Тест 5
101. Темір жолдың екі станциясының арасы 120 км. Бірінші поезд екіншісіне қарағанда осы аралықты 50 мин жылдам жүріп өтеді. Бірінші поездың жылдамдығы екіншісінен 12 км/сағ- қа артық. Поездардың жылдамдығын табыңыз.
А) 48 км/сағ, 36 км/сағ В) 47 км/сағ, 35 км/сағ С) 52 км/сағ, 36 км/сағ
Д) 32 км/сағ, 37 км/сағ Е) 69 км/сағ, 36 км/сағ
102. Қайық 12 км/сағ жылдамдықпен бір айлақтан екінші айлаққа қарай шықты. Жарты сағаттан кейін сол бағытта 20 км/сағ жылдамдықпен пароход шықты. Егер пароход қайықтан 1,5 сағат бұрын келсе, онда айлақтар арасы қанша?
А) 62 км В) 60 км С) 61 км Д) 64 км Е) 63 км
107. Бір жұмысшы өзінің нормасын 6 сағатта, екіншісі 5 сағатта, үшіншісі 4 сағатта орындайды. Олар белгілі бір уақыт бірге істеп 740 деталь дайындады. Әрқайсысы қанша деталь әзірледі?
А) 190, 210, 180 В) 200, 240, 300 С) 210, 230, 240 Д) 250, 260, 270
Е) 265, 266, 272
108. Гаражда 54 жүргізуші бар. Егер әр күні гараждағы 60 автомашинаның 25 ℅-і өз ақауларын жөңдеу үшін жұмысқа шықпай қалса, онда бір айда (30 күн) әр жүргізушінің неше бос күні болады?
А) 2 күн В) 3 күн С) 5 күн Д) 4 күн Е) 6 күн
109. Үш үйдің көлемдері: 2410 м3, 1790 м3 және 1050 м3. Бұл үйлерді жылытуға жұмсалған 2625 мың теңгені олардың көлемдеріне пропорционал етіп бөліңіз.
А) 1205 мың теңге, 895 мың теңге, 525 мың теңге
В) 1204 мың теңге, 891 мың теңге, 524 мың теңге
С) 1203 мың теңге, 890 мың теңге, 526 мың теңге
Д) 1202 мың теңге, 896 мың теңге, 527 мың теңге
Е) 1201 мың теңге, 894 мың теңге, 528 мың теңге
110. Үш жүкті тасуға 940мың теңге төленді, салмағы 14 т бірінші жүк 30 км, салмағы 15 т екінші жүк 40 км, ал салмағы 16 т үшінші жүк 35 км қашықтыққа тасылды. Әр жүкті тасуға қанша ақша төленді.
А) 252мың теңге; 360 мың теңге; 336 мың теңге
В) 251 мың теңге; 361 мың теңге; 336 мың теңге
С) 253 мың теңге; 363 мың теңге; 333 мың теңге
Д) 254 мың теңге; 364 мың теңге; 334 мың теңге
Е) 255 мың теңге; 365 мың теңге; 335 мың теңге
111. Товардың 1 килограмының сатылатын бағасы 2,2 мың теңге, азық- түлік магазині бұдан 10℅ пайда табады. Егер осы товардың килограмын 1,8 мың теңгеден сатса, онда магазин 43 мың теңге зиян шегеді. Магазиндегі товар қанша еді?
А) 214 кг В) 216 кг С) 215 кг Д) 217 кг Е) 218 кг
112. Құны 225 мың теңгелік екі бағалы тері халықаралық аукционда 40℅ пайдамен сатылды. Егер бірінші теріден 25℅, екіншісінен 50℅ пайда түскен болса, әр терінің жеке бағасы қанша?
А) 133 мың теңге; 92 мың теңге
В) 131 мың теңге; 94 мың теңге
С) 136 мың теңге; 89 мың теңге
Д) 135 мың теңге; 90 мың теңге
Е) 138 мың теңге; 87 мың теңге
113. Кітаптың бірінші томының 60- ының, екінші томының 75- інің құны 270 мың теңгені құрайды. Ал іс жүзінде барлық кітаптарға 237 мың теңге төленді, өйткені кітаптың бірінші томы 15 ℅-ке, екінші томы 10 ℅- ке арзандатылды. Кітаптардың алғашқы бағасы қанша еді?
А) 2000 теңге; 2000 теңгеВ) 2002 теңге; 2000 теңге
С) 2003 теңге; 2004 теңгеД) 2006 теңге; 2005 теңге
Е) 2001 теңге; 2008 теңге
114. Екі жұмысшы бір сменада 72 деталь дайындады. Біріншісі еңбек өнімділігін 15 ℅-ке, екіншісі 25 ℅-ке арттырғаннан кейін бір сменада 86 деталь жасайтын болды. Еңбек өнімділігін арттырғаннан кейін әрқайсысы бір сменада қанша деталь жасайтын болды.
А) 44; 42 В) 46; 40 С) 43; 43 Д) 41; 45 Е) 39; 47
115. Теңіз суында салмағы бойынша 5 ℅-тік тұз бар. Құрамында тұз мөлшері 2 ℅ болу үшін 80 кг теңіз суына қанша таза су қосу керек?
А) 130 кг В) 121 кг С) 122 кг Д) 120 кг Е) 123 кг
Достарыңызбен бөлісу: |