Біліктілігі: 0105083 - «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»
Тобы: ББ-П-18
Тәжірибе жинақтау түрі: Жазғы лагерь
Күні: 16.06.2021ж 1 пар. Қайырлы күн, білім алушы!
-Жазғы лагерьде балалардың демалысын ұйымдастырып, өткізуде басты тұлға-тәлімгер. Төменде тәлімгер жұмысының мақсат-міндеттері, жұмыс бағыттары берілген. Тәлімгердің міндеттері
Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды.
Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді.
Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтары мен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды.
Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады.
Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды.
Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды.
Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді.
Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылармен тәрбиеленушілер, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды.
Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады.
Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады.
Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыны) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді.