«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының



бет1/23
Дата12.10.2023
өлшемі161,17 Kb.
#184980
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1 samruk kazyna trust kқ қajyrymdylyқ kөrsetu zhәne monitoring
1-модуль




«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының
2021 жылғы «___» __________ №_____/_____ хаттамасына қосымша






«Samruk-Kazyna Trust» КҚ
қайырымдылық көрсету және мониторинг жүргізу
ЕРЕЖЕСІ

Нұр-Сұлтан қ. 2021 ж.
МАЗМҰНЫ



1.

Жалпы ережелер..…………………………………………...

3-5 бет

2.

Қайырымдылықты жүзеге асыру тәртібі ...………………

6-11 бет

2.1.

Әлеуетті пайдаланушылардың өтінімдері бойынша қайырымдылық жобаларын қарау және бекіту тәртібі ..……

6-бет

2.2.

Корпоративтік қор жеке бастамашылық жасайтын қайырымдылық жобаларын қарау және бекіту тәртібі ……..

7-8 бет

2.3.

Шарт жасау тәртібі ..................……………………………….

8 бет

2.4.

Пайдаланушымен Шарт талаптарын өзгерту тәртібі .....……

8-10 бет

2.5.

Пайдаланушылар іске асыратын жобалар бойынша қайырымдылық көмек көрсету тәртібі ..……………………...

10 бет

2.6.

Корпоративтік қордың жеке қайырымдылық жобаларын іске асыру тәртібі …………………………………………………...

10-11 бет

2.7.

Корпоративтік қордың жеке қайырымдылық жобалары аясында жасалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шартының талаптарын өзгерту тәртібі ………………………………………………………….

11 бет

3.

Қайырымдылық көмекке мониторинг жүргізу ………………....

11-14 бет

4.

Есептілік....…………………….……………………………....

14 бет

5.

Құжаттарды мұрағатқа тапсыру...…………………………

14-15 бет

6.

Қорытынды ережелер.............……………………………….

15 бет

7.

Қосымшалар……………………………..……………………

16-57 бет




  1. Жалпы ережелер

1. Осы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының Қайырымдылық көрсету және мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) 2016 жылғы «28» қаңтардағы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысындағы № 126 хаттамасымен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ Қайырымдылық саясатына (бұдан әрі - Саясат) және «Самұрық – Қазына» АҚ тобының Қайырымдылық бағдарламасына (бұдан әрі - Қайырымдылық бағдарламасы) сәйкес әзірленді.


Ереже қайырымдылық жобаларды қарау, қаржыландыру және оларға мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
мұрағат - аяқталған қайырымдылық жобалар бойынша құжаттар жинағын сақтау орны;
банк шоты - Корпоративтік қордың қайырымдылық көмегінің ақшалай қаражатының қозғалысын бақылау үшін екінші деңгейдегі банкте ашылған теңгедегі есеп айырысу шоты;
бенефициар - қайырымдылық жобасы аясында өмірдің әлеуметтік қолайлы сапасын қолдауға бағытталған қайырымдылық көмектің түпкілікті игілік алушысы;
қайырымдылық - қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, демеушілік және меценаттық қызмет түрінде ерікті, өтеусіз немесе жеңілдік шарттарымен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;
қайырымдылық жобасы - Қайырымдылық саясатында және Қайырымдылық бағдарламасында көрсетілген бағыттар бойынша мәлімделген шығындар сметасы мен мерзімі аясында қайырымдылықты жүзеге асыру үшін пайдаланушы және/немесе Корпоративтік қор бастамашылық жасаған іс-шаралар кешені;
Қор тобы - дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы компанияларға тиесілі Қор, компаниялар, олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы компаниялардың аталған еншілес ұйымдарына тиесілі заңды тұлғалар, оларға қатысты Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңында арнайы құқықтық жағдай белгіленеді;
Шарт - қайырымдылық көмек көрсету туралы шарт, оған сәйкес Корпоративтік қор пайдаланушыға қайырымдылық көмек көрсетеді;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет