Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі



Дата06.02.2023
өлшемі4,61 Mb.
#167613
Байланысты:
Арт образования

Неолиттік тұрақтар мен қорымдар.

ЕЖЕЛГІ АДАМДАРДЫҢ ТҰРАҚТАРЫ


Дайындаған: 226-3 –топ
6B01416-Көркем білім, графика және жобалау

Ежелгі адамдардың тұрақтары.

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог Халел Алпысбаев. Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда ҚұдайкөлЖаман айбатОбалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда – Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас. 

Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталады. Адамдар ол кезде бизон, жылқы аулаған. Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді.

Палеолит

Соңғы палеолит – б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетаным өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды. О дүниеге сену болды. Мәдениеті – Шығыс Қазақстанда - Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕОЛИТТІК ТҰРАҚТАР

Қазақстан аумағында сегізжүзге жуық неолиттік ескерткіштер табылған. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады. Мұның өзі бұл жерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардан негізгі құрал-саймандар – пышақ тәрізді қалақтар және қырғыштар.

Қазақстанда шөл далаларындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшілігі, олардың көпшілігі-ашық үлгідегі тұрақтар. Олар: Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарын, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналысқан. Олар жаңа тас ғасырының ерте кезіне, яғни б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.

Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай

  • бұлақтық,
  • өзендік,
  • көлдік,
  • үнгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді.
  • Неолит кезеңінің ең көне б.з.б. 5 мыңжылдыққа жататын тұрақтарының бірі - Қараүнгір. Ол Түркістан облысы Түлкібас ауданында орналасқан. Қараүнгір тұрағынан шақпақтастан жасалған және сүйек бұйымдар – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш-жонғыштар және т.б. табылған.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕОЛИТТІК ТҰРАҚТАР

Сексеуіл неолит тұрағы Қызылорда облысында орналасқан. Оның маңында су қоймасы болған және онда көп мал қалдықтары табылған. Демек Сексеуіл тұрағының тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған.

Солтүстік Қазақстанда Пеньки селосы маңындғы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар кездеседі ондағы адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған.

Орталық Қазақстан ҚарағандыЗеленая Балка тұрақтарына үй малының сүйектері табылған.

Жезқазған өңірінен жұз елуге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылған.

Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан екенін дәлелдейді.

Менгир

Ерекше мәдениет Франция мен Германияның солтүстік облыстарында дамыды. Мұнда ең тән Нормандия және Бретани ауданы болып табылады, онда энеолит кезеңінде мегалитикалық мәдениет деп аталады. Испания, Франция, Сицилия кубоктары. Егіншілік өз негізінде мегалитикалық (яғни үлкен тастардан салынған) құрылыстар байланысты асыл тұқымды бірлестіктердің дамуымен сипатталады. Олар ру немесе тайпаның (менгир) көрнекті адамдары туралы естелік ретінде (дольмен) немесе рулық-асыл тұқымды святилище (кромлех) (Менгир — жеке қойылған үлкен тас. Дольмен-үлкен тас плиталардан жасалған қап. Кромлех-шеңбер бойынша қойылған менгирлерден жасалған құрылыс.). Бұл құрылыстардың көп бөлігі және тастардың үлкен салмағы, олар тұрған, мұндай құрылыстардың Тек тұтас тайпаның күшімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет