технологиялық процестің сатылары - саны мен сапасы бойынша тауарларды қабылдау «Сапа бойынша өндірістік-техникалық сипаттағы өнімдерді және халықтың тұтыну тауарларды қабылдау тәртібі туралы» және «Сапа бойынша өндірістік-техникалық сипаттағы өнідерді және халықтың тұтыну тауарларды қабылдау тәртібі туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Саны бойынша тауарларды қабылдау - бұл құжаттарда (шот - фактура) көрсетілген мәліметтерге сәйкес келіп түскен тауарларды салмағын, орын сандарын, бірліктерін салыстыру. Салыстырулар инструкцияда көрсетілген белгілі бір уақытта жүргізіледі. Жетіспеушілік орын алған жағдайда коммерциялық акт толтырылады.
Сапа бойынша тауарларды қабылдау – белгіленген талаптарға және ілеспе құжаттарға (сапа сертификаты, санитарлық сертификат, ветеринарлық сертификат) сай тауардың сапасын, толықтығын, орамасын, маркасын тексеру. Бұл инструкцияда көрсетілген уаққытта жүргізіледі. Сапасы талаптарға сай емес не толық болмаған жағдайда тауарларды қабылдануы тоқтатылады және коммерциялық акт толтырылады.

Технологиялық карта - бұл процестерді іске асыру үшін операцияларды және оған кеткен техникалық құралдарды, уақыт және еңбек шығындарынкөрсететін құжаттың формасы. Тауарларды қабылдаудың технологиялық картада бір күнде түскен тауарлардың графигі, орындалған операциялардың сатылары, тауарларды түсіру және қабылдау жұмыстарын орындауғаған жұмысшылардың саны болуы керек.





  1. Тауарларды сату формалары

Тауарларды сатудың келесідей формалары бар:

  • Өзіне - өзі қызмет көрсетілуі – сатып алушылар өздері қарап, таңдап және таңдалған тауарларды есеп айырысу орындарына әкеліп, төлемді жүргізеді;

  • Алдын – ала тапсырыстары бойынша тауарлардың сатылуы – сатып алушылар алдын ала өздеріне қажетті тауарларға тапсырыс беріп, келісілген уақытта дүкенде, үйде не жұмыс орында ала алады;



  • Жеке дара сатылуы – сатушы әрбір нақты сатып алушыға қызмет көрсетіп, оған тауарды таңдауға көмектеседі, тауарларды қолдану аясында кеңес береді, орап, тауарды жөнелтеді. Сатып алушымен есеп айырысудың барлық формалары пайдаланылады, сатудан кейінгі қызмет көретіледі, сатып алушыға тегін жеткізіледі, тауарды қайтаруы қарастырылады;



  • Сату орынадарынан сатылуы – сатып алушылар өздері тауар ассортиентімен танысады, ал сатушы сапасын тексеріп,кеңес беріп орап және тауарды жөнелтеді;

  • Үлгілермен танысу арқылы тауарларды сату – сатып алушылар өздері не сатушының көмегімен сауда залында тауарлардың үлгерімен танысады. Таңдап алғаннан кейін және есеп айырысқаннан кейін тауар сатушының үйіне жеткізілуі мүмкін не дүкен қоймасынан тікелей берілуі мүмкін.

  • Телефон арқылы сатылуы – тауарларды еркін түрде сатылуы. Сауда агенттері арқылы жүзеге асырылады;

  • Кеңес берушілік сатылуы – кеңес беруші болып табылатын сатушы сатып алушыларға қызмет көрсетеді. Инжинирингтік қызметтер көрсету, құрылыста қолданылады;

  • Топтық (парадоксальды) сатылуы – сатудың бұл формасы тыңдау, жалпы көзқарастарды бөлуге негізделген. Сатушы иесі ролін атқарады.\


Сатудың келесідей сатыларын ажыратады: 

  • Контакт орнату;

  • Қажеттіліктерін анықтау және тыңдау;

  • Аргументация және тауар көрсетілімі;

  • Сатуды жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет