ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІК
Тері (cutis) –күрделі көптеген қызмет атқаратын адам ағзасы, оның салмағы дене салмағының 16 - 20 % құрайды, ересек адамның денесінің ауданы 1,5- нан 2,5 м2- қа дейін. Тері қосалқыларына (немесе туындыларына) тер, май бездері, сонымен қатар шаш және тырнақ жатады.
ТЕРІ ҚАБАТТАРЫ
1. Эпидермис (эпителийлі бөлігі)
2. Тері (дәнекер тінді бөлігі)
3. Гиподерма (тері асты шел-май қабаты)
су-майлық жабынды
мүйіздік қабыршықтар
мүйізденген жасушалар
өсіп- өнетін
жасушалар
тері қылтамырлары
фибробласт
қылтамырлар
коллаген
полиқанттар
Тері
Тері асты шел-май қабаты
майлық бөлікшелер
қылтамырлар
ТЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІ
СЫРТҚЫ ТІТІРКЕНДІРГІШТЕРДЕН МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОРҒАУ
УК (жартылай, нілдену және қалыңдау жолымен) және инфрақызыл сәулелерінен (толық) қорғау
электр ағымы әсеріне төзімділік
әлсіз сілтімен мен қышқыл ерітінділерін бейтараптау
бүтіндігі бұзылмаған тері су ерітінділерін өткізбейді, көптеген улар, вирустар, микробтардан қорғайды (мүйізді қабыршықтың тығыз байланусуы; майлар, лизоцим, терінің қышқыл жабындысы, интерферон → бактерия жойғыш әсері).
ТЫНЫСТЫҚ – организмнің газ алмасуының 2%-н құрайды: О2 –ні сіңіру және СО2 –ні бөліп шығару.
БӨЛІП ШЫҒАРУЛЫҚ – май және тер бездері арқылы улы және дәрілік заттардың алмасу өнімдерін бөліп шығару.
СУ-ЭЛЕКТРОЛИТТЕР АЛМАСУЫНА ҚАТЫСУЫ – тер бөлу арқылы
ЖЫЛУ РЕТТЕУШІ – организмде жылу шығарудың 80%-ы тері қантамырлырының межеқуатының өзгеруі және тер бөлу арқылы іске асырылады. Тері асты шел-май қабаты арқылы жылу шығарылуы азаюының маңызы бар.
НІЛ ТҮЗУ – меланин өндірілуі
ВИТАМИН D-нің өндірілуі – УКС әсері арқылы.
ҚАБЫЛДАҒЫШТЫҚ – суық, жоғары температура, ауыру әсерінен болатын әсерленіске, табандық, пиломоторлық және т.б. рефлекстерге (жанасу, ауыру, температураны сезуді қамтамасыз ететін Меркель жасушалары, орталыққа бағытталған және қимылдық жүйке талшықтары, бос және қапталған жүйке тырмақшалары қатысу.
СІҢІРУЛІК – теріге түскен заттарды жүйелі қанайналымға сіңіру. Балаларда терінің сіңірімділігі және өткізгіштігі жоғары болып келеді. Сондықтан, балаларда теріге дәрілік заттарды жаққанда оның жалпы әсері көрінуі мүмкін. Сонымен қатар, балалардың терісі сыртан қолданылатын заттарға аса сезімтал болып келеді. Қарт адамдарда терінің өткізгіштігі төмендейді.
ИММУНДЫҚ –Лангерганс жасушаларымен антигенді-таныстыру, тері және гиподерманың лимфоидты жасушаларымен жергілікті иммундық бақылау,
ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
|