Тері патофизиологиясы бойынша ақпараттық дидактикалық БӨлік



бет2/6
Дата14.12.2022
өлшемі162 Kb.
#162822
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІК (1)

Шығу тегіне байланысты:

  • алғашқы, сыртқы патогендік жайттармен туындатылған (пиодермиялар, микоздар);

  • салдарлық, басқа жүйелер мен ағзалардың ауруларына байланысты болатын

  • Даму тетігі бойынша:

  • қабынулық

  • дистрофиялық

  • аллергиялық

  • аутоиммундық

  • өспелік

ТЕРІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯСЫ
1. Сыртқы этиологиялық жайттар

1.

Механикалық

Соғылу, үйкелу, қысым

2.

Физикалық

Жоғарғы және төменгі температуралар, электр ағымы, жел, ультракүлгін сәулелері, иондаушы сәулелену

3.

Химиялық

Қышқылдар, сілтілер, хром, никель, полимерлер, мұнай өнімдері, дәрілік заттар

4.

Биологиялық

Бактериялар (туберкулез, лепра), вирустар (қызылша, жәншау (скарлатина), шешек), уақ саңырауқұлақтар, қарапайымдылар (лейшманиялар), паразиттер (кенелер, биттер)

5.

Әлеуметтік

Жүйкелік-психикалық жайттар, тағам мәзірінде май, витаминдер, микроэлементтердің тапшылығы

Сыртқы жайттар, терінің физиологиялық қорғаныс тетіктерін бұза алатын болса немесе осы тетіктер эндогенді жайттардың әсерінен бұзылған жағдайда болса тері ауруларының себебі болуы мүмкін. Зақымдаушы жайттың күші жеткілікті дәрежеде әсер еткенде терінің зақымдануы барлық адамдарда және әрқашан пайда болады. Осындай тітіркендіргіштердің мысалы болып сілті, қышқылдардың қою ерітінділері, иондаушы сәулеленудің жоғары дозасы, жоғарғы және төменгі температуралар табылады.
2. Ішкі этиологиялық жайттар

Тектік

Ихтиоз (әртүрлі кератин және эпидермистің беткей қабатының түлеуіне қажетті ферменттердің түзілуіне жауапты тектердің мутациясы → теріде балық қабыршықтарын еске түсіретін қабыршықтардың түзілуі. Тұқым қуалау түрі: аутосомды-үстем, аутосомды-бәсеңкі, жыныспен байланысты бәсеңкі).
Нілдік ( пигменттік) ксеродерма (ДНК репарациясы тегінің ақауы)
Нейрофиброматоз (Реклингаузен ауруы) - 17 хромосоманың NF тегі бөлігінің жоғалуы.

Тектік емес

Ішкі ағзалар мен жүйелердің аурулары салдарынан пайда болатын тері аурулары:

  • бүйрек аурулары ( уремия– буйрек жеткіліксіздігінің ақырғы сатысы кезіндегі дерматит)

  • бауыр аурулары (сарғыштану кезіндегі тері түсінің өзгеруі, гиперпигментациялар)

  • асқазан-ішек жолдарының аурулары

  • эндокринопатиялар (қантты диабет кезіндегі фурункулез және тері қышынуы, микседема кезіндегі терінің шырышты ісінуі, бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі кезіндегі (Аддисон ауруы) терінің қола түске боялуы, жыныс бездері қызметтерінің бұзылысы кезіндегі безеу)

  • зат алмасу бұзылысы (холестерин алмасуы бұзылысы кезіндегі ксантомалар)

  • гиповитаминоздар (құрқұлақ кезіндегі теріге қан құйылулар, А витамині тапшылығы кезіндегі терінің артық мүйізденуі, құрғақтығы; В2 витаминінің тапшылығы кезінде себореяның дамуы, терінің сыдырылуы, қызаруы; В6, РР витаминінің тапшылығы кезіндегі дерматиттер)

  • қанайналым бұзылысы (бітелген эндартериит салдарынан терінің шіруі (гангрена))

  • өспелер (қара акантоз)

  • аутоиммундық үрдістер (жүйелі қызыл жиегі кезіндегі ұрт және мұрында көбелек тәрізді қызару; жүйелі склеродермия кезіндегі терінің семуі және тығыздануы, тығыз ісінудің өтпелі сатысына тән терінің зақымдануы, коллагеноздар кезінде терінің басқа да өзгерістері)

  • гемостаз жүйесінің дерті (теріге қан құйылулар)

Ішкі жайттар висцеро-терілік немесе висцеро-вегето-кортико-терілік байланыстық жолымен рефлекстік түрде, зат алмасу бұзылысы, уыттану әсерінен, ауыз қуысының шырышты қабаты және тері зақымдануын туындауы. Сонымен қатар, ішкі ағзалардың дерттері организмнің аллергиялық сезімталдығын көтереді, бұл көптеген дерматоздар патогенезінің негізінде жатады.

Терінің алғашқы зақымдануы пайда болуы үшін, себепкер ықпалдан басқа, организмнің қажет жағдайы болып, жалпы және жергілікті төзімділігінің төмендеуі, табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет