Тәрбие сағатының тақырыбы: «Даланың дана ұстазы» Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналады
Мақсаты: 1) Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Мәнерлеп, түсініп, жүргізіп оқу дағдыларын жетілдіру.
2) Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, ынтымаққа, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жерін, жұртын сүюге, Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
3) Ыбырай еңбектері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Өткізу әдісі: Мәнерлеп оқу байқауы, дөңгелек үстел, сайыс
Көрнекілік: Ы. Алтынсарин туралы бейнеролик, слайд, портреті, нақыл сөздері, кітаптары
Барысы
Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгін мектебімізде қазақтың «Дала жұлдызы» атанып кеткен Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Дала жұлдызы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер! «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» деп жазды кезінде «Оренбурский листок» газеті.
Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.
Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!
Тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады:
І. «Ыбырайтану» бейнеролик тамашалау
ІІ. Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы
ІІІ. «Зерек оқушы» мен «Суретші» байқауы (Үй тапсырмасы: Ыбырайдың шығармаларына сурет салу)
Мұхтар Омарханұлы Әуезов:
«Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы»
Ұстаздық – ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі.Орынбор генерал – губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу – ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшінТорғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән – маңызы зор болды.
1- оқушы: Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
2- оқушы: Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.
3 - жүргізуші: Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!
Достарыңызбен бөлісу: |