Тест тапсырмалары
Тест сұрақтары үш бөлімнен тұрады.
1-бөлім – бір дұрыс жауабы бар сұрақтар (1-15 сұрақтар)
2-бөлім - екі дұрыс жауабы бар сұрақтар (16-25-сұрақтар)
3-бөлім - үш дұрыс жауабы бар сұрақтар (26-30 - сұрақтар) Жалы ұпай саны – 50 ұпай
1. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Өң, аса, тым. В) Ақ, ет, от. С) Әсем, мысал, көп. Д) Әл, тай, көр. Е) Ет, жет, ас.
2. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.
А) Оқушы. В) Орман. С) Ғарышкер. Д) Мектеп. Е) Дәптер.
3. Түбір сөзді табыңыз.
А) Кісі. В) Апам. С) Дастарханға. Д) Бауырының. Е) Үйде.
4.Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Абай, Балбырауын. В) Іле, Лепсі.
С) Амангелді,Ақбота. Д) Қарағанды, Жетісу. Е) Балқаш, Зайсан.
5. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
А) Ынталы. В) Киелі. С) Тамаша. Д) Білімді. Е) Атақты.
6.Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
А) Он бес. В) Бестік. С) Төрт. Д) Үшеу. Е) Үштен екі.
7.Еш сөзі арқылы жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.
А) Болымсыздық. В) Жалпылау. С) Сілтеу. Д) Сұрау. Е) Жіктеу.
8. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Береді. Е) Ойланып қалды.
9. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз.
А) Елпілде. В) Бағала. С) Қалашыл. Д) Тақ . Е) Есім.
10. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
А) Құрау-құрау. В) Тек. С) Жә. Д) Әттең. Е) Тәйт.
11.Фраезологиялық тіркесті көрсетіңіз.
А. түймедейді түйедей ету В. әдемі қыз С. қалың кітап
Д. қызыл көйлек Е. адал дос
12.Диалект сөзді табыңыз.
А) Нағашы. B) Құдағай. C) Бөле. D) Абысын. E) Құдаша.
13. Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.
А) Қауын, қала. B) Есік, қақпа. C) Көзілдірік, дәрі-дәрмек.
D) Компьютер, монитор. E) Әңгелек, торлама.
14.Термин сөзді табыңыз.
А) Қарлығаш. B) Бұлақ. C) Аспан. D) Жер серігі. E) Болашақ.
15.Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.
А) А, ә, о, ө, е, э. B) А, ә, ұ, ү, у. C) Ы, і, и, ұ, ү, у.
D) О. ө, а, ә, е, у. E) А, ә, е, о, ө, ұ, ү.
ІІ бөлім (екі дұрыс жауабы бар сұрақтар)
16.Құбылтудың (троптың) түрін табыңыз.
А)Антитеза
Ә)Метафора
Б)Қайталау
В)Теңеу
Г)Арнау
Д)Градация
17.Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятының кейіпкерлерін көрсетіңіз.
А)Қожа
Ә)Сәния
Б)Байбол
В)Милләт
Г)Жарас
Д)Маматай
18.Тұрақты тіркес бола алмайтын қатар
А)Көзге ілмеу
Ә)Су құйды
Б)Еңбек етті
В)Атағы жер жару
Г)Итше тепкілеу
Д)Көзін жұмды
19.Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз.
А)Баланың қуанышы
Ә)Тыныш ауыл
Б)Балаша қуану
В)Спорттық ойын
Г)Жұмысты жандандыр
Д)Ашық есік
20. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер
А)Нүктелі үтір
Ә)Нүкте
Б)Тырнақша
В)Жақша
Г)Леп белгісі
Д)Үтір
21. Табу сөзге жатпайтын сөздер.
А)Бойжеткен
Ә)Итқұс
Б)Жасын
В)Ұлыма
Г)Қорасан
Д)Ата-ана
22. Қазақ ертегілерінің түрлері
А)Жағымсыз ертегі
Ә)Эпостық ертегі
Б)Хайуанаттар туралы ертегі
В)Көңіл күй ертегілері
Г)Әдет ғұрып ертегілері
Д)Шыншыл ертегі
23. Жалғау арқылы байланысқан қатарды белгілеңіз.
А)Әдепті оқушы
Ә)Гүл суару
Б)Жиырма бес оқушы
В)Кешке қарай келді
Г)Асан – студент
Д)Сабаққа қатысты
24. Абайдың өлеңдерін табыңыз.
А) «Айттым сәлем, Қаламқас»
Ә)«Сарыарқа»
Б)«Адамдық борышым»
В)«Жастарға»
Г)«Ғылым таппай мақтанба»
Д)«Шәкірт ойы»
25. Үлкен әжемнен бұл сөздің мәнісін сұрауға батпадым.
Сөйлемдегі қабыса байланысқан сөз тіркесін табыңыз.
А)Сөздің мәнісін
Ә)Мәнісін сұрауға
Б)Бұл сөздің
В)Әжемнен сұрауға
Г)Сұрауға батпадым
Д)Үлкен әжемнен
ІІІ бөлім (үш дұрыс жауабы бар сұрақтар)
26. Қыстырма сөздерді табыңыз.
А)оқшау сөздің түрі
Ә)шақыруды білдіреді
Б)ойдың ретін білдіреді
В)таңдануды білдіреді
Г)біреудің назарын аудару үшін қолданылады
Д)жекіруді білдіреді
Е)көңіл күйді білдіреді
Ж)көзқарасты білдіреді
27.Орхон -Енисей ескерткіші кейіпкер(-лер) і
А)Одғұрмыш
Ә)Күлтегін
Б)Тонықұқ
В)Білге қаған
Г)Оғдүлміш
Д)Айқаған
Е)Күнтолды
Ж)Айтолды
28.Жуан дауыстыдан басталған сөз
А)әңгіме
Ә)айнала
Б)орман
В)ұйқы
Г)есік
Д)үздік
Е)өріс
Ж) үйшік
29. Ауыспалы мағыналы сөзі бар сөйлем(-дер)
А)Қазақ халқында кие деген ұғым бар.
Ә)Бұл – қалың халық арасынан шыққан жүйрік күйші.
Б)Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
В)Олар ауылдан күн бата шыққан еді.
Г))Бапкерлер талай жүйрік жылқыны баптады.
Д)Әжесі ертерек ұйқысынан оятып жіберді.
Е)Олар үлкен жиында кездескен еді.
Ж) Дүниенің кілті білімде.
30.Матаса және меңгере байланысқан сөз тіркес(-тер) қатары
А)ешкімді аямады, оғаш қылық
Ә)Төреқұлдың әңгімесі, себебін айтты
Б)Қиялға беріліп кетті, аяғын ауыртты
В)Біздің өлке, ауылға келді
Г)Ызғырық жел, мектеп оқушысы
Д)Қызықты әңгіме, жабайы құстар
Е)Күмбездің жобасы, тәтті алма
Ж)Отар-отар қой, сылқ-сылқ күлді
Достарыңызбен бөлісу: |