Тəрбие жұмысының тиімділігі мен нəтижесін зерттеу əдістемесі



Дата11.05.2022
өлшемі28,14 Kb.
#142664
Байланысты:
СӨЖ теория 12 (



СӨЖ
Тақырыбы; Тəрбие жұмысының тиімділігі мен нəтижесін зерттеу əдістемесі.

Орындаған; Сатыбалды Мереке


Қабылдаған ; Айтжанова Эльмира

Тəрбие жұмысының тиімділігі мен нəтижесін зерттеу əдістемесі.
1.Тәрбие жұмысының нәтижесі бойынша сынып ұжымының диагностикалық картасын құру.
2. Тәрбие жұмысы бойынша мониторинг жасау.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. Диагностикалық қызметі сыныпта оқу – тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін , оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді;сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысындабіріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды.Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу – тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,болашағын болжау,оны жобалаудың да маңызы ерекше.А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған.Сол секілді В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогка – балгерлікке айналар еді’’ – дейді.Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс — әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды.Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады.Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса , ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде.
Дұрыс тәрбие — балаға өмір бойы азық.Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастырытын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.
Тәрбие жұмысының формасы – педагогтер мен оқушылардың белгілі бір қарым – қатынас құрылымы арқылы тәрбиелеу жұмысы мазмұнының көрінісі. Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады.Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс.Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.


Міндеттері:
– білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар-
дың күшін біріктіру;
– қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;
– білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі
мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.
Іске асыру тетіктері: Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз болады. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.


Міндеттері:
1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Тәрбие жұмысының басым бағыттары

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.


1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
– Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
– ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
– елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;
– өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
– басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
– өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
– құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысына;
– заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;
– әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.
Мониторинг дегеніміз – «Мұғалім - оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті. Ол ағылшынның «monitoring» деген сөзі мен латынның «monitor» деген сөзінен шыққан бақылау, бағалау деген ұғымды білдіреді.Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді. Білім сапасының мониторингі мақсаты: оқушы мен мұғалімнің қызметін бағалау, білім сапасын көтеру.
Педагогикалық мониторингтің негізгі бағыттары: білім сапасының мониторингі, педкадрларының кәсіби деңгейінің мониторингі, медициналық диагностика, психодиагностика, мектеп бөлімдері қызметінің мониторингі болып бөлінеді.
Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік құрылыс материалы. Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет