ТЕСТ-1
1. Автотербелістің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз.
А) Сыртқы периодтық күштің әсерінен пайда болатын тербеліс.
В) Сыртқы периодтық күш әсері жоқ жүйедегі өшпейтін тербеліс.
С) Кедергі күші бар тербеліс.
Д) Дененің координатасы уақыт өткен сайын синус немесе косинус заңдылығымен өзгеріп отыратын еркін тербеліс.
Е) Еркін, өшпейтін тербеліс.
Шешімі: Еркін, өшпейтін тербелістер автотербелістер деп аталады. (Жауап Е)
2. Дененің еріксіз тербелісі:
А) Ішкі күштердің әсерінен болатын тербелістер.
В) Сыртқы периодты күштердің әсерінен пайда болатын тербелістер.
С) Сыртқы тұрақты күштердің әсерінен болатын тербелістер.
Д) Синус немесе косинус заңдылығымен өзгеретін тербелістер.
Е) Үйкеліс күштердің әсерінен болатын тербелістер.
Шешімі: Сыртқы периодты күштердің әсерінен пайда болатын тербелістер еріксіз тербелістер дедеп аталады. (Жауап В)
3. Төменде келтірілген тербелістердің қайсысы еріксіз тербелістер?
1. Жіпке ілінген жүктің тепе-теңдік күйінен шығарып, жібергеннен соң тербелісі.
2. Жерде тұрған адам тербетіп жатқан әткеншектің тербелісі.
А) 1 және 2. В) тек 1. С) тек 2. D) 1 де, 2 де емес. E) дұрыс жауап жоқ.
Шешімі: Тек Жерде тұрған адам тербетіп жатқан әткеншектің тербелісі еріксіз тербелістерге жатады. (Жауап С)
4. Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы математикалық маятниктің тербеліс периодын анықтайды?
А) В) 2 С) 2 D) E)
Достарыңызбен бөлісу: |