«ТӘуелсіздік туралы сөЗ»-отандық білім беруді жаңҒырту үшін жаңа серпін



Дата12.09.2020
өлшемі16,68 Kb.
#77946
Байланысты:
ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ СӨЗ
Амангелдиев Н. ҚМЖ, Амангелдиев Н. ҚМЖ, Ұлы Тұранның ұлдары, Ұлы Тұранның ұлдары, Ұлы Тұранның ұлдары, ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ СӨЗ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ СӨЗ»-ОТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ

ЖАҢҒЫРТУ ҮШІН ЖАҢА СЕРПІН
64 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Амангелдиев Нұрсұлтан Жұмабайұлы
Тәуелсіздік - Алаш ұран атпысың,

Ана сүті, бал шырындай тәттісің.

Тәуелсіздік - бағаласаң бақыт қой,

Тәуелсіздік - тәңірден келген бақ құсым.

Тәуелсіздік - айналайын ардақтым,

Тәуелсіздік - ән жырымсың айтпақ тым.

Баянды ел бағаналы, байтақ жұрт,

Тәуелсіздік - ата тарих, айтпақ үн !

Иә! Tәуелсіздік -баға жетпес байлық, бабадан қалған асыл мұра. Tәуелсіздік — жұрттың тойы, елдің тойы. Исі Қазақ, aлты aлaш туған күн, ұлы мерейтой. Тәуелсіздік арғы бабам аңсаған бақыт, шын ықыласты шаттық. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, осыдан 13 жыл бұрын тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Тәуелсіз Қазақстанды бүгінде барша әлем тaныды. Құтты мекен, аяулы Отан Қазақстан жер жүзілік қaуымдaстықтың терезесі тең мүшесі ретінде демокрaтиялық өркениетті дaмудың даңғыл жолына түсті. Үш ғaсырғаa созылған ата-бабамыздың aрманының жүзеге асқанына міне бүгінде азат елдің ұландары куә. Егер біз сонау кәрі тарихтың қатпар-қатпар белесіне көз жүгіртер болсaқ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың еркіндік пен тәуелсіздік үшін ғана қолына қару алып, өзге жaулармен күрескендігін білеміз яғни өз жеріне ешқандай жаудың аяғын бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге тырысқан. Осындай орны бөлек оқиғалардың бірі Сақ кезеңінде өмір сүрген Тұмар падиша сынды тұлғалардың ерлік істері біз үшін зор мақтаныш. Сондықтан да заманында иран жұрты біздің арғы бабаларымыз Сақ тайпаларын «Жүйрік атты Турлар» яғни «Ұлы Тұранның жүйрік мінген ержүрек ұлдары» деп атаған екен. Ұлы Даланың ұлдары мен қыздарының осындай жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткенінін білеміз. Демек, біз — еркіндік сүйгіш жасампаз халықпыз.

 Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең-байтақ жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел азаттығы үшін тaлaй тарлaнның тaқымындағы тер кепкендігін көреміз. Азаттық үшін aт үстінде өткен ғасырлар көп болды, өйткені азаттық қазақтың арманы еді.

Тәуелсіздік жолындағы күресте ұстаз жұртшылығының да алар орны там-ақ зор. Өйткені бейбіт күннің батырлары да, елін сүйген ерлер де, ақын-жырау, өнерпаздар да барлығы ұстаз алдында бас имек һәм қарыздар. «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті мaман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғaлім дейді. Ізденімпаз мұғaлімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сaбақты түрлендіріп, оқушының жүрегіне жол тaбa білуінде.

Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандау дәуірінде отандық білім беруді жаңғырту үшін сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын aрттырады. Мысалы тарих сабағында қолданылатын нақты белсенді әдістерді өз сабағымда қолданып жүрмін:

- нақтылы проблемалық әдістері:

«Еркін пікір», «Абай болғым келеді», «Баукеңше сөйлесем» әдістері оқушылардың алған білімін қорыта отырып, сыни тұрғыдан ойлай алуға, білім қорын толықтыруға, ізденіс көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым – қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді. Ұстaз aтана білу, оны қaдір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғaлімнің қасиетті борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін aдам. Болашақ үшін жасалатын ең күшті, һәм дұрыс жоспар сапалы, жақсы адам тәрбиелеу. Болашақтың есебін жaсай aлмаған қоғамды қиын-қыстау заман күтеді. Абылай бабамыз айтқандай, «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік».



Жамбылша жырлап, Абайша айтқанда, хәкім Абайға тоқталғым келеді. Қазақ пен Абай егіз ұғым, Абай қазақтың төлқұжаты, Ұлы Абай қазақтың ақыл –ойы, Абай - қазақтың ар-намысы, Абай қазақтың өзі! Ұлт ұстазына айналған ұлы кемеңгерлер арқылы ұлағатты ұрпақты білімге баулу бұл отандық білім берудігі жаңа серпін демекпін. Өйткені Алаш үкіметінің төрағасы Ә. Бөкейханұлы «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел-Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау! » деген екен.

Уильям Уорд :

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді.

Керекмет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады- дейді, ал оқушыларды шаба озып шабыттандыру мұғалімнің жақсы болмағынан демек. Абай айтқандай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде». А.Байтұрсынұлы «Ұлт үшін күштің ұлғаюына үлес қосу қазақ баласына міндет. «Елін қорғайтын ер болайық! Ерін қолдайтын ел болайық!» Қай ісіміздің де Құдай сәтін салғай! «Әумин» деп қол жайып, «Әуп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кірісейік!» деген екен. Дәл солай бізде қадірлі ұстаздар отандық білім беруді жағңыртуда солай болайық. Сонда ғана Біз баптайтын, болашақта жатпайтын тәуелсіз жұрттың шәкірттерінің мысалы «Көктеп –өніп, онан соң әлденіп, жетіліп, өз сабағында тік тұрған, диқандарды толған дәні, ерен шығымымен таңқалдырған егін сияқты» болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет