Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады. Қалыпты жағдайда тексеру



бет1/4
Дата06.05.2020
өлшемі462,76 Kb.
#66320
түріПрограмма
  1   2   3   4
Байланысты:
af789069deb643f7ab3f7e15642865a0
7 Сынып СОР 4 тоқсан, БЖБ 2 3сынып 1 токсан

Тестілеу процесінің кезеңдері

   Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады.

   1. Қалыпты жағдайда тексеру. Программалардың жұмыс істеуінің нақты жағдайына тән алғашқы деректер негізінде тестілеу алдымен болжанады.

   2. Экстремальды жағдайда тексеру. Бұл жайттағы тестілік деректер дегеніміз – алғашқы деректер жиынының шегаралық мәндері. Бұл жиын программа дұрыс жұмыс істеуі тиіс алғашқы деректерден тұрады. Өте кіші немесе өте үлкен сандар және деректердің болмауы мұндай деректердің типтік мысалдары болып табылады.

 Программа қате деректерді дұрыс деректер ретінде қабылдап, дұрыс нәтижеге ұқсас, бірақ қате нәтиже беретін жағдайлар ең нашар жағдайлар болып есептеледі.

   Программа өзі дұрыс өңдей алмайтын кез келген деректерді теріске шығаратын болуы тиіс. Программаның тестілеуден толық өтпеу себебі ол программа құруда кеткен қателіктерден туындайды. Сол үшін программалаушы кездесетін қателіктердің түрлерін біліп, оларды жіктеп отыруы керек.

  Программалауда кездесетін қателіктер

   Компьютерде есеп шығарудың барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, есептің қойылуынан бастап, дайын жобаға айналғанға дейін қателіктер жіберіледі.

   Мысалы, есептің дұрыс қойылмауы, есепті шығару үшін құрылған алгоритмнің дұрыс болмауы, логикалық қателіктер кететін жағдайларды дұрыс есепке алмау, семантикалық және синтаксистік қателер, операцияларды орындау кезінде кететін қателіктер, деректерді беруде жіберілетін қателіктер, енгізу-шығару кезінде кететін қателіктер болады.

   Әдетте, синтаксистік қателіктер трансляциялау кезінде байқалады. Ал, алгоритмдік қателіктерді программалаушының түпкі ойын білмегендіктен, оны транслятор таба алмайды. Сондықтан, компьютердің синтаксистік қателіктер туралы хабарының болмауы программаның дұрыстығына кепілдік бере алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет