Тексерген: Габбасова Ж. Ж



Дата01.08.2020
өлшемі17.96 Kb.

Эссе

Тақырыбы: Кәсіпкерлік құпияның, мәні. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің жіктелуі.

Орындаған:Кенжебаева А.Т

Тексерген:Габбасова Ж.Ж

Кәсіпкерлік құпияның, мәні. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің жіктелуі.
Кәсіпкерлік құпия - бұл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді құпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кәсіпорынның, кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы. Кәсіпорын мен кәсіпкерлер таралуы олардың нарықтағы позициясын әлсірететін және бәсекелестері үшін қызығушылық тудыратын, өз қызметінің барлық жақтары туралы ақпаратты құпияда ұстауға құқықтары бар.
Кәсіпкерлік құпия — бұл ең алдымен өндірістік құпия, ғылыми-зерттеушілік, жобалық-конструкторлық, технологиялық зерттеулердің, қосалқы міндеттердің жеке шешімдері және нақты өндіріс үрдісінде пайда болатын нәтижелер. Ол өндірістің техникасы мен технологиясы, жобаланып және өндіріске дайындалып жатқан өнімнің жаңа түрлері , олардың өзіндік құны мен болжамдық бағасы, өндірісті ұйымдастыру және т.б. туралы ақпарат болуы мүмкін. Сонымен қатар нақты өндірістік үрдістердің басқару әдістеріне қатысты ар-найы техникалық шешімдер де болуы мүмкін. Құпияның коммерциялық мәні мәмілеге қатысушыларыдың оны дай-ындауымен және жүзеге асыруымен тікелей байланысты. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің жіктелуі 28-суретте келтірілген.
Ірі кәсіпорындар ақпараттың таралып кетпеуін (оның ішінде өнеркәсіптік тыңшылың нәтижелері), яғни бәсекелестерге қандай да бір артықшылықтар беретін немесе оларға өткізу мен табыс алудың көзі болуға айналатын кәсіпорынның ғылыми-техникалық, коммерциялық, өндірістік қызметтері мен бөлімшелерінің қызмет ету нәтижелерін қайтарымсыз түрде қолдануға мүмкіндік беретін жағдайлардың алдын алу мақсатында сақтық шаралар жүзеге асырылады. Сонымен қатар кәсіпорындар өздері өз қызметінің нәтижелері тура-лы бүқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға ақпарат береді, коммерциялық және өндірістік жетістіктері мәліметтер таратады. Дегенмен, өндірістік үрдістердің мәнін ашып көрсетпейді. Бұл жағдай кредиторлар мен сатып алу-шылар тарапынан оларға деген сенімді арттырады, өнім өткізу нарығын кеңейтеді, бағалы қағаздар нарығындағы ак-циялар курсын арттырады және т.б.
Ақпарат нарықтық экономикада тауар болып табылады. Сондықтан да оны алу, сақтау, беру, пайдалану нарықтық эко-номика заңдарына бағынуы керек!

Кәсіпкерлік кұпияны кұрайтын мәліметтердің жіктелуі


Коммерциялық құпия кәсіпорын меншігі болып табылады. Оның мақсаты - бәсекелік күресте кәсіпорынға экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз етіп отыру. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат бірқатар талаптарға жауап беруі керек.
1. Ақпаратты ашық қолдану кәсіпорын үшін зиянмен байланысты.
2. Ақпарат заңдық негіздік түрғыдан жалпыға белгілі және жалпыға қолжетімді болып табылмайды.
3. Кәсіпорын экономикалық және басқа да тиімділікті қамтамасыз ету үшін құпиялылықты сақтау бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.
4. Ақпарат қорғауды қажет етеді.
5. Бұл мәліметтерді құпияда ұстау кәсіпорынға зиян тигізбейді.
Экономикалық жүйеде нарықтық механизмдерінің қалыптасуы коммерциялық құпияның құқықты негізінің қалыптасуын қажет етеді. Ол кәсіпорынды және ұйымды әділетсіз бәсекелестерден қорғау, интеллектуалды қызмет өнімдерін, яғни өнертабыстарды, инновацияларды, компьютерлік бағдарламаларды, басқарушылық шешімдерді қайтарымсыз қолдануды болдырмау мақсатынан туындайды.
Заңнамаға сәйкес кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайтын ақпаратты мемлекетттік органдарға бермеуге құқығы бар. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізбегі кәсіпорын басшысымен анықталады.
Коммерциялық құпия келесідей ақпараттардан тұрады:
1.кәсіпорынның сауда қатынастары;
2.қаражаттар айналымын ұйымдастыру мен олардың мөлшері;
3.өткізу нарықтарының жағдайы;
4.банктік операциялар;
5.жабдықтаушылар мен тұтынушылар;
6.патенттердің мазмұны;
7.капиталдар құрылымы;
8.инвестициялар жоспарлары;
9.жасалған контрактілер;
10.тауарға деген бағалардың қалыптасуы;
11.табыс мөлшерлері мен өндіріс көлемдері.
Өндірістік құпия келесідей ақпараттардан тұрады:
1.өндіріс пен технология тәсілдері;
2.еңбекті ұйымдастыру;
3.техникалық жаңалықтар мен өнертабыстар;
зерттеу жұмыстарының мақсаты мен сипаты.
Іскерлік ақпарат мыналарға қатысты:
1.кәсіпорын қаржылары (қаржылық есептілік, клиенттермен есеп айырысу жағдайы, қарыз, несиелер, төлем қабілеттілік, табыс, өнімнің өзіндік құны);
2.өндірісті дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлары, оның ішінде жаңа технологияларды, өнертабыстарды, ноу-хауды пайдалану;
3.өнімді өткізу жоспарлары мен көлемдері (маркетинг жоспарлары, сауда операцияларының сипаты мен көлемі, бағалар деңгейі, қойма қорлары);
4.өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, экспорт пен импорт тиімділігін, нарыққа шығудың болжамды мерзімін талдау мәліметтері;
5. жарнама қызметінің жоспарлары;
6.сауда және басқа клиенттердің, делдалдардың, бәсекелестердің тізімі, олармен өзара қатынас туралы, қаржылық жағдайы туралы, контрактілердің шарттары туралы мәліметтер;
1.басқару әдістері мен ұйымдастыру;
2.кәсіпорын персоналының беделі мен сипатын бағалауы;
3.еңбекті ұйымдастыру жүйелері.
Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі
Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғау барысында кәсіпорын екі бірдей міндетті шешуі қажет. Бірінші, ол өз қызметі жайында тұтынушылар және жабдықтаушыларды жарнамалау және ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуі қажет. Екінші, кәсіпорын қызметінің көптеген аспектілерін жар-намалау үшін, оның нақты ақпараттық мәліметтерін ашық пайдаланбау мүмкін емес. Бұл жағдайда кәсіпорынның коммерциялық қүлиясын ашу проблемасы туындайды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет