Тəрбиенің мақсаты, МƏні мен мазмұНЫ. ДҮниетаным



бет1/7
Дата14.12.2021
өлшемі91,38 Kb.
#126955
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1025823663618 Лек.6


ТƏРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МƏНІ МЕН МАЗМҰНЫ.

ДҮНИЕТАНЫМ

Мақсаты – Тәрбие процесінің мәні мен ерекшелігін, мақсаты мен міндеттерін, принциптерін көрсету.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Тәрбие, тәрбие процесі туралы түсінік

2. Тәрбие мақсаты жайлы жалпы түсінік.

3.Қазіргі жағдайларда және педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсатының мәселелері.

4. Қазіргі мектептегі тәрбие мақсаты мен міндеттері.

5. Дүниетаным


1. Тәрбие туралы түсінік. Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Педагогикада тәрбие термины үш түрлі мағынада қолданылады:

- Тәрбие барлық әлеуметтік қоршаған шындықтың ықпалы арқылы оқушы тұлғасының қалыптасу үрдісі, қоғамдық құбылыс ретінде, яғни кең әлеуметтік мағынада қарастырғанда: қоғамның тәрбиелік күші, оның әлеуметтік институттарымен, қоғамдық ұйымдары, бұқаралық құралдың ықпалы жетекші роль атқарады.

- Кең педагогикалық мағынада қарастырылғанда, тәрбие деп, арнайы оқу-тәрбие мекемесінің мақсатты бағытталған оқу-тәрбие үрдісі түсініледі. Мектеп әлеуметтік ортаны зерттейді және осы ортаға педагогтар, ата-аналар, балалар, яғни, адам арқылы ықпал етеді. Мектептің әлеуметтік ортаны сауықтыру қызметі міне осында.

- Тар педагогикалық мағынада, нақты оқу орнының оқушылармен өткізетін тәрбие жүйесі ретінде қарастырлады.

Сонымен, тәрбие қоғамдық-тарихи үрдіс және педагогика пәні болып табылады. Тәрбие педагогика пәні ретінде қарастырылғанда оған әр кезеңде түрлі ғалымдар әр түрлі анықтамалар беріп келді. Мысалы, ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский «Педагогикадағы тәрбие – алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» деп тұжырымдаса, америка педагогы және психологы Эдвард Ли Торндайк былай деген: «Тәрбие сөзіне әркім әр түрлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз»

Тәрбиеге қай автор қандай анықтама берсе де, олардың барлығы да тәрбие – адамзаттың тарихи жинақталған тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі деген пікірді жоққа шығармайды.

Аталған тәжірибе көп ұрпақтың еңбегі және шығармашылық күшімен жасалған білімдер, тұрмыстық ептіліктер мен дағдылар, сондай-ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар. Олар адамның әр түрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі құрылым бірліктерін қамтиды:

1. Адамның қоғам және табиғат жайында жасаған білімдерінің жиынтығы;

2. Еңбектің әр қилы саласында қажет ептіліктер;

3. Әлеуметтік, рухани қатынастар.

Сонымен, тәрбие – бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білім, білік, дағды, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік, рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс.

Тәрбие тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің тәрбие мақсатына жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті болғандықтан, оның өзіндік ерекшеліктері мен категорияларының болуы заңды.

Тәрбиенің негізгі категорияларын жүйе ретінде төмендегі сызбада қарастыруға болады.
Сызба 1. Тәрбие категориялары.


Д

И

А



Г

Н

О



С

Т

И



К

А


М

О

Т



И

В

А



Ц

И

Я




Тәрбие мазмұны

Әдістері, формалары, құралдары

Азаматтық

Эстетикалық

Экологиялық

Дене

Тәрбие нәтижесі

Экономикалық

Ақыл-ой

Адамгершіліктік

Еңбек

қоғамдастық

мектеп

бала

Тұжырымдамалар, бағдарламалар

Принциптері

Заңдылықтар

Мақсат, міндеттері


Тәрбиелік жүйелер


отбасы





Тәрбие білім беру мекемелерінде арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын тәрбие процесінде жүзеге асырылады.

Тәрбие процесі – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кіріктіре жүргізетін тұлға қалыптастыру, дамту процесі.

Тәрбие процесінің ерекшеліктері төмендегідей:

1. Бір мақсаттылығы.

2. Көпфакторлылығы.

3. нәтиженің бірден көрінбеуі.

4. Ұзақтылығы.

5. Үздіксіздігі.

6. Кешенділігі.

7. Екіжақтылығы.

8. Нәтиженің бірмәнді және анық болмау мүмкіндігі.

Тәрбие тұлғаны қалыптастырудың тұтастық идеясына бағынатын, тәрбие процесінің мақсат, міндет, мазмұн, форма, әдістер бірлігін білдіреді. Тұлға қасиеттерінің қалыптасуы бір мезетте, яғни кешенді жүзеге асады, сондықтан педагогикалық өзара әрекет те кешенді болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет