Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу пен үйлестіру және



Дата02.07.2018
өлшемі34,64 Kb.
#46053


№ исх: 11-5/477 от: 28.12.2017

№ вх.09/1650 от: 28.12.2017







Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрінің бұйрығына 1-қосымша
2017 жылғы ______________ №




Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу пен үйлестіру және

қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу мен үйлестіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ______ сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) әріптестік туралы негіздемелік келісімдер – Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер;

2) бағдарламалық жоба – институционалдық дамуға бағытталған, сондай-ақ республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінде бюджеттік қолдау ретінде сыртқы қарыздар қаражаты есебінен іске асырылатын іс-шаралар жиынтығы;

3) бюджеттік инвестициялық жоба – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда бар объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;

4) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан қорытындысы;

5) грант – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;

6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары – әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыз беру есебінен іске асыру жоспарланған жобалар;

7) мандат-хат – әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде келісілген шарттармен жобаны іске асыру үшін кредиттік және (немесе) гранттық қаржыландыруды ұсыну мүмкіндігі туралы халықаралық қаржы ұйымының ниет білдіру хаты;

8) Үйлестіру кеңесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі;

9) үкіметтік қарыз жобалары – әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыз беру есебінен іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық және бағдарламалық жобалар;

10) үшжақты келісімдер – негіздемелік келісімдер шеңберінде нысаналы даму трансферттері мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландырылатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілетін қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жасасатын келісімдер;

11) халықаралық қаржы ұйымы (бұдан әрі – ХҚҰ) – Қазақстан Республикасының Үкіметіне сыртқы қарыз және (немесе) грант түрінде, заңды тұлғаларға қарыз және/немесе кредит, кредиттік желілер, грант, техникалық көмек түрінде қаржылық немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасында көзделген, Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды қоса қаржылландыруды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын.

4. Қоса қаржыландыру мынадай:

1) бюджеттік инвестипциялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – БИЖТЭН) әзірлеу немесе жүзету, қажетті сараптамаларын жүргізу;

2) ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау және сүйемелдеу;

3) бағдарламалық жобаларды іске асыру;

4) БИЖ іске асыру;

5) техникалық көмек көрсету іс-шараларын іске асыру;

6) нысаналы даму трансферттері түрінде үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту;

7) ХҚҰ-ны тарту арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жолбаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

7-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту;

5. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 614 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісім шеңберінде іске асырылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы Техникалық ынтымақтастық бағдарламасын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 605 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы қол қойылған меморандум шеңберінде іске асырылатын Азия Даму Банкімен бірігіп тәжірибе мен білім алмасу бағдарламасын қамтиды.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының дамуына және ынтымақтастық бағдарламасына енуі жоспарланған және оларды жүзеге асырудың орындылығын айқындау үшін жоспарланған халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын барлық жобалар үйлестіру кеңесінің мақұлдауына жатады.

7. ХҚҰ-дан мандат-хат пен 2016 жылғы 21 шілдедегі Ұлттық экономика министрінің №327 бұйрығына сәйкес құрылған жұмыс тобының оң қорытындысы жобаның Үйлестіру кеңесі мақұлдауы үшін негіз болып табылады.

8. ХҚҰ толығымен немесе ішінара қаржыландыратын мемлекеттік, оның ішінде өңірлік және (немесе) қалалық және/немесе жеке секторлардың ұйымдары үшін тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және/немесе қызметтер көрсетуге арналған кез келген шарт бойынша сатып алу Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше қағидалар белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2-тарау. Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі

9. Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі әріптестік туралы серіктестік туралы келісімдер шеңберінде ХҚҰ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалардың тізбесін қалыптастырады және оны кейіннен Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

10. Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалардың қаржыландырылуын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.

11. Үкіметтік сыртқы қарыз алынған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі Қазақстан Республикасы ХҚҰ-мен қарыз туралы келісім жасасады.

Грант тартылған жағдайда, техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісім жасалады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері қарыз тартқан жағдайда, үшжақты келісімдер жасалады.

Үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын іске асыру үшін қажетті келісімдердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түрлерін жасасуға жол беріледі.

12. Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы қағидалардың 4-тармағында көзделген бағыттар бойынша жобаларды РБК мақұлдаған жобалардың тізбесі негізінде қаржыландырады.

13. 2013 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген қайта құру және даму үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық банкі арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес ХҚҰ ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау және қолдауға бағытталған жобаларды бірлесіп қаржыландыру 13. 2013 614 № және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға нысаналы даму трансферттер түрінде жүзеге жоспарланған жобалар тізбесіне сәйкес, бюджеттік бағдарлама әкімшісіне көзделген үшжақты келісімдер аясында квазимемлекеттік сектор қарыз пәндер бойынша жобалар.

14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі - ББӘ) ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындауды және сүйемелдеуді немесе әзірлеуді, техникалық көмек іс-шараларын іске асыруды және ХҚҰ-ны МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға тартуды қамтамасыз етеді.


3-тарау. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау мен сүйемелдеуді қаржыландыруға арналған қаражатты пайдалану тәртібі

15. ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде жоспарланатын үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау және сүйемелдеу – бұл техникалық-экономикалық зерттеуді әзірлеу; ХҚҰ айқындайтын тәртіппен тендерлік рәсімдер жүргізу бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар.

16. Ынтымақтастық бағдарламалары есебінен іске асыру жоспарланатын үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау мен сүйемелдеуді қаржыландыру үшін ХҚҰ-ның мандат-хаты, мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытынды негіз болып табылады.

17. ХҚҰ мен мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларының шеңберінде дайындалуы мен сүйемелденуі қаржыландырылатын үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын Үйлестіру кеңесі мақұлдайды және олар ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.

18. ББӘ дайындалуы мен сүйемелдекуі Үйлестіру кеңесінде мақұлданған ХҚҰ-мен ынтымақтастық бағдарламаларының шеңберінде қаржыландыруға жататын жобалардың тізбесін қалыптастырады және бюджеттік заңнамаға сәйкес РБК қарауына жібереді.

19. Жобалар бойынша көрсетілетін қызметтердің негізділігін есептеу ХҚҰ рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

20. ББӘ ХҚҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімдерде көзделген тәртіппен ХҚҰ-ның банктік шотына аудару жолымен ақша қаражатын ХҚҰ-ға береді квазимемлекеттік сектор субъектилерінің жобаларын сүйемердеуге арналған.

Банктік шотқа аударылатын барлық қаражат аударымдары ХҚҰ-ның, бюджеттік бағдарлама әкімшісіне төлем тапсырмасын ұсынуы бойынша жүргізіледі.

ХҚҰ-мен ынтымақтастық туралы келісімінің ережелеріне сәйкес ХҚҰ шоттың басқарушысы және оған билік етуші болады.
4-тарау. БИЖ, бағдарламалық жобаларды және техникалық көмек көрсету іс-шараларын іске асыруға арналған бағыттар бойынша қаражатты пайдалану тәртібі
21. Үкіметтік қарыз жобаларын және ХҚҰ-дан байланысты гранттарды тарту арқылы жүзеге асырылатын техникалық көмек корсету іс-шараларын (бұдан әрі - техникалық көмек көрсету іс-шараларын) қоса қаржыландыру бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

22. ББӘ үкіметтік қарыз жобаларын және техникалық көмек көрсету іс-шараларын қаржыландыруды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.


5-тарау. Үшжақты келісімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін қаражатты пайдалану тәртібі
23. Үшжақты келісімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар) қоса қаржыландыру үшжақты келісімге қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

24. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларда белгіленген тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар бойынша қажетті құжаттаманы әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.

25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға сәйкес бюджеттік инвестициялар бөлінісінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларын қарайды және экономикалық қорытынды дайындайды.

25. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі:

1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалар тізбесі бар бюджеттік өтінімді және олар бойынша шығыстар сомасын;

2) жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды;

3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерін;

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындыларын;

5) тиісті жергілікті атқарушы органның салалық қорытындысын;

6) ТЭН және ТЭН-ге кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысын не жобалау-сметалық құжаттаманы және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын тиісті орталық мемлекеттік органға ұсынады.

27. Тиісті ББӘ осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қоса, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды қоса қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасына сәйкес РБК қарауына жібереді.
5-1 тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған қаражатты пайдалану және бөлу тәртібі
27-1. Тиісті АБП Бюджеттік инвестициялар туралы ережеде белгіленген тәртіпте квазимемлекеттік сектор субъектілерін қарызға алу туралы жобалар үшін қажетті құжаттарды дайындайды және оны орталық уәкілетті мемлекеттік жоспарлау органына жібереді.

27-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялар контексіндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің квазимемлекеттік сектор субъектілерін қарызға алу жобаларын Бюджеттік инвестициялар туралы ережеге сәйкес қарайды және экономикалық есепті дайындайды.

27-3. Тиісті АБП бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынаны ұсынады:

1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің объектілер бойынша қарыз алу бойынша жобалар тізбесі мен олар үшін шығындардың мөлшері туралы бюджеттік өтінім;

2) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар;

3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелері;

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органың мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындылар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарлан бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындылар, атын;

5) тиiстi орталық мемлекеттiк органның салалық қорытындысы;

6) жобалық-сметалық құжаттама және жобалық-сметалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың кешенді қорытындысы (бар болса).

27-4. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу жобаларының тізімін қалыптастырып, осы Ережелердің 9-тармағына сәйкес РБК қарауына жібереді.


6-тарау. ХҚҰ тарту арқылы МЖӘ, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға арналған қаражатты пайдалану тәртібі
28. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды МҚҰ тарту жолымен дайындау серіктестік туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі рамалық келісім жасасқан, МҚҰ процедураларына сәйкес (соның ішінде кеңес берушілер, олар тартқандар) МҚҰ көрсететін қызметтер болып табылады.

Концессиялық жобаларды қоса алғанда, МЖӘ жобаларын дайындау бойынша қызметтерге концессиялық ұсыныстарды немесе жобалық концепцияларды, тендерлік құжаттарды, МЖӘ келісімшарттарының жобаларын немесе концессиялық келісімшарттардың немесе олардың бөліктерін әзірлеуді, тиісті ұсыныста берілген концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалауды, сауда-саттыққа қатысушымен келіссөздер жүргізу барысында кеңес беру қызметтері.

МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтер концессиялық ұсыныстарды немесе жобаның тұжырымдамаларын, конкурстық құжаттамаларды, МЖӘ шарттарының жобаларын немесе концессия шарттарының жобаларын не олардың жекелеген бөліктерін әзірлеуді, тиісті конкурстық өтінімде ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалауды, конкурсқа қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтиды.

Егер 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Бюджеттік заңнаманы жаңғырту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне дейін БИЖ, БИЖ ТЭН, ҚЭН инвестицияларының инвестициялық ұсынысына, концессиялық жобалардың концессиялық ұсынысына экономикалық сараптама қорытындысы, сараптама қорытындысы немесе эклономикалық қорытынды берілген жағдайда, сонымен бірге МИЖ сәйкес бюджетте қарастырылған жағдайда (қаржыландыру түрі мен тәсілі анықталған), онда ББӘ-не МИЖ инвестициялық ұсынысын әзірлеу талап етілмейді.

30. ХҚҰ-ның МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды жүзеге асыруы кезіндегі міндетті шарты, МЖӘ жобаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындаған концессиялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны тарту болып табылады.

31. Республикалық МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

32. Жергілікті МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыру бөлінетін бюджеттік бағдарлама шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүргізіледі.

33. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау үш кезең мен жүзеге асырылады:

1) МЖӘ жобасының тұжырымдамаларын немесе концессиялық ұсыныстарын әзірлеу және іріктеу;

2) МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың қажетті сараптамаларын жүргізу;

3) жекешелік әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша конкурстық рәсімдер және МЖӘ шартын немесе концессия шартын жасасу.

34. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жергілікті МЖӘ жобалары, оның ішінде дайындауды қажет ететін концессиялық жобалар бойынша ұсыныстар әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.

35. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті МЖӘ жобалары, оның ішінде дайындауды қажет ететін концессиялық жобалар бойынша ұсыныстарды қарайды және тиісті орталық мемлекеттік органға жібереді.

36. ББӘ жергілікті МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, бюджеттік өтінімді Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес РБК қарауына жолдайды.

37. Республикалық МЖӘ жобалар, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша ББӘ МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес РБК қарауына жолдайды.

38. Жергілікті және республикалық МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауды қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:

1) МЖӘ жобасының немесе концессиялық жобаның атауы;

2) бюджет қаражатын алушы туралы ақпарат;

3) көрсетілетін қызмет түрлері және олардың құны;

4) мемлекеттік инвестициялық жобаның (концессиялық жобаны дайындау кезінде) инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындының нөмірі мен күні.

МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаны қоса қаржыландыру болған жағдайда, ХҚҰ тарапынан қоса қаржыландырудың көлемін және қоса қаржыландыруға жататын қызмет түрлерін көрсету қажет.

Бюджеттік өтінімге:

1) мынадай негізгі мәліметтер:

көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;

қызметтер көрсетудің мерзімдері;

қызметтер көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары) көрсетілуге тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы;

2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметтердің негізділігін есептеу ХҚҰ беретін бағаларға сәйкес жүзеге асырылады.

39. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бойынша жобалар тізбесін қалыптастырады және оны РБК қарауына шығарады.
7-тарау. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілік беру тәртібі
40. ББӘ ҰӘМ іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы есепті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.

Есепке орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның бірінші басшысының орынбасары қол қояды.

Бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есеп мындай:

1) бекітілген жоспарға/кестеге сәйкес іс-шаралардың нақты орындалғаны туралы (нәтижелерге қол жеткізілу сатылары);

2) нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептері туралы ақпаратты қомтуы тиіс;

3) жоба бойынша қаражатты игеру ТЭН/ҚЭН/Бағдарламалық құжатта көрсетілген жоспардан/кестеден кешіктерілген жағдайда, оның себептері, сондай-ақ ұсынылатын шешу жолдары корсетіледі.



Жобаны іске асырудан тусетін әлеуметтік-экономикалық пайда туралы есеп.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет