Тфп21-021-2к бегимханова Мадина Тарихи ескерткіштер



Дата08.02.2022
өлшемі16,73 Kb.
#123897
Байланысты:
Тарих 10 сабақ


ТФП21-021-2К Бегимханова Мадина
Тарихи ескерткіштер, ұлттық келісім және демографиялық реформалар – Қазақстан халқының азаматтық таңдауы
"Тарихи ескерткіштер, ұлттық келісім және демократиялық реформалар - Қазақстан халқының азаматтық таңдауы" кітабы бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылғы 6 маусымда Ақмолада өткен Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясына сөйлеген сөзінің мәтіні.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы 1 наурызда құрылды. Ассамблея Қазақстан қоғамында айрықша оң рөл атқаратын беделді қоғамдық институт мәртебесін растады.
Қазақстанның дамуы ұлттық келісімге, ұлттық қарым-қатынасқа байланысты екені барлығыны түсінікті. Сол себептен бұл қазақ халқының таңдауы болып табылады. Ұлттық келісімде әр адамнын, жеке тұлғаның құқы сақталуы тиіс. Бұл елдегісаяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады. 
Қоғамның қалыптасу ортасындағы заңдарды орындамау жағдайында адамдардың қарым - қатынасын көз алдыңа елестету қиын . Қоғамда адамдардың жүріс - тұрыс және заңнама ережелері бұзылған жағдайда ол әлемдік қалыптасудың тұрақсыздануына мүмкіндік туғызады және қоғамдық дағдарысқа алып келеді . Қоғамдық өмірдің жан жақты дамуы , ауыспалы жоспарларды іске асыру әлемдік және өркениетті әдістерді қолданғанда ғана нәтиже беретіні баршаға мәлім .
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғаудың және пайдаланудың мақсаты мен міндеттері
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғаудың және пайдаланудың мақсаты оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды, кеңінен танытуды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғаудың және пайдаланудың міндеттері:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, зерттеу және олардың жай-күйін мониторингтеу;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
4) археологиялық жұмыстар мен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізген кезде тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулет-көркемдік келбетінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет