Темекі шегу туралы ақиқаттар
1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка екенін білеміз ғой) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады.Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы – оның тәуелділік тудыру қасиетінде.
2) Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады;
3) АҚШ-та темекі шегетін әйелдер саны (22%) шылым шегетін ер адамдар санына жетіп қалды (35%). Европада айырмашылық 20 пайыздай(46 пайыз ер адамдар, 26 пайыз әйел адамдар). Статистика бойынша темекі тартатын әйелдер саны шылым шегетін ер азаматтар санынан әлдеқайда аз.
4) Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен.
5) Жылдан жылға ең танымал темекі маркаларының өнімдерінде никотин мөлшері артуда.
6) 1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.
7) Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.
8) АҚШ-тың темекі өндірісінің басты табыс көзі – темекі экспорты, яғни сыртқа сату. Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы.
9) Бүкіл-әлемдің Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша, сатылымдағы темекінің 25 пайызы көшірме.
Темекі жайлы «Қияли түсініктер»:
1) Мода және «понт»
«Қияли түсінік»: егер ер азамат темекі тартса, онда ол нағыз ЕР, ЖІГІТ! Ал, егер қыз темекі тартса, онда ол өз-өзіне сенімді, әдемі әрі идеал! Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Темекі тартатын қыздың тісі сары, аузынан жағымсыз иіс шығады да тұрады, әрі саусақтар сары-қоңыр болып, тері өзінің табиғи сұлулығын жоғалтады. Оттегінің жетіспеуінен целлюлит пайда болады. Әлемнің психологтары темекіні әлсіз ерлер шегетінін дәлелдеген.
2) Артық салмақпен күрес
«Қияли түсінік»: Шылым артық салмақты жойып, сымбатты болуға көмектеседі. Тәбетті бәсеңдетуге көмектесіп, тәттіге, тамаққа, тағысын тағы дәмділерге қаратпайды. Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Жан-жағыңызға қараңыз, арық пен тырықтар ғана темекі тартады ма? Айналада аузында темекісі бар, талай жылдар бойы темекі тартқан толық жандарды көреміз. Мынандай сөзді естігенсіз бе: «темекі тастай сала толып кеттім»? Бірақ, бұл жағдай никотиннің әсерінен емес. Темекі тартушының арықтайтын себебі, темекінің іш-құрылысқа кері әсері, гастрит, т.т аурулардың пайда болуы.
3) Ойлауға көмектеседі
«Қияли түсінік»: Әлемде темекі тартатын журналисттер, жазушылар, басқа да «ойшылдар» қанша? Мүмкін, сондықтан темекі, ойлауға себепші болатын шығар. Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Өзіңіз ойлаңызшы, түтінге толы бөлмеде қайдан ойлануға болады? Ауа тазарақ болса, ойлану жеңілірек. Темекішінің түтікшелері кальций шөгінділерімен толып қалады, сондықтан қанайналым бұзылып, бүкіл ағзаны, соның ішінде миды, оттегімен қамтамасыз ету қиындайды. Бір ғана тұжырым: темекі тартатындардың интеллектуалдық потенциалы ақырындап төмендейді.
4) Антидепрессант
«Қияли түсінік»:Күйгелектеніп тұрғанда,өз-өзіне келудің бірден бір әдісі – шылым шегу. Темекі тартып отырып барлық қиындықтарды ұмытасың, жеңілдейсің. Өзінше бір психологиялық ынта. Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Бірінші 3 минутта темекі тартқан адам тынышталып, өзіне-өзі келетін сияқтанады. Алайда, ол алдамшы сезім. Никотин, алкогельдей адам ағзасындағы қажетті заттар, витаминдер мен минералдарды жояды, соның ішінде жүйке жүйесінің нығаюына да көмектесетін пайдалы заттарды жояды. Сондықтан, адам ағзасының «тынышталдыратын, өз-өзіне келтіретін темекіге» ары қарай әсері – әлсіздік, шаршаңқы күй және оданда асып түсер күйгелектілік. Адам ағзасы одан сайын күйгелектене, жүйкесі жұқара түсіп, никотиннің жаңа бір үлесін сұрайды.
5) Зиянсыз әдет
«Қияли түсінік»: Әлемде болып жатқан зиянкестіктердің қасында темекі шегу дегеніміз – мұхиттағы бір тамшыдай емес пе, одан қорқатын не бар. Және де темекіден құтылудың ешқандай қиыншылығы жоқ қой.Шындығында ол солай ма?
Шындығында: Темекінің сіздің денсаулығыңызға анық және білдірмей төндіріп тұрған қаупі бар. Темекі – біздің елеусіз жауымыз. Өзіңіз ойлап қараңызшы, денсаулық сақтау Министрлігі әрбір темекі қорабына «Темекі шегу сіздің денсаулығыңызға зиянды» деп ашып жазған, ондай сақтандыру шаралары басқа кез келген тағамға жазылған емес, егер сізге, «мына тағам уланған десе» сіз сол тағаммен тамақтанар ма едіңіз, әрине жоқ.
ЗАҢ
2009 жылдың 2 тамызында ҚР-дың “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Заңына темекі тарту мен оның алдын алуға бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, аталған Заң толық түрде өз күшіне енді. Жалпы, темекі тартуға шектеу қою мен оның алдын алуға байланысты қолға алынып жатқан шаралар ел халқының денсаулығын қорғау мен темекі өнімдерін алуға құқығы бар тұлғаларға жастық шектеу енгізуді, жастары кәмелетке толмағандар арасында темекі тартуды болдырмауға, темекіге үйір болудың зиянды салдарлары туралы ақпараттарды тарату мен оның ауру-сырқау және өлімге әкеліп соқтыратындығын жария етуге, халықтың бойында темекі тартудың адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін фактор екендігін түйсінетіндей қатынас қалыптастыруға, сондай-ақ, темекі тартудың таралмауының алдын алуға байланысты келісілген шараларды іске асыруға бағытталған.
|
|
Енді темекі тартушыларға заң тарапынан қандай айып шаралары белгіленгендігіне тоқталсақ.
336-1 бап: “Жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартуға салынған тыйымды бұзушылық”. Бұл бап үш бөлімнен тұрады.
1 бөлім: ҚР Заңнамасында бекітілген темекі тартуға тыйым салуға байланысты жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартқан адам үшін 1 айлық есептік айыппұл салынады.
2 бөлім: Бірінші бөлімде қарастырылған іс-әрекет екінші рет қайталанса, ондай адамға 2-ден 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. ҚР-дың “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Заңына сәйкес (Оған 2009 жылдың 18 қыркүйегінде ҚР Президенті қол қойып, аталған Заң 2009 жылдың 9 қазаны күні заңды күшіне енген болатын): “Темекі тарту мен алькоголизмнің алдын алу және оларға шектеу қою” атты 159-баптың 5 тармағы бойынша темекі тартуға:
білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, жасы кәмелетке толмағандар демалатын ұйымдарда;
қоғамдық тамақтану орындарында;
кинотеатрлар мен театрларда, цирктер мен концерттік, көрермендік және көрме залдарында, жаппай демалуға арналған спорттық ареналар мен басқа да үсті жабық құрылыстарда, соның ішінде түнгі клубтар мен дискотекаларда;
мұражайлар мен кітапханаларда және дәрісханаларда;
жергілікті және алыс қашықтыққа жүретін пойыздарда белгіленбеген жерлерде, әуе ұшақтары мен теңіз және өзен транспорттарында, сондай-ақ, қалалақ, қалааралық автобустар мен маршруттық таксилерде, қалалық электрлі транспорттарда;
әуежайлар мен темір жол, автомобиль және су жолдары вокзалдары ғимараттарында;
мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
жұмыс орны болып табылатын бөлмелерде;
үйлердің подъездерінде тыйым салынады. Заңнаманың 1 және 2 бөлімдеріне қатысты заңбұзушылық орын алған жағдайда, оған хаттама толтыру, істі қарау және әкімшілік жаза қолдану ішкі істер органдарының құзіретіне беріледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |