Тұңғыш рет қазақстан президентінің бүкілхалықтық сайлауы



бет1/3
Дата07.12.2022
өлшемі42,38 Kb.
#161711
  1   2   3
Байланысты:
Документ (1


Мазмұны

  • Тұңғыш рет қазақстан президентінің бүкілхалықтық сайлауы

  • «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы

  • ҚР мемлекттік рәміздері: Ту, Гимн, Герб

  • ҚР Конституциясы


1989 жылы 22 маусым күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін жыл өтпей жатып Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін қоса атқарды. Ол коммунистік және советтік билік номенклатурасының барлық сатысынан өткен болатын.
1990 жылы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.
1991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Бұл сайлауға кандидат болып түскен жалғыз адам - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды.
Ресми мәлімет бойынша, алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Содан бері Назарбаев Қазақстанды үздіксіз басқарып келеді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болды.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялы және құқықтық мемлекет деп танылды.
ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 7 тараудан, 18 баптан тұрды.
Бірінші тарауы ҚР Тәуелсіз мемлекет деп аталады. Бұл тарауда ҚР тәуелсіз, демократиялы, құқықтық, унитарлы мемлекет және ҚР барлық мемлекеттер мен өзара қатынасын халықаралық принциптері бойынша құрады, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық делінген.
Екінші тарауында, ҚР халқы мен азаматы туралы айтылған. Халық бұл мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Азаматтардың тең құқықтылығына қастандық жасау заң бойынша жазаланады.
Үшінші тарау, ҚР мемлекеттік өкімет органдары деп аталады. Мұнда заң шығарушы билік Жоғарғы Кеңес құзырында, ал атқарушы билік Президент, Сот билігі ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты болып табылады.
Төртінші тарау ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері туралы жазылған. Онда жер, оның қойнауы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады делінген. Бесінші тарауда, ҚР дүниежүзілік қауымдастықтағы мүшелігі туралы айтылған.
Алтыншы тарау – ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау.
Жетінші тарау – Қорытынды ережелер [10, 12 б].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет