Тексерген: Козгамбаева Г. Б



Дата08.02.2022
өлшемі266,98 Kb.
#123467
Байланысты:
Махал Айжан СИБ 21-2 СӨЖҚҚЗТ


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Ақпараттық технологиялар факультеті


Ақпараттық қауіпісіздік кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Қазақстан жеріндегі ашаршылықтар»

Тексерген:Козгамбаева Г.Б.


Орындаған: Махал А.Ж.

Алматы 2021 жыл




Ғылыми жоба жоспары.
1.Қазақстандағы 1921-1922 жылдары болған ашаршылық.
2.1931-1933 жылғы ашаршылық
• Ашаршылықтың шығу себептері;
• Ашаршылықтың қазақ халқына тигізген ауыр зардаптары;
• Ашаршылыққа қарсы күрес;
• Қазақ зиялыларының ашаршылыққа көз қарасы;
• Ашаршылықтың аяқталуы.

Ашаршылық тек Қазақстанға емес, барлық халық пен мемлекет үшін өте қиын қасіріт болып табылады.Біздің қазақ елі осы ауыр қасіретті басынан тек бір рет қана емес, бірнеше рет өткізеді.


Ашаршылық біздің қазіргі демографиямызға әсері өте көп болды, сеебі, ашаршылық жылы көз жұмған халық пен қоныс аударып кеткен тағдыр тауқыметін шеккен адам саны аз деуге келмейді.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П ОК 1921 жылы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады.
«Ашаршылық тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі деңгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде , бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай ақ помещикер мен капиталисттердің және солардың итаршаларының бізге қарсы күресінің бәсеңдемей отырғанының салдары.»Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.

Әскери комунизм -саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді.

Ашаршылық құрсауында қалған қазақстан аймақтары:
Орал,Орынбор, Қостанай,Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақщылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап қалды.
1920-1921 жылғы ұзаққа созылған қалың, қатал қыс Торғай уездіндегі малдың жаппай қырылуына алып келді
Шұбалаң,Майқара,Сарыоқпа және басқа болыстарда зардап шекті.
Ашаршылық 1558927 тұрғыны бар 1048100 шаршы метр аумақты қамтыды.
1921 жылдың қараша айындағы ашыққан адамдар саны

Қазақ АКСР і бойынша 1921 жылы қараусыз қалған балалар саны 128000 болса , бір ай ішінде осы көрсеткіш 30000-ға артады, ал 1923 жылы 408022-ге жетеді.
ҚазОАК-нің Төрағасы С.Мендешовтың 1922 жылғы есептеулері бойынша ашыққан адам саны 2800000-ға жуық болды.Ал 1920 жылы республикадағы барлық тұрғын саны 4781263 адам еді.Оның 50 %-ы қазақтар болатын.

Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға ,ірі қара 50 %-ға , ұсақ мал 65 %-ға азайды, егіс алқабы 62 %-ға қысқарады.

Республиканың ашыққан аймақтарындағы халық жан сауғалап, өз еріктерімен шет елдерге көше бастады.



1922 жылы ҚазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жүгері ашаршылықпен күреске бағытталды.Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық коммисия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстар нәтижесінде 1922 жылы адамдарды егін тамақтандыру мүмкіндігі туды.Сол жылы көктемде астық тұқым себу жұмыстары қарсаңында аудандарға тегін астық берілді.
Коммисияларға ашаршылықпен күресуші губерниялық,болыстық,ауылдық органдардың әкімшілік тетіктерін кедергісіз пайдалану өкіліттілігі берілді.
1922 жылы Республикада ашыққандарға көмек көрсету үшін барлығы 7 губерниялық , 46 уездік және аудандық , 1127 болыстық, ауылдық және селолық коммисиялар құрылды.
Аударда тегін тамақтандыратын асханалар ашылды,қараусыз балаларға арнап балалар үйі жұмыс жасады.Шет елдерден мал сатып алынды.Отанына оралған босқындарға көптеген әлеуметтік жеңілдіктер жасалды.


1931-1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық

Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны қазіргі кезге дейін өзекті мәселе болып қала береді.Осы жылдары болған ашаршылық құрбандарын кейбір ғалымдар «Голощекиндік аштық босқындары» деп те атайды. Бұл аштықтың бастауында «кіші қазан» төңкерісі тұрды«Кіші Ленин» болғысы келген Ф.Голощекин қазақ жерінде «Кіші Қазан» қызыл қырғынын жасады.
Кіші қазан революциясы-“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді.
Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды.
Халыққа, әсіресе, қазақ халқына ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, көшпелі халықты бірден отырықшыландыру жөніндегі соқыр саясат тым ауыр тиді.
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.

1926 жылы Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады.


Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.

1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді. 1931 жылы ондай өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы 769 мыңнан астам адам өлді немесе ата қонысын тастап көшіп кетті. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1 миллион 750 мың қазақ немесе ауыл халқының 40 пайызы тікелей шығынға ұшырады… Тек 1930 жылғы қаңтардан 1931 жылғы маусым аралығында 280 мыңнан астам қожалықтан 1 млн 70 мыңдай адам көшіп кетті.


Киіз үйлі қалашықтар қаңырап бос қалды. Қалада да, далада да алба-жұлба, аш-жалаңаш босқындар көбейіп кетті. Баяғы қоғамдастырылған 40 миллион мал жем-шөбі, су-суаны, күнделікті күтімі болмағандықтан, жаппай ақ сүйекке ұшырап, 1932 жылдың аяғында оның төрт миллиондайы ғана қалды. Өзегі талған халық, сірә, «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген голощекиншілдік ұранды нақ осы тұста мәтелге айналдырса керек.
Қазақстанда 1929-1932 жылдары 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңға жуық адам қатысты. Әсіресе, Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Шыңғыстау, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау және басқа аудандарда шаруа қозғалыстары болды.

Қазақстанда осы кезде басқа халықтар мен этностардың саны:


Украиндар-859мыңнан 658мыңға,
Өзбектер -228мыңнан 103мыңға
Ұйғырлар -62мыңнан 36мыңға азаяды
Ал қазақтар осы аштық кезінде 2 миллион халқынан айрылған
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.Үйреніскен жерін тастап адамдар Сібірге,Өзбекстанға кетуге мәжбүр болады.
Өз халқының ауыр халін көрген қазақ зиялылары 1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты»-Ғ.Мүсрепов,М.Ғатаулин,М.Дәулетқалиев,Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев жазды.
Онда көтерілген мәселелер :
1.Орташаларға байлар мен бірдей соққы берілді,сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.
2.Байлар малды қырып тастауға тырысуда.
3.Жалған колхоздарды –ұйымдастыру жалғасуда.
4.Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.
Ол хаттан бөлек қазақ халқының басына тарихтан этнос ретінде жойылып кету қатері төнгенде, оның азамат ұлдары бас көтере бастады. Голощекиннің жүгенсіздігі жөнінде Тұрар Рысқұлов атына екі рет хат жолдады.

Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:


«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».
Сонымен 1930-33 жылдардағы аштан қырылу көрсеткіші 2 млн. 200 мың адамнан асып кететінін тағы да атап көрсетуге тиіспіз. Жанама санақтар деректері де ашаршылық жылдары осынша адамның қырылғанына көзімізді жеткізді.

Қолданылған әдебиеттер:


1.Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-

2. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін беас томдық» жоғарғы оқу орнына арналған оқулық/


Алдажұманов Қ.С. , Қозыбаев М.Қ. ,Төлепбаев Б.А., Түймебаев Ж.Қ. , Байпақов К.М. , Қошанов Б.Е. , және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет